Жоба туралы

Oner.kz өнертанымдық порталына қош келдіңіз, ізгі ниетті оқырман!  Негізінен танымдық және ақпараттық бағыттағы бұл портал қазақ өнері туралы бар дүниені бір орталыққа жүйелі түрде жинақтап ұсынуды көздейді.
 
Ондағы мақсат:
  • ұлттық өнеріміз туралы ана тілімізде толыққанды базалық ақпараттық, теориялық, тарихнамалық, сыни негіздегі орталық қалыптастыру;
  • ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, бүгінгі таңда жүріп жатқан мәдени-рухани процестер, Қазақстан өнеріндегі соңғы жаңа тенденцияларды кәсіби сараптау;
  • жаңа көркем туындылардың рухани айналымға түсуіне ықпал ете отырып, талғам деңгейін көтеру;
  • руханият, өнер саласында жазатын жаңа көзқарасты жас буынды қолдау.
 
Oner.kz  -  қоғамның өзін-өзі тануына, зерделеуіне ықпал етіп, көркемдік ізденістер көкжиегін кеңейтуге бастайтын өнерді сүйетін қауым үшін қызмет етеді.