Экран туындысының жаңа форматы - телесериал табиғаты

  • Телесериалдың жалпы сипаттамасы және түрлену құбылысы
  • Алғашқы телесериалдардың  пайда болуы  және даму сатылары

Аддамстар отбасы (1964)

Ержан ЖҰМАБЕК

Кинотанушы


Телесериалдың жалпы сипаттамасы және түрлену құбылысы

Экран өнерінің  (кинематограф, телевидение, видео және басқа да бейнелік көрініс өнімдері) қазіргі таңдағы алуанқырлы өнімдері техникалық қарқынды жетістіктердің  небір тосын технологиялық күрделі құрылымдары арқылы  көрерменге әсер етудің жаңа тәсілдерін меңгерді. Бұл саладағы ізденістер үзіліссіз жалғасуда. Экран туындыларына өнер тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, тіпті, көпшілік жағдайда, өндірістің қаржылық жағынан пайдалы өнімдер саласы ретінде бағалау сатысына деген көзқарас басымырақ түсіп отыр деуге соңғы жылдар көлемінде қарқын алып келе жатқан сериалдар өндірісі дәлел бола алады. Жаңа ғасыр басындағы электронды технология тәжірибелері мәдени ағымдар салаларының өзара байланысын күшейте түсті. Жиырмасыншы  ғасырдағы кинематограф, телевидение, видео өнімдері  аудиовизуальды ақпараттың көркемдік формасының небір ғажайып мысалдарын дүниеге әкелді. Экран өнері шын мәнінде өзінің синтездік өнер ретіндегі табиғатын  дәлелдей отырып, тереңнен келе жатқан барлық өнер салаларының ең үздік суреттеу тәсілдерін үйлестіре алғандығымен көпшіліктің назарын  аудара алды.

Қазіргі көрермен күн сайын, сағат сайын, минут сайын жан-жақтан ағылып жатқан ақпараттық тәсілдер нәтижесінде жаңа туындылардың жаңа формаларын қабылдауға мәжбүр. «Телевидение» құдіреті көрерменге таңдау, талдау, сұрыптау, бағалау сәттеріне тым аз мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, бар жоғы он минуттық хабар немесе басқа да телевидение өнімдері (ток-шоу, клип, жарнамалық ролик, деректі фильм, хроникалық сюжеттер) арқылы көрермен аз уақыт аралығында шамадан тыс соншама көп информация алады. Дүниенің төрт бұрышында болып жатқан тосын жаңалықтар, саяси толқулар, дипломатиялық кездесулер, жаңа тауарлардың түрлері, музыка әлеміндегі жаңалықтар, телесериалдар... бұл тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады. Телевидение өнімдерінің осындай санқырлы түрлеріне қызығушылықтың салдарынан бүгінгі белсенді көрерменнің қалыпты өмір сүру ритмі де көп өзгеріске ұшырады.

XXI – ғасырдағы әлем  келбетіне жалпылай көз тігер болсақ ақпараттық технология қарқынды дамып, аз уақыт ішінде түрлі төңкерістер мен эксперименттер жасалып, ескілік тарих қойнауында қалып, жаңа форматтар, түсініктер, ағымдар заманға сай ерекше тәсілмен жасалып жатқанын бақылай аламыз. Соның ішінде экран өнерінің бір бағыты болып табылатын телесериалдардың алғашқы көрсетілімі 1947 жылы пайда болғаннан бері үздіксіз  даму үстінде. Қанша атақты, сәтті телесериалдар жасалғанымен, жылдар өткен сайын бұл өндіріс ешқашан тоқтамақ емес және техникалық, көркемдік, шығармашылық ізденістердің арқасында әлі де жаңа, тың дүниелер өмірге келетініне күмәніміз жоқ.

Ең алдымен телесериал табиғатын терең түсіну үшін әлемдік тәжірибеде қолданып жүрген терминдер мен түсініктеріне терең үңілуіміз керек.

Телесериал – телеарналар арқылы көрсетілуге арналған көптеген сериялардан тұратын көркемдік киношығарма. Телесериал шартты түрде  мынандай топтарға бөлінеді:

«Soap opera» - «сабынды опера» (мыльная опера) сценарийі түсірілім барысында үзіліссіз  жазылып, серия саны соңына дейін белгісіз болады. Телеэфирде аптасына 4-5 сериядан, дағдылы күндері көрсетіледі.

«Telenovela» - теленовеллалар (басқаша айтқанда - телевизиялық мелодрама) ереже бойынша детективті, драмалық сюжетті жиі пайдаланатын махаббат туралы сериалдар. Жалпы көлемі шамамен 200-250 сериалық белгілі нақты сюжеттен тұрады және аптасына 5 рет дағдылы күндері көрсетіледі.

Классикалық телесериалдар (ағылшынша: tv-series) түсірілімге дейін нақты сюжетке негізделген сценарий жазылады, әдетте 20-25 сериядан тұратын кезеңдермен түсіріліп, аптаның белгілі бір күндерінде немесе демалыс күндері көрсетіледі.

Көп сериалды телефильмдер (ағылшынша: mini-serie) классикалық сериалдардан негізгі айырмашылығы – сериялар санының аздығы мен нақты сюжеттік құрылымында. Оларда көбінесе әдеби шығармаға негізделіп, түсірілімге дейін сценариі түгел дерлік жазылып қойылады. Бұндай телефильмдер көбінесе кинофильмге ұқсас болып келеді де, олар салмақты көркемдік құндылыққа ие болып, өз кезеңінде мәдени құбылыс болып қалады. Мысалы: Ресей («Семнадцать мгновений весны», «Гостья из будущего», «Мастер и Маргарита», «Ликвидация», «Приключения Шерлока Холмса и доктора Ватсона», «Тяжелый песок»)

Киносериал – (ағылшынша: movie serial немесе film serial) кинотеатрларда қоюға арналған көп сериялы киношығарма. Олар 10-15 сериядан тұрып, әр апта сайын көрермендер келіп тұру үшін «ең қызық жерінде» аяқтап отырады. Сериялар 15-20 минутқа созылып, негізгі фильмнің алдында беріліп отырды. Ең бірінші киносериал 1910 жылы түсірілген бес сериядан тұратын «Арсен Люпен против Шерлока Холмса» болды. Киносериалдар әсіресе XX ғасырдың бірінші жартысында Америка Құрама Штаттарында әйгілі болды. Киносериалдардың сюжеттері атақты радиоқойылымдар мен комикстерден алынып отырып, 1929-шы жылдар мен 1956 жылдардың аралығында АҚШ-та 200-ден астам осындай сериалдар түсірілді.

Сабынды опера – телесериалдың бір жанры. Ол серия санының көптігімен ерекшеленеді, жылдар бойы түсіріліп, трансляциялана береді және айрықша жанрлық ерекшеліктері бар. «Сабынды опера» мен «теленовелла» түсініктерін шатастыруға болмайды. Құрылыңқы эпизодтарының шектеулі сюжеттік желіден тұратын өзге телесериалдармен салыстырғанда сабынды операның сюжетінің басы да, аяғы да болмайды десе де болады. Белгілі эпизодтан басталған оқиға ешқашан онымен аяқталып қоймайды. Оқиға тоқтап қалмау үшін бірнеше түрленетін эпизоды бірнеше айларға созылатын паралльелді оқиғалар әрдайым болып тұрады. Телекөрермендерді келесі эпизодты көруге қызықтыру үшін көбінесе соңғы жағы зардабы тек кейін ашылатын драмалық оқиғамен аяқталады. Сабынды операның үлкен жиілікті көрсетіліміне байланысты (әдетте аптасына бес рет) ол баяндау ырғағын баяу сақтауға мәжбүр болады. Сондықтан бірнеше эпизодты өткізіп алған немесе сериалды енді ғана көруді бастаған телекөрерменге мазмұны түсінікті болады. Сабынды операның тағы бір ерекшеліктерінің бірі драматикалық және эмоционалды құлықтағы мазмұн болып табылады.

Драматика параллельді сюжеттерде бірден емес, кезекпен кезек лап етеді де, басылады. Драматикалық сәттерді айқын көрсету үшін арнайы тәсілдер (ірі план, музыканың пайда болуы, т.б.), кейде көрерменге «көмек» ретінде әзілді сәттерде кадр сыртындағы күлкілер пайдаланылады. Сабынды операның бір кейіпкерін ойнаушы актер бірнеше рет өзгере береді, сонымен бірге сериал рейтингін көтеру мақсатында өлген кейіпкерді тірілтуі мүмкін.

Ситком (ағылшынша: situation comedy — ситуацилық комедия, қысқа: sitcom) — әрекет орны, оқиғалары ортақ, тұрақты кейіпкерлері бар комедия бағытындағы сериал. Ондай сериалдың әр сериясында оқиға аяқталып отырады. Мұндай сериал түріне әдеттегі  24-25 минут секілді уақыт шектеуі болуы шарт.

Серия (эпизод) — ой мен әрекетке байланысты сюжет немесе оның бөлігін көрсетуші сериалдың бір бөлігі.

Сезон — қандай да бір қағидаға байланысқан бірінен соң бірі жүретін сериялардың реттілігі.

Микросерия (ағылшынша: microserie) —сериалдың өте қысқа тілімі (2-3 минуты), көбінесе телесериалдың жарнамасы қызметін атқарады. Берілу тәсіліне қарай  моб-эпизодтар және веб-эпизодтар болып бөлінеді.

Клиффхенгер (ағылшынша: сliffhanger – шыңыраудағы іліну) жаңадан ашылған таңқалдырарлық фактіге түсінік бермейтін немесе жаңадан түскен қиын жағдайға қалай шиеленісетінін айтпайтын серия соңы. Клиффхенгердің негізгі мақсаты көрерменді келесі серияны көруге мәжбүрлеу. Клиффхенгердің алғашқы тарихи түсінігі «Мың бір түндегі» Шахерезада кезекті ертегісінің соңын әдейі айтпады және ол оның өмірін құтқарды. Кейбір телесериалдар телеарнадан күткен жалғасын алмағандықтан клиффхенгерлермен аяқталады. Ал кейбір сериялдар клиффхенгерді әр сериясында қолданады, олардың көрнекті мысалы америкалық «24», «Побег из тюрмы» телесериалында қолданылады. Сонда да ең басты клиффхенгерлерді кезеңнің соңы үшін сақтап отырады.

Спойлер (ағылшынша: spoiler, spoil – бұзу) көрсетілімнің қызығын бұзуы мүмкін әлі де шығып үлгермеген сериялардың сюжеті жайлы ақпарат. Кейбір спойлерлер көрермен назарын аудару үшін сериал өндірушілері таратады, ал кейбіреуі түсірілімнен алынған ақпарат. Тіпті ақпараттың жоғалуынан қашу үшін кейде серияның бірнеше варианты түсіріледі.

Спин-офф (ағылшынша: spin-off - тармақтану) - қандай да бір атақты сериалдың сериал-тармақтануы, әдетте бастапқы сериал-тегінің жанама бір кейіпкердің маңайында құрылады. Кейде бастапқы сериал-тектің приквелі немесе сиквелі болуы мүмкін. Классикалық мысалдары: «Джоуи» - спинофф «Друзей», «Принцесса Зена» - «Геракл», «Ангел» -«Баффи».

Флешбек (ағылшынша: flashback – өткенге қарау) – сериалдың өткеніне қарауға мүмкіндік беретін көркемдік тәсіл. Әдетте естеліктерді беру үшін қолданады. Бұл тәсіл «Остаться живых» сериалында қарқынды қолданылды, кейбір серияда флешбек эфирлік уақыттың көп бөлігін алып тұрды, олардың басты мақсаты персонаж мінезін ашу болды. «Остаться живых» сериалында сонымен қатар қарсы флешбекке қарсы тәсіл флешфорвард (flashforward) қолданылды, яғни болашаққа «секіру».

Пилот (ағылшынша: рilot) – пилотты сериалдың алғашқы сериясы деп көбісі қате түсінеді. Пилот – сериал арнаның кестесіне қойылардың алдында түсірілген серия. Пилоттың негізінде сериалдың болашағы жайлы шешім қабылданады. Көптеген арналар пилот түсірілімінің қағидасынан аттап өтеді.

Хиатус (ағылшынша: нiatus – өткізу) – сериал көрсетілімі кезіндегі қысқа үзіліс, әдетте кезеңнің ортасында болады. Көптеген кезеңдік сериалдар хиатусқа желтоқсанның аяғы, қаңтардың басында кетеді, өйткені бұл уақытша кезең рейтингі төмен болып саналады.

Мифология – сериалдарда ойдан құрастырылып жасалған Әлем дүниесінің тәртібі.

Процедурал немесе проседурал (ағылшынша: procedural) – әр сериясында бөлек жұмыстары жайлы айтылатын детективті сериал. Процедуралдың негізгі мақтанышы – сериалды кез келген сериясынан бастап көре беруге, кейбір серияларын өткізіп алуға болады.

Драмеди (ағылшынша: dramedy=drama+comedy) – комедия элементі бар драмалық сериал. Сериалдар әлемінде «драма» анықтамасы сериал драмалық екеніне мағына бермейді. Бұл жерде сериал көрерменді тек қана күлдіріп қана қоюға тырыспайды дегенді білдіреді.

Сай-фай (ағылшынша: science fiction, қысқ. sci-fi) — ғылыми-фантастикалық сериалдар.

Чикфлик (ағылшынша: сhick flick) — көбінесе әйелдер аудиториясына арналған сериалдар. Тәртіп бойынша мұндай сериалдар махаббат жайлы, өте эмоционалды болып келеді.  («Секс в большом городе»)

Прайм-тайм (ағылшынша: prime-time — ыңғайлырақ, жайлы уақыт) — адамдардың көп бөлігі теледидар көретін уақыт аралығы.

Таймслот— сериал көрсетіліміне арнай бөлініп қойған уақыт кеңістігі.

Рекап (ағылшынша: recapitulation (recap) — қорытынды) — ертеректе болған оқиғаны қайталау, мысалы кейіпкер естеліктері. Ашық сюжетті картиналарда қолданылады.

Филлер (ағылшынша: filler — толықтыру) —картинаның сюжеттік линиясымен байланыспайтын материал. Тәртіп бойынша сериал көрсетілімінің уақытын ұзарту үшін пайдаланылады. Кейде филлер қалыпсыз жағдайдағы кейіпкерлер қатынасын ашу үшін қолданылады.

Реран (ағылшынша: rerun) — уақыт өте келе сериалдың қайта көрсетілімі.

Ремейк (римейк; ағылшынша: remake — қайта өңдеу) — ескі сериалдың жаңа қайта өңделген нұсқасы.

Опенинг (ағылшынша: opening — ашу, қысқ. OP) —сериалды көрсетер алдындағы оның заставкасы. Кері мағынадағы сөз андинг, (эндинг; ағылшынша. ending — жабу, қысқ. EP) яғни сериалдың соңында ойналатын заставкасы.

Демо - рейтингтің түрі. Халықтың жас категориясы 18-49 жас, сондықтан жарнама берушіге сериал көрушілер 18 бен 49 жас аралығында адамдар көргені маңызды. Демо көрсеткіші бұл жағдайда 18-49-ға тең болады. Демо мынадай формула бойынша есептеледі: сериал телекөрермендерінің құрамы * 10/ елдегі белсенді телекөрермендердің жалпы саны.

Сериал рейтингісі - телесериалдың барлық көрермендерінің құрамынан саналған немесе арнайы жас категориясының құрамымен анықталған пайыздық көрсеткіш.

Үлес - дәл қазіргі уақытта теледидар көріп отырған адамдардың жалпы мөлшерінен есептелген пайыз. Жазбаларда үлес «/» (қисық сызық немесе слэш) арқылы жазылған екі сан түрінде беріледі. Жазбалардағы алғашқы көрсеткіш сериал көрермендерінің барлық мөлшерін (миллион түрінде) көрсетеді. Екіншісі сол уақытта теледидар көріп отырған көрерменнің барлық мөлшерінен алынған сериал көрушілердің мөлшері. Мысалы: 20/40. Бұл жазбада сол уақытта теледидар көріп отырған 40%  жалпы көрермен мөлшерінен 20 миллион көрермен сол уақытта сериал көрді.

Сник-пик (ағылшынша: sneak-peak) — сериалдан қырқып алынған қызықты сәттердің жиынтығы. Сериалға көңіл аударту үшін интернетке жариялауға арналады.

Субтитр (титр; французша: sous-titres — жазбалар) — нұсқалық тілдегі бейне легінің текстік сүйемелдеуі немесе түпнұсқаның аудармасы. Мысалы нашар көретін немесе саңырау адамдар үшін титрларды қосады не жарыса көрсетеді.

Фэнсаб (фансуб, фансаб; ағылшынша: fan subtitles — әуесқой субтитрлар, қысқ. fansub) — әуесқойлардың орындауындағы (бейресми таратылым) субтитрлар.


Алғашқы телесериалдардың пайда болуы және даму сатылары

Телевизиялық фильмдер тарихындағы ең алғашқы  сериалдық көрсетілім Америкада жүзеге асырылды. Нақты деректерге сүйенсек,  сериалдардың пайда болуы радиоқойылымдардан бастау алады. Бастапқы кезеңде радиоспектакль түрінде беріліп отырған сериалдық сюжеттерді үй шаруасындағы әйелдер радиодан естіп, әрі шаруаларын тындырып  дағдыланған. Радиоспектакль мәнеріндегі ең алғашқы «сабынды опера» сериалы 1932 жылы 10 қазанда («Бетти және Боб») жүзеге асырылды.  Бірінші берілімі болған «Бетти және Боб» радиоспектаклінен кейін отызыншы жылдардың орта тұсында бұл жанрдың өрлеу  сатысы кең етек ала бастайды. Сонымен бірге 30-жылдары аудиториясы америкалық үй шаруасындағы әйелдер, ал көрсетілімдердің демеушілері – сабын және жуу құралдарын өндірушілер, соның ішінде «Procter & Gamble» компаниясы болғандықтан бұл жанр түрі «сабынды опера» аталып кетті.

1947 жылы сабынды операның «A woman to remember» атты ең бірінші телевизиялық нұсқасы шықты. Сабынды опера содан кейін де радиодан біршама уақыт жалғасқанымен телевиденияның пайда болуы «радиосериал» жанрының біртіндеп жоғалуына әкеп соқтырды. Елуінші жылдар тұсында сериалдар өндірісі сандық және сапалық түрленуі жағынан жаңа қарқын ала бастайды.

Телевизиялық фильмдер өндірісінде сериалдар жанрының, әсіресе, көп тараған түрі теленовелла жанры болды. Теленовелла түсірудің  алғашқы тәжірибесі Латын Америкасында пайда болды.  Латын Америкасында «теленовелла» термині кез келген сабынды операға да кең түрде пайдаланылады. Телевизиялық фильмдердің жаңа жанры  ретінде қалыптасуының бастапқы сатысында теленовелла тек қана Латын Америкасына ғана тән құбылыс болды, алайда, көп ұзамай-ақ, сюжеттік тармақ ерекшелігімен және басқа да көркемдік тәсілдерінің күрделілігімен теленовелла жанры бүкіл әлемге кең етек жая бастайды. Телевизиялық фильмдер өндірісі жағынан мол тәжірибе жинақтаған ең бірінші кезектегі  АҚШ-та, сонан кейін көптеген европалық, азиялық елдерде дәстүрлі «сабынды операсын» басып-озып  шыға бастады.

Теленовелланың туылуын радиобағдарламадағы радионовелла (радиоқойылым) секілді жанрмен байланыстырады. Радио мен телевиденияның бірдей дерлік техникалық шарттарына қарамастан әр мемлекетте әлеуметтік-экономикалық шарттарына, қоғамдық білімнің деңгейіне байланысты бұл жаңа жанрдың ерекше түрі өзінше дамыды. Бұл өндірістердің шығарылуы мен алға жылжуына «Procter & Gamble», «Camay», «Colgate-Palmolive» секілді компаниялар өз қолдарына алды. 1940-шы жылдардың аяғы мен 1950-ші жылдардың басында Латынамерикалық елдер (Куба, Мексика, Венесуэла, Бразилия) телевизиялық бағдарламаларды көптеп шығарушы елдер болып табылады да, осы елдерде ең бірінші рет ұлттық ерекшеліктері бар сериалдар пайда болды. Алайда телевизиялық бағдарламаларды өңдеуге дейін және оны тәжірибеге енгізуге дейінгі әрекеттер тікелей эфирде жүзеге асырылды, сондықтан сериалдар телевиденияның бірінші жанры болып есептелмейді.

Теленовелла жанрындағы ең бірінші сериал бірнеше мемлекетте бір уақытта пайда болды, бірақ бірінші теленовелланың бірінші сериясы 1958 жылы 9 маусымда эфирге шықты, бұл «Colgate-Palmolive» компаниясы продюсерлік еткен «Запретный путь» атты мексикалық теленовелла болды. Басты рөлде Сильвия Дербес сомдап шықты.

1960 жылдардан бастап Венесуэла, Бразилия, Колумбия, Аргентина телекомпаниялары теленовеллар шығара бастады. Ал 1970 жылдары басқа құрлықтың көрермендері тамашалай бастады, соның ішінде бразилиялық «Globo» телекомпаниясы түсірген «Рабыня Изаура» (1979), мексикалық «Televisa» компаниясының «Богатые тоже плачут» (1979-1980) теленовеллалары он шақты жылдай әлемдік нарықта көшбасшы болып тұрды.

1980 жылдардың басында Испания, Португалия және Италия, 1990 жылдары  Греция, Израиль телевидениялары өз теленовеллаларын шығарып, әлемге әйгілі болып үлгерді.

1990 жылдардың басында ескі теленовеллалар идеясы негізінде, жаңа заманауи кейіптегі римейктер саны арта түседі. 1990-2000 жылдары теленовелла түгел дерлік интернациоланады. Бір өнімнің шығарылымына Европаның көптеген елдері, Оңтүстік Корея, Индия, тіпті Қытай секілді азияттық елдер қосылады.

Қазіргі уақытта атақты теленовеллалардың көп бөлігі Аргентина, Бразилия, Мексика, Колумбия, Перу, АҚШ, Чили және Венесуэлла секілді елдерде өндіріледі. Сонымен бірге Израиль, Ресей, Украин, Румыния, Индия, Қытай, Турция, Словения, Германия, Испания, Португалия, Доминикан республикасы, Пуэрто-Рико, Уругвай, Греция, Италия, Индонезия, Филипинде де теленовеллалар шығарылымы дамыды.

Теленовелланың әйгілігінің бір көрсеткіші ретінде бір кездері түсірілген сериалдың қайта немесе өңделіп, жинақталып  түсірілетін римейктерінің санынан байқауға болады. Ең бірінші римейк алғашқы нұсқасы 1958 жылы түсірілген «Семь Гутьерресов» теленовелласы болды, ал 1964 және 1966 жылы Бразилия мен Мексикада негізделген римейк болып шықты.

Соңғы жылдары теленовелланың өзі емес, әр мемлекеттің шартының негізіне сәйкестендіруге оңай болу үшін олардың форматтары мен оқиғалары белсенді түрде сатылып жатыр. Бұрын Мексика, Венесуэла мен Перу  теленовеллалары формат түрінде белсенді сатылса, қазір оның орнын аргентиналық және колумбиялық сериалдар басады. Мысалы «Дурнушка Бетти» теленовелласының көптеген ресми римейктері бар. Оның түпнұсқасы  1999-2001 жылдары және 2003 жылы жалғасымен Колумбияда шығарылды. Содан кейін әр мемлекеттердің экрандарында түрлі атпен, ұлттық менталитеттеріне байланысты ерекшеліктермен түсірілді: Израиль (2003), Индия (2003), Турция (2005), Германия (2005-2007), Ресей (2005-2006), Мексика (2006-2007), Нидерланды (2006-2007), Испания (2006-2009), АҚШ (2006-2009), Греция-Кипр (2007-2008), Бельгия (2007-2008), Хорватия-Сербия-Македония-Босния және Герцеговина (2007-2008), Вьетнам (2008), Чехия (2008), Филиппины (2008-2009), Польша (2008-2009), Қытай (2008-2009), Бразилия (2009).

Келесі әйгілі формат –  А. Дюманың «Граф Монтекристо» романының идеясынан алынған ең алғашқы түпнұсқа Аргентинада 2006 жылы шыққан болатын. Кейіннен оның римейктері Мексикада, Чилиде, Ресейде, Португалияда түсіріліп, бейімдеп түсіру құқығы Италия мен Испанияға сатылды. Сондай-ақ Ресейде түсірілген «Все смешалось в доме» (2007), «Маргоша» (2007-2009) атты теленовеллалар аргентиналық форматтан алынып, көптеген елдерде ұлттық нұсқамен дамыды.

Бразилияда сериалдар 1950 жылдардың басында түсіріле бастады, алайда тек 1960 жылдары ғана олар теленовелла дәстүрлі жанр ретінде танылды. Бірінші рет «TV Tupi», «TV Excelcior», «TV Banderaites» телекомпаниялары көбінесе мелодрамалық теленовеллалар түсірді, тіпті «Шейх из Агадира» (Н.Гоголь «Тарась Бульба»), «Я покупаю эту женщину» (А.Дюма «Граф Монте-Кристо») секілді теленовеллар желісі әдеби шығармалардан алынса да маңызды идеясы түпнұсқадан алыстау жатты.

1970-90 жылдары «Globo» телекомпаниясының телеөнімдері теленарықты ұстап тұрды десе де болады. Бұл компанияның теленовеллалары осы кезеңдерде ең биік рейтингті иеленіп, әлемдік нарықта сатылып, солардың негізінде Аргентина мен Чилиде римейктер белсенді түрде түсіріліп жатты. Көп жылдар бойы «Globo» компаниясының көрсетілімдерін маңызды уақыттарда көрсетілу дәстүрге айналды.

Жалпы теленовелланың дамуына фашисттік диктатура маңызды ықпал жасағандықтан олар «қызғылт» түрінде қалып қойды, олар болып жатқан мәселелерді қозғамады, тек диктатура құлдырап, демократиялық реттеу қалпына келгеннен кейін 1990-2000 жылдары тарихи теленовеллалар халықтан үлкен қолдау тапты.

1990-2000 жылдары теленовеллалар өзінің шынайылығымен ерекшеленді, әсіресе бразилиялық теленовеллаларда бірінші рет суицид, наркомания, гомосексуализм, СПИД секілді тақырыптар пайда болды. Әлеуметтік теңсіздік басқа елдердегі секілді тәтті, ертегілерше емес, шынайы көрсетілді.

Реалистік бағыт 1984-1998 жылдары шығарылған «Manchete» компаниясының теленовелларына да тән болды, бірақ, өкінішке орай шығынға ұшырап соңғы «Брида» (П.Коэльо романы бойынша) түсірілген соңғы теленовелла аяқсыз қалды. Бразилиялық теленовеллаларға сонымен бірге «SBT» және «Record» секілді телекомпаниялардың сериалдары қанық рең береді. Ол телекомпаниялар белсенді түрде мексикалық «Televisa» өнімдерін ұсынып, оның теленовеллаларын өздеріне бейімдеп түсіреді. Соңғы жылдары «Rede Record» компаниясы жоғары сапалы теленовеллалар шығарып, Бразилиядағы теленовеллалар өндірісінде көшбасшы болып келеді.

Дәстүрлі «қызғылт», «дидактикалық», «шынайы», «детективті» секілді көптеген форматтағы теленовеллалардың дамыған мемлекеттің бірі Аргентина болып табылады. Ең бірінші теленовелла Аргентинада 1950 жылы пайда болғанымен 1964-1971 жылдары берілген 800 сериялық «У любви – женское лицо» теленовелласынан кейін әлемге әйгілі бола бастады. Оны кейіннен сол елде және Мексикада қайталап түсірді. Мексикалық Вероника Кастро («Вероника. Лицо любви», «Иоланда Лухан»), венесуэлалық Майра Алехандра («Проститутка», «Валерия») Гресия Кольменарес («Ничья Мария», «Мануэла», «Девушка по имени Судьба», Катрин Фулоп («Красивое личико», «Другим путем»), уругвайлық Арнальдо Андре («Хозяйн и господин», «Неверный» «Виноградарь», «Волк»), Андреа дель Бока («Антонелла», «Черная жемчужина», «Селеста», «Моя, толька моя») және Густаво Бермудес, Габриэль Коррадо секілді телевизиялық жұлдыздардың арқасында 1980 жылдардан бастап аргентиналық теленовеллалары шырқау биікте болды. Олардың қатарына 1990 жылдары Вивиана Сакконе, Факундо Арана, Наталия Орейро қосылды. 1990-2000 жылдары Аргентинада түсірілген түпнұсқалық теленовеллалармен ғана емес, басқа елдерде түсірілетін римейктерімен белгілі болды. Мысалы: Ресейде, Украинада «Монтекристо», «ЛаЛола» («Маргоша»), «Семейки Рольдан» («Все смешалось в доме»), «Любви моей», «Притворщиков» («Корли игры») теленовелларына римейк түсірілді. Аргентиналық теленовеллалар жалғыз мелодрамалық сюжеттің үздіксіз дамуы мен бас кейіпкерді ойнаушы актердің 10 теленовеллада тұрақты ойнауымен ерекшеленеді. Аргентиналықтар үшін теленовеллалар өндірушілердің және берілетін арналар арасында бәсекеде жоғары деңгейде тұру қалыпты нәрсе.

Венесуэла – телевидения басқа мемлекеттерге қарағанда ертерек пайда болған мемлекет. Соған байланысты теленовелла секілді жанрдың дамуы да айқын нәрсе. Ең бірінші 1953 жылы «Служанка», «Расследование инспектора Ника» атты сериалдар түсірілді. Бірінші продюсерлік орталықтар «Camay», «Colgate-Palmolive» компанияларының назарында болды, алайда 1960 жылдардың ортасынан бастап бұл жанрға ұлттық телеарналар ынталы болды. Көп жылдар бойы «Радио и телевидение Каракаса» және «Виневисьон» компанияларының бір біріне бәсекесінің нәтижесінде 1970-80 жылдары Венесуэланың Ұлттық телевидениясының құрылуы жүзеге асты.

Бұл мемлекетте теленовелланың басты түрі – «қызғылт теленовелла», алайда көп жағдайда атақты көркемдік шығармалар экранизацияланды, оның ішінде ұлы венесуэлалық жазушы, әрі 1940 жылдардағы Венесуэла президенті Ромуло Гальегосаның  «Канайма», «Строптивый раб», «Донья Барбара» романдары экран бетіне көшірілді. 1990 жылдардан бастап қана «шынайы новеллалар» түсіріле бастайды. Дәлірек айтқанда 1960 жылдардың  ортасынан бастап латынамерикалық мемлекеттердің ішінен Венесуэла алғаш рет халықаралық нарықты жаулап алды. Белен Диас, Лупита Феррер, Хуан Карлос Симанкас, Майра Алехандра, Габи Эспино, Каролина Техера, Наталья Стрейнгар, Симон Пестана, Габриэла Спаник, Мигель де Леон т.б көптеген актерлер венесуэлалық және басқа да елдердің теленовеллаларына белсенді түрде түседі.

Мексикадағы теленовеллаларды өндіруші және басқа мемлекеттерге шығарушы «Televisa» корпорациясы болып табылады. Алғашқы теленовелла 1958 жылы «Colgate-Palmolive» продюсерлік компаниясының қатысуымен түсірілді, 1960-70-ші жылдары көптеген теленовеллалар «Акапулько» және «Аугусто Элиаса» студиясында түсіріліп, кейін олар «Televisa» жетекшілігіне қосылды. Кейбір теленовеллалар қатары тәуелсіз телеарналарда түсірілді.

Мексикалық тарихында ерекше орын алатын теленовеллалар мен телетеатрлар «Виневисьон» компаниясының иелігінде болды, олар өздерінің теленовеллаларын тарихи немес әдеби сюжеттер негізінде жасады. («Отверженные» В.Гюго романы бойынша (1973), «Тереза Ракен» Э.Золя романы бойынша (1977), «Мать» М.Горький романы бойынша (1980).

1996 жылдан бастап «ТВ Ацтека» телеарнасы өзінің теленовеллаларын ұсына бастады. 2000 жылы америкалық «Телемундо» арнасы мен «ТВ Ацтека» телеарнасына арнайы теленовелла түсіретін «Аргос телевисьон» продюсерлік компаниясы пайда болады.

Перуде теленовелла 1960 жылдардың басында пайда болды да, сол онжылдықтың аяғында перулік теленовеллалар әлемді жаулап алды. Әйгілі «Просто Мария» теленовелласының өзіне Аргентина, Мексика, Венесуэла елдерінде римейк түсірілді. Осы кезеңдерде Мексикамен қосылып бірнеше теленовелла түсірілді. Содан кейін теленовелланың дамуы тоқырауға ұшырап, тек 1990-шы жылдары ғана қайта игеріле бастады. Америкалық және венесуэлалық телекомпаниялармен серіктес болуы перулік теленовелланың халықаралық нарыққа шығуына жол ашты. Осы елде алғаш рет «Латинский любовник» атты ең бірінші эротикалық теленовелла түсірілді.

АҚШ-та теленовелланың таралуы тарихы Мексика, Венесуэла, Пуэрто-Риконың  «Виневисьон» және «Телемундо» секілді телекомпанияларының өнімдеріне байланысты. Сондай теленовелланың бірі Либертад Ламарке қатысуымен «Амада» болды. 1990 жылдары Венесуэла, Мексика, Испания актерлері мен продюсерлік орталықтарын тарту арқасында осы және тәуелсіз компаниялар өзінің теленовеллаларын шығара бастады. Испан тілді таратылымдардың орталығы Майами болды.

1990 жылдың басы мен ортасында «Capitalvision» испандық «TVE» компаниясымен қосылып Майамиде «Чертенка», «Гвадалупе», «Мариеленаны» түсірді. Сол жылдары «Televisa» теленовелланы бірден екі нұсқасын түсіретін арнайы жобаны жүзеге асырды. Оның бірі – мексикалық және шетелдік нарыққа, екіншісі – АҚШ-тағы ағылшын және испантілді аудиторияға арналған теленовеллалар болды. Солардың ішінде «Виновность», «Навсегда», «Империя», «Тень» атты теленовеллалары түсірілді.

1990-2000 жылдары Майамиде орналасқан «FonoVideo» продюсерлік орталығы венесуэлалық «Виневисьон» телекомпаниясы қосылып «Реванш», «Секрет любви», «Дикая кошка», «Мятежный ангел» атты мегажобаларды іске асырды.  Кейіннен «FonoVideo» өзінің өндірістік базасын мексикалық «Televisa» компаниясына пайдалануға берді, енді мексикалық теленовеллардың кейбірі АҚШ-та түсіріледі. «Аргос телевисьон» компаниясы «Телемундо» үшін теленовеллалар түсірді, «Телемундо» сонымен бірге Аргентина, Колумбия, Бразилия телекомпанияларымен серіктес.

Ресейде ұзақ уақыт бойы теленовеллалардың орнын телевиденияның тапсырысымен түсірілген көпсериалы көркемдік фильмдер басып тұрды. Бұндай өнімнің сапасы және шығыны жоғары болғанымен, бұл кеңестік телевидения үшін қиындық тудырған жоқ.

Кеңестік Одақ құлағаннан соң телевиденияның беделінің жоғарылығына, үлкен жарнамалық мүмкіндіктері мол болғанына қарамастан телевизия эфирін латынамерикалық теленовеллалар толтырып тұрды. Таңдау арзандау өнімге түсіп тұрды, алайда алғашқы «Рабыня Изаура», «Богатые тоже плачут», «Моя вторая мама», «Никто, кроме тебя» т.б. теленовеллалары тегін ұсынылды.

Ресейдегі теленовелланы өндірудің алғашқы ұмтылыстарын («Горячев и другие», «Мелочи жизни», «Петербургские тайны», «Азбука любви») түгел дерлік сәтті шықты деп айтуға келмейді, олар өндірістің дәстүрлі шарттарын орындай алмады. Тек 2002-2003 жылдардан бастап сапалы теленовеллалар шыға бастады. Олардың ішінде негізгі өндірушілер: «АМЕДИА» («Не родись красивой», «Бедная Настя», «Адъютанты любви», «Бывшая», «Талисман любви», «Грехи отцов», «Дорогая Маша Березина», «Короли игры», «Монтекристо», «Моя прекрасная няня», «Одна ночь любви», «Татьянин день». «Тридцатилетние»),  «ТТО» («Кармелита», «Кармелита: Цыганская страсть», «Ундина», «Ундина2», «Черная богиня»), «ЛЕАН-М» («Все смешалось в доме», «Дочки-матери», «Петя великолепный», «Серцеедки»), «RWS» («Атлантида», «Молодые и злые»), «КОСТА Фильм» («Кадетство», «Я лечу», «Ранетки», «Кремлевские курсанты», «Маргоша»), «ТЕЛЕФОРМАТ/ТЕЛЕРОМАН» («Принцесса цирка», «Огонь любви», «Обручальное кольцо»), «СТАР Медиа» («Два лица Аны») телекомпаниялары бар.

2000 жылдардан бастап сондай елдердің бірі «халлью» атпен белгілі болған «кәріс толқыны» бүкіл әлемді шарпыды. Аз жылдың ішінде Азияның бүкіл елдері, Қиыр Шығыс, Латын Америкасы, Солтүстік Америка Солтүстік Корея елінің телевизиялық сериалдарымен танысып шықты. Солтүстік Кореяда телевизиялық телесериалдар 1970 жылдардан бастап дамығанмен оның өндірісі соңғы жылдары қарқынды дамыды. «Ва банк», «Жемчужина дворца», «Феникс», «Осень в моем сердце», «Зимняя соната», «Лестница в небо», «Восхитительная девочка Чун-Хян», «Королева Сондок» т.б. көптеген сериалдар әлем көрермендерінің сүйікті телесериалдарына айналды. Кореяда телесериал негізгі екі бағыттағы жанрмен дамыды: «сабынды операға» ұқсас, латынамерикалық телесериалдармен салыстырғанда серия саны шектеулі, 16-дан бастап 100 серияға дейін «минисериал» форматымен, көбінесе мелодрама, драма, романтикалық комедия жанрында түсіріледі. Оның сюжеттері отбасы жайлы, туыстар арасындағы қақтығыстар, махаббат «үшбұрышы» жайлы болады. Келесі негізгі жанр – тарихи драма, Корея тарихының негізінде оқиғаларының шытырмандылығымен ерекшеленіп, оларға күрделі костюмдер мен декорация, жекпе-жек, қылышпен төбелес, салт жүріс секілді арнайы эффектілер тән.

Кейбір мемлекеттерге бұл экрандық өнер телесериал ретінде кешірек дами бастады. Соның ішінде 1980-1990 жылдардан бастап Доминикан республикасы, Колумбия, Грекия, Италия,  Израиль, Румыния, Словения, Түркия, Украина, Оңтүстік Корея, Қытай, Япония, 2000 жылдардан бастап Бельгия, Болгария, Германия, Польша, Сербия, Словакия, Словения, Хорватия, Чехия, Индия және телевизия өнері енді дамып келе жатқан бірқатар елдерде  латынамерикалық сериалдардың ықпалымен алғашқы телеөндірістерін шығарып, қарқынды дами бастады.

Теленовелланың телесериалдардың басқа түрлеріне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. «Сабынды операның» басым көпшілігі белгісіз уақытқа дейін ұзақ түсіріле беруі мүмкін. Олардың рейтингісі көп жағдайда  жарнамадан түскен пайда деңгейімен айқындалады. Ал, теленовелла өндірісі жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Арнайы сценарий жазылады. Бас кейіпкерлер, сюжеттің  өрбітілуі және жалпы сериалдың түсірілу мерзімі де нақты белгіленеді (3 айдан 8 айға дейін созылуы мүмкін).  «Сабынды операға» қарағанда теленовелла түсірілімдері павильонды сирек пайдаланады, оқиға барысы қала көшелерінде, қоғамдық жерлерде, табиғат аясында өтеді.  Әрбір сериясында кейіпкерлер әрекеті мен сюжет өзіндік жеке оқиғамен дамитын телесериалдарға қарағанда теленовеллада барлық ұзақтығында бір ғана бас сюжет болады да, қосалқы кейіпкерлердің оқиғасы содан өрбітіліп шығады. Теленовелла оқиғалары уақыт жағдайларына байланысты 2-3 фазаға, кейде 5 фазаға дейін бөлінеді, бірінші бөлімде жалғассыз алдыңғы тарих – бас кейіпкердің ата-аналарының өмірі, оның балалық шағы немесе жастық шағы баяндалады, екінші бөлімде сюжет дамиды. Оқиғаның маңызды бөлімінен  бірнеше күн, немесе ай, жыл өткеннен кейін финалы шығады. Әдетте теленовелла романтикалық мелодрама жанрында түсіріледі, аптасына 5-6 рет шығады және 22 минуттан 52 минутқа созылатын ұзақтықта 100-200 серия болады. 1950-60-шы жылдары 30 минут, тіпті 15 минутка дейін 30 серияға дейін түсірілетін болған. Бұдан ұзақтау теленовеллалар 1970-ші жылдары 650-700 серияларға дейін көбінесе Аргентинада түсірілді. Қазіргі заманғы неміс теленовеллалары 1000 серияға дейін барады.

Заманауи теленовеллаларды жанр бойынша нақты жіктеп беруге болмайды.  Көрермендер назарын ұстап отыру үшін сценаристер детективті, мистикалық, шындықтан алыс желіде жазады. Теленовелланың көркемдік ерекшеліктерін жалпы сериал форматының аса дамыған бағыты  - мексикалық  теленовеллалар мысалында қарастыруға болады.

Кең тараған дәстүрлі сюжеттік мәнердегі  «қызғылт теленовелла» оқиғасы  бас кейіпкер (бойжеткен) төңірегінде өрбітіледі. Тағдыры ауыр қыздың басынан талай қиыншылықтар өтеді. Сериалдың бастапқы сатысында ол әкесін, не шешесін жоғалтады, міндетті түрде ауқатты жас жігітке ғашық болады, сосын теленовелланың оқиғасы өрбітілген тұста жағымсыз  кейіпкерлердің  бәрі оның соңына түседі («Богатые тоже плачут», «Дикая Роза», «Белинда»). Оқиға жақсы аяқталады. Әділеттілік орнайды.

Телехикаяның «дидактикалық теленовелла» түрі  жетпісінші жылдар тұсында пайда болды. Бұл бағыттағы сипатталатын сюжеттік оқиға уақыты  Мексика қоғамындағы ауыспалы кезеңге сәйкес келеді. Оқиға дамыту барысында  қоғамдағы ең өзекті мәселелер қамтылады. Әлеуметтік жағынан қорғансыз болып келетін кедей шаруалардың өмірі сипатталады («Давайте вместе»).

«Тарихи-романтикалық теленовелла» оқиғасы мемлекеттің қалыптасуында, қоғам өмірінде орын алған белгілі бір тарихи  деректерге негізделеді.  Мексикалық  «тарихи-романтикалық теленовеллалар» желісіне негіз болған тарихи оқиғалар: көпжылғы үстем тап колониясының құлауы («Мартин Гаратуза»), тәуелсіздік жолындағы халықтық күрес («Экипаж»), түрлі саяси күштердің қақтығысы  («Истинная любовь», «Я покупаю эту женщину»), мексикалық ревалюция («Свадьба ненависти»), Мексиканың азаттығы жолындағы халық батырлары туралы («Орлиный полет», «Путеводная звезда», «Военачальники», «Дорога славы»).

Тарихи деректерге сүйеніп, ойдан шығарылған оқиғаны өрбітуге негізделген  теленовеллалар да («Дикое сердце», «Цыганская любовь») көрермен назарына ілікті.

Мексикалық телехикаялар тарихында маңызды орын алған «балалар теленовелласы»  өндірісі бүгінгі күнге дейін маңызды жанрлар қатарында жоғары деңгейде қабылданып отыр.  Аты айтып тұрғандай «балалар теленовелласына»  негіз болған оқиғалар балалар өмірінен алынады. Осы тақырыптағы алғашқы  телехикаялардың бірі «Игрушечный мир» 1974-77 жылдары 612 серия көлемінде түсірілді.  Балалар теленовелласы тарихындағы ең атақты фильм – «Искорка» (1982) болды. Балалар тақырыбындағы  теленовелла өндірісі соңғы жылдарда жаңа қарқын ала бастайды.  Жаңа теленовеллалар – «Лучик света» (2000-2001), «Личико ангела» (2000), «Мария Белен» (2001), «Рождество без конца» (2001-2002), «Да здраствуют дети!» (2002-2003), «Соучастники спасения» (2002), «Веселые ребята» (2003), «Малышка Эми» (2004), «Миссия спасения» (2004-2005), «Пабло и Андреа» (2005).

Бүгінгі таңда аса кең таралып отырған  «жастар теленовелласы»  - қазіргі замандағы Мексика жастарының өзекті мәселелерін талқыға салады. («Безумие любви» (2000), «Первая любовь» (2000-2001), «Как в кино» (2001-2002), «Игра жизни» (2001-2002), «Класс 406» (2002-2003), «Академия любви» (2003-2004), «Стань звездой!» (2003), «Мятежники» (2004-2006), «Лола» (2007-2008), «Почтовый индекс» (2007-2008), «Девчушки» (2007), «Хамелеоны (2009), «Лето любви» (2009).

Ең көп тараған тақырыптың тағы бірі - «шоу-биз теленовеллалары» соңғы жылдарда  пайда болды. Мұндағы бас кейіпкерлер - белгілі топ-модель, әнші немесе басқа да шоу-бизнес өкілдері болып келеді.  Мұндағы сюжеттік тармақтың өрбітілуі негізінен  «жастар теленовелласына» ұқсас болып келеді. Алайда, басты айырмашылығы – жастар арасындағы қарым-қатынасты баса суреттеу емес,  көңіл жадыратар күшті әсерге баса назар аударады, көп сериялары атақты орындаушылардың концерттерінен тұрады.  Осыған ұқсас «Как в кино» атты теленовелла болды, онда «ресейлік поп-музыка патшасы» кейпінде Филип Киркоров түскен болатын.

Жанрлардың тоғысуы нәтижесінде теленовелланың жаңа түрлері пайда бола бастайды. Осындай түрленудің айқын мысалдары болып табылатын  - «драмеди» - драма мен комедия бірлескен, латынамерикалық теленовеллалардың римейктерінің негізінде соңғы жылдарда ғана пайда болды («Великолепный Хуан», «Моя любовь», «Не родись красивой»).  «Мистикалық теленовелла» - сюжеті құпия оқиғалардың айналасында өрбиді. («Колдовство» (1983), «Волчица» (1998). «Детективті теленовелла» - қылмескердің іс-әрекеті тек аяғында ғана ашылатын, басым бөлігі детективті желіде өтеді («Волчья стая» (1986-87), «Хрустальная империя» (1994-95), «Навсегда» (1996), «Мачеха» (2005-2007). «Реалистік теленовелла» - алғашқылардың бірі болып «Ничего личного» (1996-97) теленовелласы болды, атақтыларының бірі «Свет женских глаз» (1997-2003).

Радионовелладан бастау алған телехикая өндірісі шығармашылық ізденіс арқылы күрделену үстінде, түрлі технологиялық мүмкіндіктерді  кең пайдаланып жан-жақты даму бағытында. Бүгінгі таңда дамуының жаңа сатыларына көтерілген телехикаялардың жаңа түрлері пайда бола бастады: нет-новелл – теленовелланың классикалық әдеби негізінде немесе Интернетті қолданушыларға сай арнайы дайындалған әдеби сценарий бойынша түсірілген, кейде нет-новелла видео және аудиофайлдан тұрады. Веб-новелл – Интернетте берілу үшін арнайы дайындалған новелла. Cell-новелл – ұялы телефондарда берілу үшін арнайы дайындалған новелла.

Қазіргі заман теленарығында телевидения киноға қарағанда өнерден алыстау, ірі кәсіптің бір түрі болып саналады. Телевидениямен байланысы бар кез келген компанияның басты мақсаты пайда табу.

Телевидения индустриясында үш негізгі қатысушы бар:

  1. Телеарналар – олар дистрибюторлар болып табылады, яғни өнімді көрерменге жеткізуші. Эфирлік арналар өз сигналдарын толқынның көмегімен тегін береді. Ондай арналарды көру үшін теледидар мен антенна ғана қажет. Эфирліктен басқа көрермен көру үшін кабельдік операторға қосылуы тиіс жүздеген кабельді және спутникті арналар бар;
  2. Продюсерлік компаниялар – олар сериалға продюсерлік етеді және шығарады. Әдетте олар сериалдың түсірілімін толықтай қаржыландыра алмайтын, бірақ табысты шоуларды жасап, шығара алатын шығармашылық күші бар шағын компаниялар;
  3. Студиялар – олар сериалдардың өндірісін қаржыландырады және сериалдарды коммерциялық пайдалану құқығын иеленуші болып табылады. Дәл осы студиялар телеарналарда сериалдарды көрсету үшін сату жұмысымен айналысады.

Телевизиясы жоғары дамыған мемлекеттерде жүздеген арналар, бірнеше үлкен студиялар, көптеген өндірістік компаниялар жұмыс істейді. Солардың ішінде бүкіл әлемдік телевизиялық нарыққа үлкен әсер ететін Америка Құрама Штаттарының ең ірі жеті медиаконгломераты көптеген эфирлік және кабелді арналарды, студиялар мен продюсерлік компанияларды басқарады. Бұл концерндер –« CBS Corporation», «General Electric», «News Corporation», «Time Warner», «Walt Disney Co.», «Sony Corporation» және «Viacom». Осы концерндер киноиндустриясында негізгі ойыншылар болып табылады. Арналар студиялардан өнімнің көрсетілім құқығын сатып алатыны белгілі. Эфирлік арналар өзінің сигналын тегін таратады, яғни көрермен сериал және басқа бағдарламаларды көргені үшін ақша төлемейді. Сондықтан эфирлік арналардың негізгі кірісі жарнама болып табылады, ал жарнама атақты шоудан да қымбат тұрады. Стандартты «сағаттық» серия 40-45 минут, ал қалған сағаттың уақыты жарнама берілумен өтеді.

Нарық - халқы бірдей телевизиялық сигнал қабылдайтын географиялық аймақ. Әр нарықта телесигналдың техникалық берілісін өз нарығында жүзеге асыратын бірнеше локальді телевизиялық станциялар жұмыс істейді. Эфирлік арналар локальді станциялардан эфирлік уақытты сатып алады. Демек, әр эфирлік арналардың сигналы барлық елге толықтай локальді станциялардың торабы арқылы беріледі.  Сатып алынған арналардың уақытынан станция ақы алады.

Эфирлік арналар бағдарламалауды тәулік бойына тек қана бірнеше сағат таратады. Қалған уақытты локальді станция өздігінен толтыруға мәжбүр болады. Өзіндік жергілікті таратылым -  студиялар үшін таптырмас табыс көзі. Әр эфирлік күнді сол уақытта теледидар қосқандардың жалпы санына және түрлі мақсатты аудиторияның әртүрлі деңгейіне қарай кезеңдерге бөлуге болады.

Таңертең - 5:00-ден бастап 9:00-ге дейін – жұмысқа жиналған үлкендер үшін жаңалық бағдарламалар және мектепке жиналған балаларға арналған бағдарламалар. Теледидар қосушылар саны аса көп емес, бірақ аудитория үнемі айналымда (біреулер жұмысқа кетсе, біреулер енді ұйқысынан тұрып жатады) болады. Осы айналымның арқасында жарнама қымбаттау тұрғандықтан күннің бірден бір кіріс кіргізер бөлігі, бірақ контент бағасы төмен. Күндізгі уақыт - 9:00-ден 16:00-ге дейін теледидар қосушылардың ең төмен деңгейі. Бұл кезде ток-шоу мен үй бикелеріне арналған «сабынды опералар» беріледі.  Кешқұрым - 16:00-ден 19:00-ге дейін жергілікті жаңалықтар мен жұмыстан оралған үлкендер үшін сериалдар. Праймтайм алды - 19:00-ден 20:00-ге дейін көңіл көтерерлік шоулар мен сериалдардың қайталануы. Праймтайм - 20:00-ден 23:00-ге дейін (жексенбі сайын 19:00-ден 23:00-ге дейін) – теледидар қосушылардың деңгейі өте жоғары. Көбісі жұмыстан оралып, балалар сабақтарын орындап, барлық отбасы кешкі ас ішіп, теледидар алдында демалуға жиналады. Бұл уақытта ең қымбат контент – комедия мен драмалардың жаңа сериалары, қымбат реалити-шоу және арнайы шығарылымдар көрсетеді. Кешкі жаңалықтар – 23:00-тен 23:35-ке дейін – кешкі және жергілікті жаңалықтардың шығарылымы.  Кештің соңы - 23:35-тен 2:00-ге дейін – ток-шоу, әсіресе комедиялық, кино және қайталауларды көрсетеді. Түн - 2:00-ден 5:00-дейін – қайталаулар, кино және үлкендерге арналған ақылы бағдарламалар.

Студиялар сериал өндірісін қаржыландырып, көбінесе материалдық база ұсынатынын (түсіру алаңы, құрал-жабдықтар және т.б), сериал құқығына ие болатыны белгілі. Студиялардың негізгі кірісі тапсырыс беретін арналарға сериал сатылымынан түседі деп ойлау заңды боп көрінері анық. Бірақ олай емес. Біріншіден, студия сериалды арналарға сатпайды, сериал көрсетілімінің құқығын ғана сатады. Тіпті арналарда оның қайталануына қосымша аздап төлейді. Екіншіден, студия арналарға сериалды өзіндік құнынан төмен бағамен ұсынады.  Мысалы, біркезеңдік драманың бір сериясының орташа шығыны 2,5 миллион доллар болса, оның арнадан көрсетілімінен алатын ақысы 1,8 миллион доллар болады. Студия әр өндірілген сериядан ақшасын жоғалтады. Негізгі кірісті студиялар тапсырыс берген арналардан сериалдың алғашқы эфирінен бастап-ақ ала бастайды. Табысты сериалдар эфирге алғашқы шыққанынан кейін де көптеген жылдар бойы студияға кіріс кіргізуін жалғастыра береді де мультимиллионды индустрияға айналады.  Сондықтан да сериалды өндіру барысында оның тек бүгін ғана емес, болашақта да хит болу мүмкіндіктерін ойлайды.

Енді сериалдың қалай кіріс табатын жолдарын қарастырсақ, оның негізгі кірісі – дәстүрлі синдикация, кабельді синдикация, DVD сатылымдары, сериалдардың шетелге сатылымы және мерчандайзинг. Дәстүрлі синдикация (эфирлік синдикация) – студия кірісінің дәстүрлі бастауы. Дәстүрлі синдикация -  жергілікті станцияларға арналған сериалдың қайталап көрсету құқығын сату.  Эфирлік арналар жергілікті станциялардың эфирін толықтай толтыра алмайды, кестеде бірнәрселермен толтыру қажет бос орындар қалып қояды. Әдетте жергілікті станция әр күні бір сериалды қайталап көрсете береді. Аптасына бір рет емес, күн сайын сериал өтетіндіктен дәстүрлі синдикация әдетте бірден сериалды көп мөлшерде сатады. Алғашында бұл цифрлар 100 сериядан төмен болмады. 100 серия – бұл төрт немесе бес стандартты кезең, сондықтан сериалдар дәстүрлі синдикациядан кірісті эфирге шыққаннан бірнеше жылдан кейін ала бастайды. Кабельді синдикация – кабельді телевиденияның қарқынды дамуымен байланысты синдикацияның жаңа түрі. Тек бірнеше кабельді арналар ғана өзінің сериалдарын түсіреді, бірақ олар эфирді толтыра алмайды. Сондықтан кабельді арналар көбінесе сериалдарды қайталап көрсету құқығын сатып алады. Кабельді синдикация дәстүрлі синдикациядан негізінен аптасына бір сериядан көрсетуімен ерекшеленеді, сондықтан олар серияларды аздап сатып ала алады. Сонымен бірге соңғы уақыттары көптеген хитті сериалдар бірінші эфирге шыққаннан бірнеше күннен кейін кабельді синдикацияға түседі. Кабельді синдикация – ешқашан эфирлік синдикацияға түспейтін сериалдардан пайда табуға болатын мүмкіндіктер алады.

Заманауи сериалдың кәдуілгі үлгісі – ең алдымен кабельді синдикация, сосын бірнеше жылдан кейін эфирлік синдикация.

DVD сатылымдары мен онлайн-көрсетілімдер -  олардың көлемі жыл сайын көтерілгенмен бәрібір олар теңізге құйған тамшыдай. Жалғаспалы сюжетті сериалдардың танымалдылығы сериалдардың DVD-де сатылымын күрт көбейтті. Ақылы жүктеу арқылы немесе онлайн-көрсетілім арқылы сериалдардың интернетте таратылуы – көбісінің аузында жүрген сәнді тенденция. Бірақ олар әлі нарыққа өз үлесін қосып үлгерген жоқ.

Бүгінгі күні онлайн-көрсетілім негізінде сериалды жарнамалаудың бір құралы ретінде пайдаланып отыр. Көптеген жалғаспалы сюжетті сериалдардың рейтингі онлайнға қол жеткізгеннен кейін көтеріліп отыр. Халықаралық сатылымдарда, шетелдік арналар мен студияларда сериалдар, сондай-ақ олардың форматы немесе сценарийлары көптеп сатылады. Дәстүрлі комедиялар юмор қабылдаулары қиын болғандықтан шетелге нашар сатылады. Сондықтан көбінесе олардың форматы ұсынылады.

Мерчендайзинг – сериал таңбасы бар сувенир мен тауарлар. Бұл кірістің бастамасының байқаусыз болатыны сонша, сериал жасап жасап жатқанда тіптен мән бермейді.  Онлайн-көрсетілімдер мен мерчендайзинг кірістен гөрі қосымша жарнама құралы қызметін атқарады. Көлемді кіріске ие болу үшін сериал ең бірінші тапсырыс беруші арнаның эфиріндегі тұсаукесер көрсетілімінде сәтті болуы тиіс. Арналардың өзі сериалдарға тапсырыс беруші болғандықтан оның құрылуы мен шығармашылық дамуына әсер етеді. Арналардың лицензиялық төлемі студияның негізгі кірісі болып табылмайды, тіпті ол сериал түсірілімінің шығынын да өтей алмайды. Дәстүрлі синдикацияларда, әсіресе дәстүрлі ситкомдар мен бөлекті дамудағы драмалар сәтті өтеді. Кабельді синдикация, басқа мемлекеттерге және DVD сатылым – жалғаспалы сюжетті драмалар мен стандартты емес заманауи комедиялар үшін кірістің маңызды бастауы болып табылады. Арна кестесін кесте бөлімі құрады. Ол үшін көбінесе кестенің үш түрін қолданады: күнделікті – жақын күндердің кестесі 100% толтырылады, апталық кесте жарты жыл алда 60% толтырылады, ал жылдық кесте келесі жылдың 40% толтырылады.

Арна менеджментінің негізгі мақсаты – бағдарламалау, яғни белгілі контентпен таймслоттарды толтыру. Бағдарламалау алты негізгі функциядан тұрады: өңдеу, күнделікті бағдарламалау, зерттеулер, кестенің құрылуы, маркетинг және игеру. Әр функцияны бөлек бөлімдер атқарады, осының барлығын арна президенті қадағалап отырады. Өңдеу бөлімі арна үшін жаңа жобаларды өңдеумен, құрумен айналысады. Әдетте олар драма, комедия, реалити-шоу, арнайы шығарылым және телефильм бөлімдеріне бөлінеді.

Күнделікті бағдарламалау бөлімі эфирден орын алған сериалдармен айналысады. Бөлімнің міндеті сериал дамуын бақылау, сериал мен арнаның басқа бөлімдер арасында делдалдық функциясы. Зерттеу бөлімі кім қандай сериал, қандай уақытта көретінін анықтайды. Осы ақпараттардың көмегімен арна сериал өзінің мақсатты аудиторияға жете алатынын және осы немесе басқа сериалдарда жарнама берушілерден қанша ақы алуға болатынын анықтайды. Кейде арналар сериалды бәсекелестері үшін бағдарламалық блоктың бөлігі ретінде пайдаланады. Көлемі кішкентай кабельді арналар да осы әдісті жиі қолданады немесе өздерінің сериалдарын басқа көлемді арнада ұқсас тақырыптағы шоу өтіп жатқан уақытқа қояды, олардың ойынша көлемді арнаның кейбір аудиториясының бөлігі өздеріне қосылады. Бірақ көбінесе арналар контр-бағдарламалауды пайдаланады: олар таймслотқа қамтылмаған аудиторияға бағытталған сериалды қоюға тырысады.

Кесте жасаушы бөлім арнаға қандай сериалдар жетіспейтінін, қандай блоктың орны бос қалып, оны немен толтыру керектігін біледі. Олар өңдеу бөліміне жиі ұсыныстар айтады.

Маркетинг пен игеру бөлімінің қызметіне жарнамалық алаңдарды сатып алу, постерлер, трейлерлер және басқа да материалдар дайындау кіреді. Телевиденияның әлемдік нарығында рейтинг жүйесі өнімдердің сәттілігін анықтап, барлығын шешеді. Телевизиялық аудиторияны әзірге дәл өлшеу мүмкін болмай тұр.  Қазіргі уақытта аудиторияны өлшейтін қол жетімді тәсілі – статистикалық бағалау болып отыр. АҚШ-та  телевизиялық аудиторияның бағамын анықтайтын «Nielsen Media Research» компаниясы жұмыс істейді. «Nielsen» қазіргі уақытта таңдаудағы 25 000 үй бикелерін бақылайды және олар жыл сайын ұлғайып отырады. «Nielsen» қажеттілерін жинау үшін негізгі үш тәсілді қолданады: «Local People Meters (LPMs)» - «адамдық» есептеуіштер. Олар теледидарға жалғанып, не көріп отырғанын ғана емес, кім көріп отырғанын бақылайды. Ол үшін теледидар қосар алдында алыстан басқару тетігінен әр жанұя мүшесі лайықты кнопкасын басуы тиіс. Мұндай есептегіштер аудитория жайлы, оның жынысын, жасын, кіріс және ұлты жайлы нақты мәліметтер алуға көмектеседі. Бірақ олар өте қымбат, сондықтар олар өте үлкен телевизиялық нарықта ғана қолданылады.

«Set Meters» – телевизиялық есептегіштер. Олар теледидар көріп отырғаны анықтайды, бірақ кім көріп отырғанын анықтай алмайды. Ол орташа және көлемсіз телевизиялық нарықта кең тараған есептеуіш түрлері.

Күнделіктер – кәдімгі қағаз күнделіктер. Қазіргі технологиялық әлемде аудиторияны өлшеу үшін маңызды роль атқарады.  «LPMs» секілді оны кім, не көріп отырғанын анықтауға болады, егер электронды есептеуіш әр минут сайын түсіріп отырса, қағаз күнделік 15 минут сайын түсіреді.

«Nielsen» компаниясы күн сайын мәліметтер жинайды және әдеттегідей таңертеңгі уақытта аудитория жайлы ақпарат береді.

Көрермен санының өлшеудің абсолютті бірлігінен басқа екі біршама өлшем бірлігі бар -  рейтинг және үлес. Рейтинг – елдегі теледидары бар, сол уақытта теледидар көрген, көрмегеніне байланыссыз жалпы сериал көруші адам санымен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда рейтинг – осы бағдарламаны көруі мүмкін көрермен пайызы. Мысалы, елде 150 миллион адам теледидар иеленуші. Олардың 16 миллионы Х сериалын көрді. Демек, Х сериалының рейтингі 16/150*100% =10,66% құрады.

Үлес – сол уақытта теледидар көрушілердің ішінде сериал көрушілердің жалпы адам санына байланысы. Х сериалы 16 миллион адам жинады, елде сол уақытта 100 миллион адам теледидар тамашалады. Сонда Х сериалының үлесі мына формула бойынша 16/100*100%=16% болып саналады. Теледидар иеленушілерден гөрі теледидар көрушілер әрқашан аз, үлес әрқашан рейтингтен көп болады.

Жарнама берушілерді негізінен сериал көрушілердің санына байланысты  тек рейтинг қана қызықтырады. Алайда үлес арналарға түрлі таймслоттардағы сериал потенциялын салыстыруға көмектеседі.

Барлық көрермен санының рейтингі мен үлесі жалпы аудиториямен есептелмейді, көрермендердің белгілі демографиялық категориялары үшін есептелген. Жас мөлшерінен басқа демографиялық категория ұлт, жыныс, кіріс белгілерінен де байқайды.

1948 жылы шығыс Пенсильваниядағы Махоуни Сити қалашығында Джон Уолсон қиындыққа тап болды. Ол электротауарлар дүкенінің иесі болатын, сол жылдары бүкіл елді телевизиялық «ауру» жайлағанмен ол бірде бір теледидар сата алмады. Қалашық алыста орналасып, жан жағын тау қоршап тұрды. Сондықтан Филадельфияда орналасқан станцияның сигналы жетпеді. Дүкен сөресінде тұрған бүкіл теледидар шудан басқа ештеңе көрсетпеді. Сонда Уолсон антеннаны жақын таулардың біріне қойып, содан төмен кабельді қалаға тартты. Енді оның сөресіндегі теледидар сигналды жақсы қабылдады. Уолсон онымен тоқтамады, ол енді теледидармен бірге кабельге қосылуды да сата бастады. Сөйтіп Джон Уолсон кабельді телевидение ойлап тапты.

Бүгінгі күні кабельді телевидения тек қана телесигнал жеткізу тәсілі ғана болып қойған жоқ. Кабель арқылы таратылатын мыңдаған арналар пайда болды. Одан басқа кабельге спутниктік арналар қосылды.

Кабельді телевиденияның шарықтап дамуына байланысты эфирлік арналардың аудиториясы жыл өткен сайын төмендеп барады. Кабельді арналардың эфирліктен айырмашылығы өздерінің торларын бағдарламалау түрлеріне байланысты. Эфирлік арналар көлденең бағдарламалауды пайдаланады, олар белгілі бір аудиторияның көңілін аударуға тырысады немесе көлемді аудиторияға әр апта сайын белгілі таймслотты қояды.

Кабельді арналар керісінше тік бағдарламалауды пайдаланады: әр арна өзінің анық мақсатты аудиториясын таңдайды және өздерінің эфирін кез келген мақсатты аудитория кез келген уақытта қосып қызыққан нәрсесін көре алатын контенттермен толтыруға тырысады.

Кабельді арналар өз көрерменіне контентті кабель арқылы қояды, бірақ олар өрістетумен айналыспайды. Оларды кабельді операторлар арқылы жасайды. Кабельді операторлар кабельді арналардан олардың контентін тарату құқығын сатып алады және кабельді арналар тұтынушыларға көп арналардың жинағы түрінде сатады. Кабельді арналар әр көрерменнен лицензиялық төлем алады, ал төлем мөлшері арна рейтингіне байланысты.

Әдетте кабельді сериалдар шығармашылық тұрғысынан эфирлікке қарағанда сәтті болып келеді. Кабельді арналар аясы тар мақсатты аудиторияға бағытталса, эфирлік бірден бәрінің көңілінен шыққысы келеді. Сондықтан кабельді арналар біртекті емес көбінесе жағымсыз кейіпкерлі сериалдар жасауға мүмкіндігі бар. Ал эфирлік сериалдарда бас кейіпкерлердің кемшіліктер болса да міндетті түрде жаман қасиеттерін жауып кететін абыройлы қасиеті  болады. Кабельді арналарда эфирлік арналар бара алмайтын тақырыптарды қозғайды. Эфирлік арналар  цензураның болғандығынан ғана емес, олар провокацияға бара алмайды, олар қауіпті тақырып арқылы аудиторияның көп бөлігін шошытып алудан қорқады, ал кабельді арна қорықпайды, өйткені оған кең аудитория керек емес.

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет