Гүлжан Наурызбекова. Испания киносының қысқаша тарихы

«Әлем киносының тарихы» пәні бойынша лекция тезистері. 12-лекция. Испания киносының қысқаша тарихы

Гүлжан НАУРЫЗБЕКОВА

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, кинотанушы


Испания киносының қалыптасу жылдары

Испания киносының тарихындағы алғашқы фильмді түсірген режиссер Э.Химено  («Выход с дневной мессы из церкви Пилар в Сарагосе»-1986) болды. Фотограф Ф.Хелаберт деректі репортаж және көркем фильмдер өндірісімен айналысты («Ссора в кафе»-1897, «Доротея»-1898, «Пиво даром»-1906). Испан киносындағы алғашқы фантастикалық фильмдерді («Посещение Юпитера»-1907, «Новое путешествие на луну»-1908) режиссер С.Чомон түсірді. 1906 жылы  Барселона қаласында  «Испано филмс» киностудиясы құрылады. Осы киностудиядан шығармашылық жолын бастаған режиссер Р.Баньос кейінірек «Ройял филмс» атты өзінің жеке студиясын   ашады. Көпшілік фильмдері коммерциялық кино мәнерінде түсірілген бұл киностудияның сәтті туындылары қатарында «Дон Педро Жестокий»-1911, «Любовники из Теруэля»-1912 фильмдерін ғана атауға болады.

Жиырмасыншы жылдардың тұсында кино өндірісі Мадрид қаласында қарқын ала бастайды. Мадрид киностудиясының алғашқы туындылары қатарында «Искупление»(1920, реж.Х.Бучс), «Жертва ненависти»(1921, реж.Х.Бучс), «Славная дорога»(1921,реж.Ф.Дельгадо), «Роза Мадрида» (реж.Э.Ардавин) фильмдері болды.

Испан революциясының бірінші кезеңі (1931-1936 жылдар аралығы) осы жылдары экранға шыққан деректі және көркемсуретті фильмдердің орталық тақырыбына айналды.  1932 жылы «Nuestra cinema» киножурналының бірінші саны жарық көрді. Осы жылдан бастап испандық киноөндіріс қуаты арта бастайды. Луис Буньюэль өзінің бірінші деректі фильмін («Лас Урдес.Земля без хлеба») 1932 жылы түсірді. 1932-1936 жылдар аралығында Л.Буньюэль «Фильмофон» фирмасын басқарады. 1933 жылы Испания Кинематографистер Одағы құрылады. Киноға дыбыстың келуімен испан киносындағы дыбыссыз фильмдер қайта өңделіп, ең сәттілері дыбыс жазу арқылы қайта өндірісітен өткізіледі. Алғашқы дыбысты фильм «Вода в почве» 1934 жылы экранға шықты.

"Las Hurdes, tierra sin pan" 1932

Отызыншы жылдар киносындағы  басты тақырыптардың бірі – азамат соғысы тақырыбы болды. Осы тақырыптағы «Костры в ночи», «Так мы победим», «Заря надежды», «Глухие пердместья», «В описках песни» көркем фильмдері және «Бомбы над Мадридом», «Наступление» деректі фильмдері экранға шықты. Мадрид қаласындағы тағы бір киноөндіріс орталығы «Фильм популяр» киностудиясы «Сегодняшняя Испания» киножурналының сандарын үзбей шығарып тұрды. Өкімет басына генерал Ф.Франконың фашистік режимінің келуімен (1939) кинотеатрлар репертуарына  қатал бақылау орнатылды. 1941 жылдан бастап испания кино өндірісі фашистік Германия мен Италияның ықпалында болды.  40-жылдар тұсындағы испания өндірісінің басым көпшілігі коммерциялық фильмдер болды, әсіресе, дін тақырыбында және музыкалық фильмдер түсірілді. Шет елдерден шақырылған бірен-саран мамандар ғана (И.Ивенс, Р.Кармен, Л.Гурвиц) Франко режиміне қарсылық мәнердегі деректі фильмдерін түсіре алды («Испанская земля», «Сердце Испании» т.б.).

1947 жылы Мадридте кинематография институты құрылады. Институттың алғашқы түлектерінің толқынымен испания киносына жаңа леп келеді. Италия киносындағы неореализм, орыс киносындағы авангард фильмдер ықпалында тәрбиеленген бұл кәсіби жас мамандар (Х.Бардем, Л.Берланг т.б.) өз фильмдері арқылы қоғамдағы келеңсіз құбылыстар мен әлеуметтік теңсіздік мәселелері тақырыптарын  қозғай бастайды. Испан киносында осы жылдары басталған  прогрессивті  тенденция бұдан былайғы жылдары экранға шыққан Х.Бардемнің («Смерть велосипедиста»-1955, «Главная улица»-1956) және Л.Берлангтың  («Калабуч»-1956, «Пласидо»-1960, «Палач»-1963) фильмдерінде жалғасты. Испан киносының даму тарихында аса маңызды орын алған туындылардың бірі  Луис Буньюэльдің «Виридиана» (1961) фильмі  сол кездегі қоғамдық күрделі  өзгерістерді реалистік мәнерде бере алған аса маңызды туынды болды. Кинодағы алғашқы қадамдарын осы жылдарда бастаған режиссерлар К.Саура, Ф.Регейро, М.Пикасо,М.Суммерс және тағы басқалары Мадрид қаласында  «жаңа испан киносы» қоғамын құрады. Осы кезең аралығында сонымен қатар, Барселона кинематографистер мектебінің түлектерінің  кино тілінің ізденістері арқылы келген жаңа эксперименттік  фильмдерімен көзге түсе бастайды.  «Жаңа испан киносының» белді өкілдері өз фильмдеріне заман сипатын негізгі тақырып ретінде алып, айналадағы  шындық өмір көрінісінің сан қырлы оқиғаларын қамтиды. Мысалы: «От розового к желтому» (1963, реж. Суммерс), «Тетя Тула» (1964, реж. Пикасо), «9 писем к Берте» (1964, реж. Патино).  Бұл аталған және осы жылдары экранға шыққан басқа бірқатар фильмдер италия киносындағы неореализм  ағымының ықпалындағы суреттеу тәсілдеріне еліктейді, алайда, Италия кинорежиссерларының  шынайылықты сипаттауда жеткен кино тілінің  көркемдік деңгейіне көтеріле алмады. «Жаңа испан киносы» қозғалысын бастаған көп режиссерлар  алғашқы сәтсіздіктерінен кейін коммерциялық киноға бет бұрады. Испаниядағы ұлттық кино мектебін қалыптастыруға үлес қосқан режиссер Карлос Саура болды. 1960 жылы экранға шыққан «Бродяга» фильмінің жетістігінен кейін Карлос Саураның өзіне ғана тән ерекше мәнердегі режиссерлық қолтаңбасы қалыптасты деуге әбден болады. Испания киносының жетекші режиссеры ретінде Карлос Саураның бұдан былайғы экранға келген фильмдерінде  де тақырыпты тереңдетуде метафоралық салыстырулар мен мағыналық символдарды  кең пайдаланылған ізденістері әлем киносының суреттеу тіліне көп жаңалық әкеледі.

Карлос Саура

Карлос Саура 1932 жылы туылған. Бастапқыда фотограф болып қызмет жасайды.  Кинодағы шығармашылық жолын деректі кино режиссеры ретінде бастады. Мадрид Кинематография институтын бітіргеннен кейін (1957-1964) осы институттың режиссура кафедрасында оқытушылық қызметте болады. Саураның фильмдеріндегі кейіпкерлер рухани бай адамдар,  алайда, франкистік режимді қабылдай алмағандықтан да қоршаған орта шындығынан алшақ қалған кейіпкерлер.   «Воскресный вечер» (1957), «Куэнка» (1958) фильмдерінен кейін экранға келген «Бродяги» (1960), «Плач по бандиту» (1963) фильмдері осы тақырыпты жалғастырды. Режиссердың кинематографистік ортада кәсіби танымал болуына себепкер болған фильм «Охота» (1965) Батыс Берлин Халық аралық кинофестивальдің  жүлдесін иеленді. Сырт көзге жағдайлары жақсы, тұрақты тұрмыстағы адамдардың  қарама-қайшылық іс-әрекеттері фильмнің сюжетіне негіз болған. «Замороженная мятная лепешка» (1967, Берлин фестивалінің жүлдесі), «Кузина Анхелика» (1973, Канн фестивалінің жүлдесі) фильмдерінде азамат соғысының зардабын шеккен бақытсыз жандардың  жан күйзелістері терең ашылады. «Сад наслаждений» (1970) фильмінің бас кейіпкері Антонио байлықтың жолында шаршап-шалдыққаннан кейін қиялдағы «өмірге» бет бұрады. Режиссердың «Выкорми ворона» (1975, Канн фестивалінің арнайы жүлдесі) фильмінде бас кейіпкер Анна өз қиялында  ересектер қоғамдастығы арасындағы қатыгездік пен алдамшы өмірде шындық үшін күрескер ретінде сипатталады. «Анна и волки» (1972) фильмінде бас кейіпкер қыз баланы құбыжық бейнесіндегі қанаушы топ өкілдері талайды, фильмдегі сюжеттік таралымдар метафоралық салыстырмалы элементтер арқылы беріледі. Дәл осы бағыттағы сюжеттік шешім режиссердың 1979 жылы экранға шыққан «Маме исполняется сто лет» (Сан-Себастьян кинофестивалінің арнайы жүлдесі) фильмінде жалғасады. «С завязанными глазами» (1978) фильмі арқылы Карлос Саура саяси тақырыпқа бет бұрады. Мұндағы кейіпкерлер саяси көзқарастағы қамалған адамдардың басынан өткен қиындықтары  арқылы сипатталады. 1981 жылы экранға Карлос Саураның «Кровавая свадьба» (Карловы Вары фестивалінің жүлдесі) фильмі балетмейстер А.Гадестің жетекшілігімен дайындық жүргізіп жатқан балет труппасының репетиция көріністерін жан-жақты сипаттайды. Фильм композициясындағы құрылымдық ерекшелікті К.Саура «Кармен» (1983, Канн фестивалінің жүлдесі) фильмінде де қолданды.    

Педро Альмодовар

Педро Альмодовар бүгінгі испан киносындағы ғана емес, сонымен қатар, әлем киносында да өзіндік орны бар режиссерлардың қатарына жатады. Ол 1949 жылы Ла Манчо (Испания) қаласында туылған. 1967 жылы кино саласында мамандық алу үшін Мадрид қаласына оқуға аттанады.  Бастапқыда «Лос Гольярдос» авангардтық театр группасымен жақындасып, әртүрлі мақалалар жариялаумен шұғылданады, журналдарда әңгімелер жариялап тұрды.  Патти Дифуза лақап атымен пародиялық естеліктер жазумен де айналысты, рок-н-ролль группасы құрамында болды. 1974 жылдан бастап П.Альмодовар кинорежиссер ретінде фильм түсірумен айналыса бастайды. Бұл кезең испан киносындағы  кәсіби режиссураның  дағдарысқа тірелген шағы болатын. Жас кинематографистердің көпшілік фильмдері идея, тақырып тоқырауында болды. П.Альмодовар өзінің фильмдерімен  испан киносына жаңа леп әкелді. Режиссердың сүйікті жанры – мелодрама. Мелодрама жанрындағы фильмдері арқылы режиссер  экраннан өзіне ғана тән ерекше қолтаңбасын көрсете білді. Альмодовардың фильмдерінде негізгі жанрға қосалқы суреттеу элементтері ретінде комедияның, детектив жанрының, психологиялық дарама элементтері және оның кейіпкерлеріне деген әзіл сипаттамалары енгізілген. Әртүрлі жанрдың , алуан түрлі тақырыптардың араласуынан пайда болған мозаикалық фильмдері арқылы Педро Альмодовар бүгінгі күнгі мәдени  құбылысқа тақырыптық еркіндік әкелді. 2000 жылы экранға шыққан режиссердың «Все о моей матери» фильмі интеллектуальды және көпшілік көрерменнің талғамына сай келген және бүгінгі күн тақырыбындағы күрделі мәселелерді қозғаған туынды болды. «Лабиринт страстей», «Высокие каблуки» тағы басқа да фильмдері Альмодоварды испан киносындағы постмодернистік ағымның жарқын өкілі ретінде танытты. Оны «эпизодтың» хас шебері деп бағалауға болады.


Пайдаланылған әдебиет көрсеткіші:

  • Е.Теплиц. История киноискусства. Изд. «Прогресс» . М.1968
  • Жорж Садуль История киноискусства. М.«Иностран. литература», 1957.
  • Киноэнциклопедический словарь. М.1986.
  • Мастера зарубежного кино. М.»Искусство». 1965.
  • Буньюэль о Буньюэле «Мой последний вздох». Сценарий. М. «Радуга». 1989.
  • Луис Буньюэль Серия «Мастера зарубежного киноискусства». М.1979.
  • Плахов А. «Всего 33. Звезды мировой кинорежиссуры», Винница, 1999.
  • Альмодовар Педро «Педро Альмодовар: красть не стыдно» //Искусство кино, №12, 1999.
  • Альмодовар Педро «Уметь играть» // Киносценарии, №6, 2000
  • Альмодовар Педро,  сценарий фильма «Все о моей матери» //Киносценарии, №6, 2000.
  • Альмодовар Педро: «Я не хотел, чтобы фильм превратился в исповедь»// ИК №8, 2004.
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет