Махат Садық: Деректі кинодағы көкейкесті мәселелер мен бағыттар

Деректі фильм режиссері, продюсер, көптеген телевизиялық жобалардың авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Президентінің Журналистика саласындағы Грант иегері, мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Махат Садықпен сұхбат

Маха Садық

Cұхбаттасқан: Әдемі Қапар

ҚазҰӨУ, кинотану, III курс



100-ден астам деректі фильмдердің режиссері, продюсері,  көптеген телевизиялық жобалардың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Президентінің Журналистика саласындағы Грант иегері (1999 ж), мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1998 ж) Махат Садықпен қазақ деректі киносының көкейкесті мәселелері мен ұстанған бағыттары туралы сұхбат.  

 

Кино өнеріне қалай келдіңіз?

Журналистикада саласындағы адамның барлығы үлкен өнер киноға қатысы болады. Әлемдегі көркемөнердің ұжымдық шығармашылық атасы. Тіптен алдағы 5-10 жылда телевизия басты орыннан ығысады деген пікір бар.  Ал кино-білім, кітап сияқты мәңгілік. Мен, тәуелсіз елімізде деректі фильмдер түсірудің негізін қалаған Қазақстан Президентінің телерадио кешенін 2000-2005 жылдыр арасында басқардым. Оған дейін телевизия саласында апталық сараптамалық бағдарламалар жүргіздім. Ақпараттар қызметінде Бас редактор болдым. Сол кездерде 5-10-15 минуттық хабар-шолулар жасадық.

Совет заманында деректі фильмдер «Қазақтелефильм» студиясында дайындалды. Ол толықтай Үкіметтік тапсырыспен  жұмыс жасап, өткен тарихымыздың бейнедеректерін бүгінге жеткізді. Сол тұста бір фильмді кемінде 3-6 ай түсірген. Жылға созылған жобалар да болған. Сол ретпен біздегі режиссерлер де материалды толық жинақтаған соң, тәулігіне 1 минут монтаж жасауды заңдылық деп қабылдаған болатын. Дегенмен ол кезде 2 телеарна болса, қазір республикалық арналардың өзі 10-нан асып кетті. Демек, заман жылдамдықты талап етеді.

Сондықтан да сол 2000-жылдары деректі фильмді  1 айда толық аяқтау процесін ұйымдастырдым. Бүгінде оқиға өтісімен 3-5  күнде телефильмді эфирге шығарып жібереді. Әлбетте ол үшін белгіленген датаға алдын-ала орайластырып, мәтін дайындалып қояды. Тіптен фильм толық дайын тұруы мүмкін. Тек қосымша деректермен толықтырып, әлемге қатысы бар оқиға болса 4-5 сағатта телеэфирде фильмді көре аласыз. Ол көбіне мемлекет және қоғам қайраткерлеріне қатысты. Конкуренттік, рейтингтік талас-тартыста телевизия әлемі осындай жылдамдық жүйесіне көшті.

Ал, арнайы көремдік шешімдерді қажет ететін телеарналар  фильмдерін баптап, ұзақ жасалады.  Журналистикадағы ізденіс біздерді осылайша қызығы мен шыжығы таусылмайтын кино өнеріне әкелді.

Алғашқы түсірген фильміңіз туралы айтып өтсеңіз. Қандай қиыншылықтармен кездестіңіз? 

Алашқы түсірген фильмді еске түсіру қиын. Бірақ, мысалға «Қазақстан» арнасындағы «Ақшам» бағдарламасына Бас редактор болып жұмыс істеп жүргенде Сауд арабиясының мемлекеттік делегациясы Астанаға келді. 1999 жылы  қақаған қыста 20 минуттық фильмді  8 сағаттың ішінде түсіріп, эфирге қойдық. Әрине біршама бейнеқатарды дайын күйінде алдық. Сұхбаттарды 2 сағатта қонақ үйден жазып алдық. Монтаж тоқталмай жасалып жатты.  Нәтижесінде ресми адамдардың ризашылығын алдық. Елге инвестиция келді. Арабтар Астанадағы құрлыс нысандарына қаржы бөлді.

Деректі фильм несімен қызық? Сол сәтті,  сол замандағы оқиғаны қаз-қалпында кинохроника жасайды.  Бүкіл ғұмырым көз алдымда кинолентадай зыр ете түсті деп жатады. Ол мидағы қиял процесінің психологиялық сілкініс сәтіндегі серпілісі. Деректі фильмде креслода жайғасып, өткен кезеңді асықпай көзбен көріп, мимен сараптай аласыз.

Мысалға, 1930 жылдардағы ашаршылық туралы  1960 жылдардағы арнайы артитерді ойнатып, қойылыммен түсірілген телевизиялық фильмдер бар. Қазіргі режиссерлер сол нәубет кезеңдер туралы фильм жасағанда сол көріністерді нақты болған оқиға ретінде көрсетеді. Бүгінде де өткен шақ жайында телефильм жасағанда осындай қойылымдық көріністер көптеп пайдаланылады. Уақыт өте кейінгі буын режиссерлер де соны нақты оқиға деп қабылдауы ықтимал. Шағатын қорытынды өткен кезеңдер тарихын негізінен ғалымдар мен тарихшылар, мүмкіндігінше уақиғаны көзбен көргендер аузынан жеткізген өтімдірек бола ма деп ойлаймын.

Сурет, телевидение, кино өнері даму үшін сол кездегі көзқарас, адамдардың ойы қандай болғанын көрсету керек.

Қазақстан табиғаты туралы фильм түсіру өте қиын. Жапон елінің мықты телеарнасы NHK (Эн Эйч Кей)  2004 жылы еліміз туралы, Қазақстанның табиғаты туралы телефильм түсіруге келген екен. Бюджеті  мықты. Ақтау, Атырауда, Шығыс Қазақстан облыстарына апталап жатып түсірілімдер жасады. Вертолет жалдаған. Астанаға келгенде кездестік.  Бейнекадрларын қарадым. Сосын мен оларға біздің Телерадиокешен түсірген фильмдерімді көрсеттім. Қазақстанның табиғатын түсіру үшін кемінде ұзақ мерзіммен қатар, баратын жердегі ауа- райын дәл болжай алуын міндет. Мұны айтып отырған себебім, NHK  (Эн Эйч Кей шығармашылық тобы қай жерге барып түсірілім жасаса да ауа-райы бұлтты, жауын-шашынды болған екен. Сол себетті мен оларға өзіміздің камерагерлер апаталап жүріп, секундап жинаған бейнекадрларды бердім. Сырт ел жақсымызды көрсін деп түйдім. Сол фильм кейінірек біздің телеарналардан қайталанып берілді. Көрермендер оны біздің жапондармен бірлескен жобамыз екен деп қабылдады. Бастысы күншығыс еліне керемет табиғатымызды таныстырдық.

Деректі фильмге қандай анықтама берер едіңіз?

Деректі фильм нақты сәттегі нақты оқиғаны беру керек. Қиял ғажайыпқа кетіп қалмай сол өмірді, оқиғаны, заманды, қоғамды жеткізе алғаны дұрыс. Мысалы,  Майкл Мур түсірген «Фаренгейт 9/11» фильм-памфлеті әлемде үлкен рөл атқарып, көптеген мемлекеттерді, мемлекет басшыларының көзқарасын өзгерткені белгілі. Сол кездегі Ақш президенті  Джордж Буш-кішіні қатты сынға алған «Фаренгейт 9/11» памфлетін 2004 жылы түсірілген. Авторы Майкл Мур американ режиссёрі, саяси белсенді қоғам қайраткері.  Фильм 2001 жылдың 11 қыркүйегінде  Нью-Йоркте болған алапат қайғылы террактке арналған. Телефильм бастан-аяқ  Майкл Мурдың Ауғанстан мен  Ирактағы орын алған азаматтық соғыстың шығу мәселесіне қатысты жеке көзқарасының жиынтығы.

Фильм 2004 жылдың  25 маусымында АҚШ пен Канада   кинотеатрларының  прокатына шықты. Туынды $222 млн (оның 119 млн АҚШ-та, қалған 103 млн басқа елдерде) жинады. Бұрын-сонды  көрермендерден осыншама қаржы жинаған деректі  фильмдер тарихында бұл болып көрмеген оқиға. «Фаренгейт 9/11» 2004 жылы  Канн кинофестивалінде   «Алтын пальма сабағын» жеңіп алды.  2009 жылы «The Daily Telegraph» газеті бұл фильмді «XXI ғасырдағы ең үздік фильмі» ретінде таныды. Қазір уақыт өте келе,  жылдар жылжыған сайын сол фильмді көрсек, мына қым-қиғаш дүниеде не болмай жатыр деп ойлайсын. Алып бара жатқан түкте жоқ сияқты. Сол сияқты кезінде керемет адамдар туралы түсірілген кинотуындылар бар, ол сол кездегі көптеген проблемаларды шешкен сияқты көрінеді.  Ал   жылдар өте қайталап  қарасан ескіріп қалады. Сондықтан да өткен шақ туралы әр заманның оған берер өз тынысы бар. Бір оқиға немесе белгелі тарихи тұлғаға қатысты әр кезеңде бірнеше фильмдер жасалуы да содан. Әр заманның өтіп кеткен мәселелерге өз қөзқарасы болады. 

Тәуелсіздігімізге  25 жыл толды. Осы кезеңдегі қазақ кино өнері көбінесе қандай басты қағидаларға негізделді және қандай бағытта жүрді? Осыған сіздің көзқарасыңыз.  

Жалпы мен кинокөрермен ретінде айтайын. Мысалы, «Көшпенділер» туындысы шыққан кезінде сәтсіз фильм болып айтылды, жазылды. Ол кезде киноға деген біздің көзқарасымыз, заманауи рухымыз басқа болған шығар. Уақыт өте келе фильмнің құны өскен секілді. Алғаш көргенде нашар фильм болып көрінгенімен, қазір тәп-тәуір, қазақтын тарихын жақсы көрсете алған, көркемдік шешімдері бар, актерлері жақсы фильм. «Жаужүрек мың бала» фильміне келсек, үлкен экранға шыққан кезінде көрермен мақтауының астына алды. 10 жыл өткен соң бұл мәңгілік фильм бе, әлде уақыт сұранысын дәл тапқан  «атыс-шабыс шоу» фильмі болып қаларын уақыт көрсетер. Сильвестер Сталоне, Арнольд Шварцнегердің сол кезде  кассалық фильм жасаса да, уақыт өте келе оны бүгінгінің миллиондары көргісі келмейді. Қазір бізге, қазақ көрерменіне  «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» сияқты фильмдер қажет.  

Қазіргі қазақ деректі киносының дамуы, алған бағыты туралы пікіріңіз қандай? Деректі фильмдердің түсірілімінде қандай мәселелер бар?

Қазіргі таңда  деректі фильмдерді кім жасап,  қандай компания түсіріп жүргендерін көпшілік біле бермейді. Әрине, олар телеарналарда көрсетіліп жүр, бірақ көп адам оны қарамайды. Деректі фильмдергі  тағы бір мәселе, оны халық мойындайтындай эфирде ел танитын белгілі адамдар жасауы керек.  Танымдық берері мол ұлы  тұлғалар туралы фильмдер жасалса, ол жақсы қабылданып, жақсы ойға әкелер еді. Мысалы, өз аудиториясы бар Мая Бекбаеваның  түсіріп жүрген фильмдерін жастар жақсы қабылдап жатады. Сондай-ақ, ересек адамдар талғамын қанағаттандыратын сол тұлғалар туралы да, ұлттық тұрғыда мазмұн беретін телефильмдер жасау керек. Келесі дәл сол фильмді басқа қырынан көрсету үшін басқа авторларға бюджет бөлген жөн. Өмірден алынған мәлімет, әрбір классикалық шығармаларды, мәселен «Абай жолын», Абайдың өлеңдерін ғұмырының әр кезеңінде оқысан, бұл шығармаларды әртүрлі қабылдайсын. Деректі фильмдердің де осылай дамығаны дұрыс шығар. Мысалы, жастарға басқа адам жасаса, орта жасқа басқа, үлкен жасқа басқа бағытта фильмдері түсірілгені дұрыс  шығар. Олар жинақтала келе, қазір күн тәртібінде тұрған «Рухани жаңғыру» талабынан табылары сөзсіз.

Деректі фильм түсіргенде, сіз қандай  қағиданы ұстанасыз?

Басты  нақты жағдайды, нақты өмірді көрсете алу. Яғни, қашанда көрерменнен озық болу, олар білмеген, естімеген мәліметтерді жария ету. Заманнан заман туады деген секілді өмір сүріп отырған қоршаған дүниені көрсете алып, бүгінгі сәтте адамзатты толғандыратын мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынатын, айрықша дүниелер жасауымыз міндет. Айта алмайтын  нәрсені камерамен, бейнеқатармен, адамдардың жан-дүниесін паш ететін көзі, жанарымен жеткізе алуымыз керек. 

Жас режиссерлерге қандай кеңес берер едіңіз?

Шетелдік фильмдерді қарап, шетелге барып, олардың даму үрдісін, өмірін көріп өз дүниетанымдарын кеңейтіп, сезінуі керек. Мысалы,  «Жаужүрек мың бала» фильмін қарасаң «Троя», «Гладиатор» сияқты фильмдердің оқиға желісі мен бейне іс-қимылын еске түсіреді. Дүниежүзі бойынша Үндістан кино түсіруден алдынғы орында. 1000 киноның 300-і Болливудта дайындалады. Сол үнді фильмдерін қарап отырсаңыз, Голливудпен аты ұқсас секілді, оқиға мен бейнеқатарлары да сол Голливуд киноларын қаз-қалпында қайталайды. Үнді еліндегі қарапайым көрермені Голливуд киноларын көруге ақшалары жоқ. Ал, аразан көшірмені тиынға қарауға болады. Бұл арнайы кемшілік деп ойламаймын, өйткені біз кино түсіруде енді ғана үйреніп, дамып келе жатқан ел болғандықтан. Оған түсіністікпен, кешіріммен қараған абзал.  Көптеген фильмдердің оригинал және копия нұсқалары бар, себебі, көркемөнер 33-36-ақ сюжеттен тұрады.   Бақыттылар шаттығы бір-біріне ұқсас, бақытсыз пенделер ғана өздерінің пешенесіне сан қилы проблема іздейді дегендей. Режиссер болу үшін көп фильмдер көріп, өзіне ұнаған сәттерді (моменттерді) байқап, белгілеп, таңдап, талғап, жадыда жаттап алу керек.  

Сіздің «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» атты кітабыңыз бар. Осы туындының жазылу процессімен, бұл еңбекті жазуға түрткі болған мәселе жөнінде кеңірек тоқталсаңыз!

Кино туралы қазақ тілінде оқулықтар саусақпен санарлық.   «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» атты кітәбімді жазуыма осы түрткі болған. Деректі фильмді жасау жолдары, тақырып таңдау, фильмді түсіру тобын құру, шарт жасау жолдары   сияқты тақырыптарды қамтыған шығарма. Сол себептен, 6 айдың ішінде көп жылдық тәжірибе арқасында жазылған кітап. 2004 жылы 3 мың тиражбен «Фоллиант» баспасында шығарылған. Кітап жазу деген өте қиын екенін сонда сездім. Оған талант пен қатар жалықпайтын мінез, 5 бетті жазбай орнымнан тұрмаймын деген еңбекқорлық керек.

Алдағы түсірілетін фильмдеріңізде қандай тақырыпты қозғағыңыз келеді? Бұрын көрмеген қандай кейіпкерлерді көре аламыз?

Барлығы заманға байланысты. Жоспарлар әрине көп. «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» деп жазғанымдай үлкен кино түсіргім келеді.

Әңгімеңізге көп рахмет!            

22 Қазан 2017
166
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет