Ақын Мақпал Жұмабай "Көзімнің қарасы" клубында қонақта болды

Шығармашыл жастардың «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубы жаңа оқу жылындағы алғашқы кездесуі белгілі ақын, өзіндік мақамды жырлары бар, «Қырандар мен қазақтар», «Мақпал шер» жыр жинақтарының авторы Мақпал Жұмабаймен болды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу өте еркін форматта өтті.  

Өз ізденісіне «мақамды жыр» деген атау берген Мақпал, әңгімесін ешқандай шеңберге сыймайтын өнері жайында бастады. Әр шығармасын өзіне тән мақамымен жеткізетіндігі бұрыннан бар дәстүрлі поэзияның жарқын үлгісі екенін айтып, өзін сол дәстүрді жалғастырушы деп есептесе де немесе заманның жаңа бағыты деп қабылдаса да ешқандай айырмашылық болмайтынын білдірді. Кездесуге келгендер «Мақпалдың мақамды жырларын» тыңдап, сусындап отырды. Мақпал студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына бар ынтасымен жауап берді.

  

Идея үшін өмір сүрудің маңызын да түсіндіріп өтті. "Жүрек тастар" туралы әңгімесі арқылы бала мен ананың нәзік қарым-қатынасын ұғындырды.

Кездесудің соңында Мақпал Жұмабай «Көзімнің қарасы» клубына «Мақпал шер» жыр жинағын сыйлады. Дәстүрлі түрде клуб мүшелері Мақпал Жұмабаймен суретке түсіп, алған әсерлерін жасыра алмай тарады. 

30 Қыркүйек 2017
190
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет