Алматыда Шымкенттік жас режиссерлер фильмдерінің көрсетілімі өтеді

Көзімнің қарасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың "Педагогика және мәдениет" факультеті "Өнер" кафедрасының студенттерінің фильмдерінің көрсетілімі болады

1-қараша күні, сағат 13:00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және мәдениет» факультеті «Өнер» кафедрасының студенттік фильмдерінің көрсетілімі болады. Көрсетілімде Қазыбек Убайдиннің «Мұзды уақыт», Ерік Кедельбаевтың «Мейірімді құбыжық», Марғұлан Еркіннің «Түйсік» фильмдері көрсетіледі.

 

"Мұзды уазыт", реж.: Қазыбек Убайдин

"Мейірімді құбыжық" , реж.: Ерік Кедельбаев

 

"Түйсік" , реж.: Марғұлан Еркін

Көрсетілімге фильм режиссерлері мен кинотанушы Ержан Жұмабеков қатысып, көрсетілген фильмдер аясында студенттер мен фильм режиссерлері арасында еркін түрде пікір алмасу болады. Барша келем деушілерге есігіміз ашық!

26 Қазан 2017
430
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет