"Шыңырау" қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі өтеді

Рақымжан Қалдыкөздің "Шыңырау" қысқаметрлі фильмі "Көзімнің қарасында" көрсетілмек.

9-қараша күні, сағат 15:00 де, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен, 4-5 қараша күндері Ресейдің Қазан қаласында өткен «Zilant» халықаралық кинофестивалінде «Үздік қысқаметрлі фильм» номинациясына ие болған режиссер Рақымжан Қалдыкөздің «Шыңырау» фильмінің көрсетілімі өтпек.


Фильм, отбасын құрғандарына он жылдан астам уақыт өтсе де бала сүймеген көкпаршы жігіт пен әйелінің қарым-қатынасы жайлы.

«Шыңырау» фильмі сондай-ақ, II республикалық «Байқоңыр» қысқаметрлі фильмдер фестивалінде «Ең үздік актриса» номинациясын, қыркүйек айында Шымкент қаласында өткен республикалық «Самғау-2017» кинофестивалінде ең үздік фильм ретінде танылып бас жүлдені иеленген.

Барша киносүйер қауымды асыға күтеміз! 

5 Қараша 2017
282
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет