Қазіргі қазақ киносындағы жағымсыз кейіпкер

Кинотанушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында 1-орынды иеленген Табиғат Сембаевтың мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Табиғат Сембаев

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, кинотану, I курс



Бас кейіпкерге алдына қойылған мақсаттарға жету жолында кедергі болатын кейіпкер ол- антагонист, яғни жағымсыз кейіпкер. Антагонист пен бас кейіпкер протагонист қақтығысы ең маңызды орталық конфликтің қозғаушы күші болып табылады. Жағымсыз кейіпкердің әрекеті басты кейіпкерді жеңуге кедергі келтіріп ғана қоймай, кейіпкердің дамуына, мінезін қалыптасуына себеп болады. Антагонист ретінде тек кейіпкер ретінде емес, кейіпкерлердің тобы, ұйымы, қоғам немесе сыртқы әсер,тылсым күш, табиғи апаттар, катаклизмдер, әлеуметтік тәртіп бола алады. Бәлкім, бас кейіпкерге қатысты сыртқы күштерді ғана емес, сондай-ақ жалпы моральдық қағидаларды антагонисттің кең анықтамасы болуы ықтимал. Кейбір кезде антагонис мүлдем болмауы да мүмкін.

Қазақ даласында алғашқы фильмдерінде-ақ жағымсыз кейіпкер пайда болды. Ең алғашқы фильмдер кеңес үкіметі тапсырысы бойынша түсірген. Ол кезде коммунизмді, қызыл армияны, Ленин саясатын насихаттайтын фильмдер түсірілді. Сол себептен жағымсыз кейіпкерлер олар- ақтар, яғни патша үкіметі болды. Авангартты қазақ фильмдерінде нақты бір жағымсыз кейіпкер болған жоқ. Идеологиялық, абстракты жау болды. Мысал ретінде Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры», Мәжит Бегалинның «Оның уақыты келеді» фильмдерінде антагонис бейнесі қарапайым халықты қанайтын, күн көрсетпейтін билік. Жағымсыз кейіпкер болса стереотипті қолында билігі бар басшы.

 Уақыт өте экранда барлық назарын өзіне тартатын нағыз «қазақ антагонистер» пайда болды. Оның айқын бір үлгісі режиссер Сұлтан Қожықовтың, 1970 жылы Ғабит Мүсіреповтың  сценарий желісімен түсірілген «Қыз Жібек» көркем фильміндегі Асанәлі Әшімов сомдаған Бекежан бейнесі. Режиссер Қалықбек Салықовтың 1988 жылғы Шахимерден Құсайыновтың сценариі бойынша түсірілген «Балкон» фильміндегі, Анвар Чужигуловтың «Хаки-Бес» бейнесі атуға болады.

Қазақ киносында біраз уақыт бойы жағымсыз кейіпкер ер азамат болатын. Ал кәзіргі қазақ киносындағы антагонист бейнесі: өз жеке басын ойлайтын, жүрегі «ақша» деп соғатын әйел обрызы. Қатыгез әйелдің алдыңғы планға шыға басталды. Оның дәлелі 2016 жылғы Нұрлан Қоянбаевтың продюсерлігімен түсірілген  «Қазақша бизнес» фильмдегі Кұралай Анарбекова сомдаған Лаура бейнесінде көре аламыз. Бәріненде алдына өзінің әлеуметтік дәрежесін қойған. Сол мақсатқа жету үшін көп қорлыққа дайын.

Қазіргі қазақ кинематографында әртүрлі жағымсыз кейіпкерлерге толы фильм, 2017 жылғы шыққан  «Алмас қылыш» көркем фильмі. Режиссері Рүстем Әбдрашов. Бұл фильмде барлық жағымсыз кейіпкерлер харизмалық, колоритті. Фильмде мінезді, ойлы, идеалогиялық және сана сезімді әртүрлі антагонисттерді көруге болады. Мысал ретінде: Шайбани Шах билік үшін барлығына дайын, қатыгез, жауыз хан. Өзінің пайдасын ойлап, іріткі салатын Шахтың бәйбішесі. Қазақ халқының көзін құртуды мақсатқа алған Қалмақтар мен Ойраттар. Осылардың ішінде ең күрделі жағымсыз кейіпкер Мұхаммед Шайбани. Аңсағаны хандық билік. Мақсатына жетуге бәріне дайын. Соған қарамастан адамгершілік қасиеттер бойында кездеседі. Берген уәдесінде тұрады. Оған ең алдымен маңыздысы намысы. Намысын жерге таптатпайды. Намысы үшін өлуге дайын.

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алу жолындағы Қазақ-Жоңғар арасындағы соғыс туралы үздік фильм «Жаужүрек мың бала». Режиссер Ақан Сатаев. Бұл фильмде антагонис бейнесі екеу. Біреуі ол: жоңғарлар, ал екіншісі Аян Өтепберген сомдаған Таймас батыр. Екі антагонис сюжетке екі түрлі ықпал етеді. Жоңғарлар басынан жағымсыз бейне. Олардың мақсаты қазақтың шұрайлы, кең жерін басып алып, қазақ елін жаулап немесе көзін құрту. Қазақ қыздарын күн, ұлдарын құл етпекші болды. Ал Таймас болса уақыт өте жағымсыз кейіпкерге айналды. Оны сатқындыққа итермелеген қызғаныштық. Тағы бір себебі жан досы Сартайдың шешімдерінен көңілі қалуы. Оның ойынша Сартай әлсіреді, ұсақталды. Сол үшін дұрыс шешімдер қабылдай алмайды. Қазақ жастарына жаңа басшы, көсем керек екендігін туралы ойлады. Сартайды тоқтатса «бәрі дұрыс болады» деген ой туды. Ал тоқтату үшін оны өлтіру қажет болды. Міне, сол себептен осындай шешім қабылдады.

«Қыз Жібек» фильміндегі Бекежан бейнесімен параллель жүргізуге болады. Екеуінің ұқсастығы көп. Бір-ақ Таймас фильм барысында сабасына түседі, тәубесіне келеді, қателік істегенін түсіп, досы үшін жан беріп жазасын өтейді.

Режиссердің шығармашылығындағы тағы бір фильм 2007 жылғы шыққан «Рэкетир». Бұл фильмде қоғамдағы жағымсыз кейіпкерлер: ұрылар, қылмыскерлер, алаяқтар басты рольдерде. Антагонист те, протагонист те қылмыс әлемімен байланысты. Олай болу себебі фильм еліміздің тәуелсіздік алған алдыңғы жылдардағы ауыр жағдайлар туралы. Сол уақытта еліміздің тең жартысы ұрлықпен, яғни рэкетпен айналысты.

2012 жылы Ермек Тұрсыновтың  «ШАЛ» фильмдегі антагонис бейнесінде қасқырлар, яғни табиғи катаклизм немесе стихиялық жау. Қасқырларды басты қозғаушы күш, мақсаты ол- кек. Кек алу жолында басты кейіпкерге бұл дүниеден орын табуға, өмірге құлшыныс оятуға ықпал етті. Жағымсыз кейіпкер протагониске мінезін, ішкі жан дүниесін ашуға және өмірге басқаша қарауға үлкен әсерін тігізді.

Жоғарыда айтылып өтілгендей жағымсыз кейіпкер фильмде болмауыда мүмкін. Оның дәлелі Дәрежан Өмірбаевтың 2012 жылғы «Студент» фильмі. Бұл фильм Фёдор Достоевскийдың «Преступление и наказание» роман желісі бойынша түсірген. Романдағыдай қылмысы үшін жазаланды. Басты кейіпкер өмірдің қыйындығына шыдамай қылмыс жасайды. Қылмыс істеудің тағы бір себебі өзін тексеру болды. Әлсіз  еместігіне көз жеткізу. Фильмде кейіпкердің ішкі тартысы байқалады. Ол фильмнің басынан аяғына дейін өз-өзімен күреседі. Бір сөзбен қарама-қарсы кейіпкер.

Қорыта келсем: Қазіргі кезде қазақ киносы қарқынды түрде дамуда. Фильмдерде кейіпкердің мақсаты мен мінезі күрделене басталды. Бәрібір де, шеңберден шығалмай тұрмыз. 90% жағдайда жағымсыз кейіпкер қоғамға, адамашылыққа қарсылық көрсетіледі. Жағымды кейіпкер болса тек әділеттілікті, достықты, шындықты насихаттайтын, жұлымдылықпен күресетін қаһарман. Ал қазіргі таңда әлем кинематографында кейіпкер ақ пен қараға бөлінбейді. Жағымды кейіпкерде кем дегенде бір кемшілігі болады, ал антагонист болса адамгершілік қасиеттер байқалады. Міндетті түрде әр кейіпкер, бәрібір жағымды-жағымсыз болсын оқиғаға өзіндік көзқарасы болады. Осы тенденцияны қазақ киносы ұстанса, кино саласындағы алдынғы елдердің бірі болып қоймай, көшін бастайды. Назарларыңызға рахмет!

19 Қараша 2017
154
1
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет