Қуыршақ театрының актрисасы Сәбила Абуевамен кездесу өтеді

Мемлекеттік Қуыршақ театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Сәбила Абуеваның 70 жас мерейтойы мен сахнадағы 50 жылдық еңбегіне орай «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубында Қуыршақ театрының артистерімен кездесу өтеді.

Бүгінгі таңда 83 жылдан астам тарихы бар өнердің қара шаңырағы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері желтоқсан айының 7 жұлдызы күні, сағат 12:00-де «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының төрінде қонақта болмақ. Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, театрдың анасы Сәбила Абуева, сондай-ақ, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Болат Момынжанов, Марал Тәуекелова, Құралай Исмагулова, Мақсат Камалов, Арай Сақтағанова, Арайлым Байырбекова сынды театр артистері келеді. Кездесу барысында Қуыршақ театрының тарихи қалыптасу кезеңі, кешегісі мен бүгіні және болашағы турасында сөз өрбімек. Сонымен қатар, театр артистері көрермендерге театр репертуарындағы спектакльдерден үзінді көрсетіп, шеберлік сағатын ұйымдастырады. Таңғажайып қуыршақ театрының әлеміне сапар шегуге асығыңыздар!

Кездесу Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында өтеді. Мекен-жайы: Панфилов көшесі 127.    

5 Желтоқсан 2017
265
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет