Алматыда "Ән-күй" керуені атты концерт өтеді

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония залында "Ән-күй керуені" атты дәстүрлі музыка концерті өтеді.

Сәуір айының 21-күні, сағат 16:00-де, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония залында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, "Дәстүрлі музыкалық өнер" кафедрасының ұстаздары мен студенттерінің "Ән-күй керуені" атты есеп беру концерті өтеді.

Концертке қатысатындар:

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев;

ҚР Мәдениет қайраткерлері Талғат Мұқышев, Мұрат Әбуғазы, Нұржан Жанпейісов;

Халықаралық конкурстардың лауреаттары Шолпан Даржанова, Сырым Нұрмолдин, Мақсат Медеубек, Ақалтын Бекболатова, Нартай Бекмолдин, Бағылан Бәбіжан;

Домбырашылар ансамблі, сыбызғышылар ансамблі, жетігеншілер ансамблі;

Сонымен қатар, «Алатау» фольклорлық этнографиялық ансамблі, жетекшісі Қайырғазы Төлен.

17 Сәуір 2017
387
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет