Жұлдыздар тек армандаушыларға жарқырайды

2017 жылдың 20 сәуір күні, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар тек армандағандарға ғана жарқырайды» атты халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда әлемнің әр құрлығынан, яғни Қазақстан, Рессей, Украина, Румыня, Грузия, АҚШ, Италия, Израиль, Жапон жерінен 60-қа жуық өнер тарландарының туындылары қойылады. Көрмеде кескіндеме, графика, қолданбалы өнер (зергерлік, ағаш, тері, гобелен, батик, киіз) туындыларын тамашалай аласыздар.

Өнер тарихындағы әрбір кезең өзіндік ерекше жаңалығымен қызықтырады. Бүгін де заманауи бейнелеу өнері көрермендердің тез қабылдап, түсінуін талап етеді. Өнер әлемінде осындай жаңалығымен еліктіретін «Жұлдыздар тек армандағандарға ғана жарқырайды» атты халықаралық өнер көрмесі.

Экспозицияда әлемнің әр құрлығынан, яғни Қазақстан, Ресей, Украина, Румыня, Грузия, АҚШ, Италия, Израиль, Жапон жерінен 60-қа жуық өнер тарландарының туындылары орын алады. Көрмеде  кескіндеме, графика, қолданбалы өнер (зергерлік, ағаш, тері, гобелен, батик, киіз) және аралас техникадағы туындыларды тамашалай аласыздар.

Жобаның авторы – кәсіби қолөнер шебері, кескіндемеші, «Lucky Turtle» брендінің негізін қалаушы және «Leila Arts» шығармашылық жобасының авторы Лейла Ахмет Осман және көрмені ұйымдастырушы, кескіндемеші, станокты графика және академиялық сурет кафедрасының оқытушысы Мәлік Жұмағұлов.

Көрменің негізгі аталымының өзі адамның ой-санасын жан-жақа жетелеп, жүреке бір сенім ұялатады. Бұл жобаның ерекшелігі тасбақаның бейнесі және панциріне жазылған «сан» – сәттілік, есен-саулық, сенім, армандардың орындалуына септігін тигізетін нышанға айналғаны негізделеді. Әрбір суретші өзіндік композициялық идеясымен шешкен туындыларын әлемде болып жатқан хаосқа қарсы нық тұратын адамгершілік пен сенім екенін дәлелдеу мақсатын көздеген. „Әлем мінсіз емес, бірақ оны әдемі де еркін ету біздің қолымызда„ - деген қағиданы ұстана суретшілер өз көзқарастарын қайталанбас ерекше туынды арқылы айқындаған.

Тасбақаның панциріндегі бейнеленген сандар бір шифрланған код іспеттес. Бір қызығы, тоғыз төртбұрыш клеткалар үш қатарға бөлініп бейнеленген. Оның ішіне жазылған сандарды қалай қосып санасаңда «15» болады. Мұның құпиясын неде? Сұрақтың жауабын тарих беттерінен парақтағанда бірнеше қызықты деректер айғақталды. Негізінде ежелгі дәуірде қалыптасқан наным-сенімдер, аңыз бен мифтер адам өмірімен тікелей байланысты екені тарихтан мәлім.

Осындай құбылыстың бірі – Қытай жерінде үш мың жыл бұрын су тасқыны болып, халықтарды су басып қалған екен. Сонда халық су құдайы «Ло» адамдарға риза болмай қаһарына мінді деп, оны тоқтату үшін теңізге, өзенге әрдайым құрбандық рәсімін өткізген деседі. Сол кезде «Ло» құдайы панцирінде тоғыз төртбұрыш клеткалар үш қатарға бөлініп, оның ішіне нүктелермен өрнектеліп сан жазылған тасбақа болып шыққан екен. Клеткадағы сандарды көлденең, тігінен, диагонал санағанда «15» саны есептелген. Содан қытай халықы 24 циклді жылдық күн есебі «15» санымен теңесетінін айқындаған. Бүгінде де, бұл қытай халқында « Ло Шу-Магиялық Квадрат» - деп аталынады. Бұл елімізге, жерімізге үлкен сәттілік пен саулық, ұзақ өмір әкеледі деген ұғымда болды. Ал үндістерде мұндай магиялық квадрат ХІ ғасырда Кхаджурахо қаласында пайда болған екен. Бұл үндістердің әйгілі сәттілік жұлдызнамасының қалыптасуына негіз болған екен. Ондағы квадраттың ішіне сан белгілері нүкте арқылы өрнектеліп салынған. Бүгін де сол нүктенің орнына араб саны бейнеленіп көрсетілген.

Көрменің маңызы да осында. Суретшілер бұл тасбақаны әр түрлі қырынан және бірін-бірі қайталамайтын ерекше идеяларымен туындап көрсетсе, үстіндегі төртбұрыш пен ондағы сандар орнын өзгертпей бейнелеген. Егер де көрмеге қатысушы суретшілердің туындыларына қысқаша сипаттама берер болса, олар туындыларын қандай техникада орындамасын әрбір сызған сызықтарында бір сенім, бір тілек. Айталық Ағымсалы Дүзелханов «Мұра» туындысында тақырыптық негізді ұстана ұлттық мәнерде шаңырақтың бақыт пен есен-саулықта болуына, Мәлік Жұмағұлов «Инсталляция» жұмысында әлем жер шары алапат апаттан, аштық пен соғыстан аман болайық деген тілекпен,  Лейла Ахмет-Осман «Бақытты тасбақа» гобеленінде « ...егер адамдарды армандау қабілетінен айырса, оның өмірге мәдениет пен өнер-білімді дамытуға деген ең қуатты құштарлығы, тамаша болашаққа деген күресі мен талпынысы жойылады» - деп өз ойын білдірген. Адам өмірінде жақсылық пен жаманшылық, қуаныш пен қайғы ортақ жүреді емес пе, соған мойымай өз сенімін жоғалтпай тығырықтан шығу жолын әрдайым іздеп жүреді. Оны біздер тіршілік деп айтсақ қате болмас. Бубэ Нэлли «Сұлу» жұмысындағы композициялық идеясын « ...тасбақа ұзақ өмір сүретін, ақылды, сабырлы жануар. «Асықпаған арбамен қоянға жетер» - деп мақалмен түсіндереді. Иә асықпай, ақылға салған іс оңды болады. Жалпы суретшілер әр істің өз орны, өз уақытты, өз шегі бар деген түсінікте өз көзқарастарын шектеусіз еркін туындап ерекшеліктерін танытып отыр.

Заманауи суретшілердің әрбір буыны өнерге қайталанбас едәуір үлесін қосып келеді. Қазақстан өнері ұрпақтардың үзілмес байланысы мен өзінің болашаққа терезесінің ашық екенін көрсетіп, өз дамуының жаңа арнасына нық қадам басып келеді. Армандарға жетелейтін сенім еш уақытта шектелмесін деген тілекпен, іске сәт, дейміз.

Көрме жетекшісі: Жұбаниязова Г.Қ

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет