"Мақпал шер" жыр жинағының тұсаукесері

Мақпал Жұмабайдың "Мақпал шер" жыр жинағының тұсаукесері Алматы қалаcында өтеді.

Жақында қазақтың талантты қыздарының бірі Мақпал Жұмабай "Мақпал шер" атты жыр жинағы мен CD дискісін шығарып, оның алғашқы легі оқырман қауымға жол тартып үлгерген болатын.

23-мамыр күні сағат 16:00-де Алматы қаласында "Мақпал шердің" тұсаукесер кеші өтеді (Coworking HUB "Алатау Гранд", 6-қабат). Кездесуді ақын Есей Жеңісұлы жүргізеді.

Кездесу Мақпалдың мақамды жырларын орындауымен, пікірлесу және ой бөлісумен жалғаспақ.

  • Мақпал Жұмабай – ақын. Оның "Ана" атты өлеңін жақсы көрмейтін қазақ жоқ. "Мақпал шерге" дейін "Қырандар мен қазақтар" деген кітабы жарық көрген.
  • Мақпал – әнші. Ол өзінің өлеңдерін оқымайды, орындайды. Оның мақамды жырларын естіген жұрт "құлағымызға алыстан талып қобыздың үні келгендей болады" деп баға береді.
  • Мақпал – суретші. Ол өзінің "Мақпал шеріне" сурет салдыру үшін үш иллюстратормен жұмыс істейді. Алайда, олардың салған суреттері көңілінен шықпай, ақыры өзі сурет курсына қатысып, кітабының барлық суреттерін салып шығады.
  • Мақпал – гитарашы. Ол мақамды жырларын гитарамен өзі сүйемелдейді.
  • Мақпал – журналист. Ол алғашқы еңбек жолын 2003 жылдары "Ана тілі" газетінде, "Қазақстан", "Балапан" телеарналарында журналистік қызмет атқарған.
  • Мақпал – әдеби менеджер. Ол – бүгінде Қазақстанның ашық кітапханасы Kitap.kz сайтының бас редакторы әрі ұйымдастырушысы.
Дереккөз
22 Мамыр 2017
385
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет