Қаллеки театры Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселім" повесін сахналады

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры "Бейбітшілік және Келісім сарайында" "Қызыл орамалды шынарым" атты лирикалық драмасының тұасукесерін ұсынады.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 31 мамыр күні, сағат 19.00 «Бейбітшілік және Келісім сарайында» «Қызыл орамалды шынарым» атты лирикалық драмасының тұсаукесерін өткізеді.

Қойылым режиссері – Қазақстанның Халық артисі Талғат Теменов.

Қоюшы суретшісі – Рахат Сапаралиева.

 

Суреткер жазушы, қарымды қаламгер Ш.Айтматовтың махаббат тақырыбында қалам тербеген «Арманым, Әселім» повесі негізінде Қазақстанның Халық артисі, режиссер Талғат Теменов «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасын ұсынады.

Спектакльдің басты кейіпкерлері – Ілияс пен Әсел тағдырдың жазуымен кездескен еді. Ойда-жоқта кездесуден басталған таныстық үлкен махаббатқа ұласады. Екеуінің кіршіксіз таза, адал махаббаттарына кедергі болған не жағдай? Ұзатылып бара жатқан жерінен туған туыстарын тастап, сүйгенімен кете барған Әселдің өмірі қалай болды? Бір-ақ рет жіберілген ағаттық Ілиястың отбасынан айырылуына әкеп соғады. Ақыр соңында нағыз сұлу, пәк жанды Әселмен бірге қалатын кім, осы бір шырғалаң дүниеде қайсысы жеңіске жетеді? Қойылымда сезім мен намыс сынға түсіп, «бастарына бейуақ бақытсыздық орнаған» жандардың өмірі баяндалады.

Сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, достық, көре алмаушылық, жауапкершілік, қамқорлық сынды тақырыптар қозғалатын лирикалық драмада нәзік сезім, ішкі мұң жатыр. Спектакль өмірдегі ұмытылмас, жүректің түкпірінде терең сақталған қимас махаббатты әспеттейді. 

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет