"Тұран" университетінде режиссер Серік Әбішевтің шеберханасы ашылды

Биыл "Тұран" университетінде режиссер, продюсер Серік Әбішевтің шеберханасына студент қабылдау басталды.

Серік Әбішев – режиссер, продюсер, атқарушы продюсер, актер. 1986 жылы 24-мамырда дүниеге келген.

2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино және ТВ» факультеті, Дамир Манабайдың шеберханасын тәмамдаған.

2015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Режиссура» мамандығы бойынша магистратура бөлімін тәмамдаған.

Қазіргі уақытта осы оқу орнында «Режиссура» мамандығы бойынша докторантура (PhD) бөлімінде дәріс алуда.

Драма, комедия, шытырман оқиға, трагикомедия, триллер және фантастика жанрларында жұмыс істейді.

Америкалық Foreign Policy журналының «2015 жылдың 100 жаһандық ойшылы» тізіміне енген.

Серік Әбішев: «Менің кинодағы әдістемем – теория мен тәжірибе. Тәжірибе болғанда да, партизандық кино негізіндегі киноөндіріс. Дәл осы әдіс арқылы үлкен қаражат іздеуге уақыт жоғалтпай, лекция барысында алынған білімді іс жүзінде пайдалануға болады. Мен кинодағы прагматизмнің жақтасымын. Аз бюджетті сәтті фильм жасаудағы тәжірибем жаман емес және өзімнің білімімді ең алдымен нақтылы конъюнктурамыз үшін жеткізбекпін. Бұл нақты біздің жағдайдағы кино өндірісі бойынша, заманауи қазақстандық кинематографтағы жұмыстың барлық нюанстары бар курс пен білім болады. Мен тынымсыз ізденістегі кинематографистпін және менің мақсатым студенттер курс аяқтаған соң бірден кино өндірісіне еніп кетуіне жол ашу. Менің мақсатым – оларды қазақстандық кинематографтың қазіргі шынайы жағдайына дайындау. Көп уақытты тәжірибеге және фестивальдерде көрсетілетін фильмдер өндірісіне арнамақпын».

Фильмографиясы

Продюсер:

2011 Риэлтор

2013 Құрылысшылар

2014 Үкілі кәмшат

2015 Қаратас ауылындағы оба

Режиссер:

2009 Май (қысқаметрлі фильм)

2016 Куәгер

2016 Үзілмеген үміт

 

Фестивальдер мен жүлделер

 «Риэлтор» (2011)

«Құлагер» ұлттық киножүлдесі (Алматы), «Үздік дебют үшін», 2011 ж;

«Киношок» ХКФ (Ресей, Анапа), Қазылар алқасының арнайы жүлдесі, 2011 ж;

«Чистые грезы» ХКФ (Ресей, Санкт-Петербург), арнайы жүлде, 2011 ж;

CINDI ХКФ (Корея Республикасы, Сеул), «Ақ құбылғы» жүлдесі, 2012 ж;

«КиноЛикБез» ХКФ (Ресей, Барнауыл), «Алтын Жан Люк» бас жүлдесі, 2012 ж;

«Шәкен жұлдыздары» ХКФ (Алматы), «Шәкен жұлдызы» үздік көркем фильм үшін, 2012 ж;

Дубай ХКФ негізгі конкурсының қатысушысы;

VII «Евразия» ХКФ негізгі конкурсының қатысушысы.

«Құрылысшылар» (2013)

ASPA акдемиясының NETPAC-Development жүлдесі;

Ливан ХКФ сыйлығы;

XIII «goEast» ХКФ (Германия, Висбаден), негізгі конкурстың қатысушысы;

Бусан ХКФ (Корея Республикасы), негізгі конкурстың қатысушысы;

Эдинбург ХКФ (Шотландия), негізгі конкурстың қатысушысы, 2013 ж.

«Үкілі кәмшат» (2013)

Әлемдік тұсаукесері Канн ХКФ ресми секциясында өтті. Фильм Торонто, Бусан, Варшава, Мәскеу және т.б. халықаралық кинофестивалдерде көрсетілді.

Чикаго ХКФ (АҚШ), арнайы жүлде;

Ресей кинотанушылары Гильдиясының жүлдесі;

Варшава ХКФ (Польша), «Еркін рух» секциясының бас жүлдесі;

Фильм «Үздік фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» категориясы бойынша Азия киносыйлығына (Asian Film Awards) ұсынылған болатын.

«Қаратас ауылындағы оба» (2015)

Әлемдік тұсаукесері 2016 жылы 45-Роттердам ХКФ өтті, фильм Азия кинематографын дамыту желісінің NETPAC жүлдесіне ие болды. Фильм Тайпей, Перу, «Зеркало» (А.Тарковский атындағы ХКФ), Варшава, Сингапур, Париж және Якутск (бас демеуші жүлдесі) халықаралық кинофестивальдерінде көрсетілді.

25-«Киношок» ХКФ (Ресей, Анапа), «Золотая лоза» бас жүлдесі;

Ресей кинотанушылары Гильдиясының жүлдесі;

ХІІ «Евразия» ХКФ (Алматы), «Үздік режиссура үшін» жүлдесі;

«Листопад» ХКФ (Беларусь, Минск), конкурстық бағдарлама қатысушысы;

«Волоколамский рубеж» және «Золотая башня» кинофестивальдерінің негізгі конкурсының қатысушысы;

Вюрцбург ХКФ (Германия), негізгі конкурстың қатысушысы;

«ТМД және Балтия елдерінің үздік фильмі» категориясы бойынша НИКА ұлттық киножүлдесіне ұсынылған;

«Киносыншылар таңдауы» (Алматы), «Үздік драма», 2017 ж;

«Киносыншылар таңдауы» (Алматы), «Үздік режиссер» (Әділхан Ержанов), 2017 ж;

«Киносыншылар таңдауы» (Алматы), «Үздік қоюшы-суретші» (Ермек Өтегенов), 2017 ж;

X Чебоксар ХКФ (РФ, Чувашия), қазылар алқасының арнайы дипломы;

V Нью-Йорктық Еуразиялық ХКФ, «Үздік продюсер» жүлдесі (Best Producer Awards);

Роттердам ХКФ (Нидерланд), «Үздік азиялық фильм» NETPAC жүлдесі.

«Куәгер» (2016)

«Кинотанушылар таңдауы» (Алматы), «үздік сценарий үшін» жүлдесі, 2017 ж.

Дереккөз: http://www.turan-edu.kz

23 Маусым 2017
200
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет