Алматыда "Қазақ рухы" атты көрме ашылады

7 шілде ҚР Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде британдық коллекционер, профессор Гэйвин Кретчмар мен Альпер Акдениздің жеке коллекциялары көрмесінің сағат 17.00-де баспасөз туры, 17.40-да баспасөз конференциясы және сағат 18.00-де жабық түрде ашылуы болады.

Қазақстанның ірі көркемсурет музейі – Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қазақстандық және шетелдік коллекционерлердің көрмелерін жиі ұйымдастырады. Музей Нұрлан Смағұловтың, Азат Әкімбектің, Александр Невгоданың, Жібек Қараманованың, ағайынды Кара-Гюралардың немесе Нұрисламовтар отбасының тамаша жеке коллекцияларының көрмелерін көрсетіп қана қоюмен шектелмей, Қазақстандағы коллекция жинау мен меценаттық мәдениетті барынша қолдауға және коллекционерлер мен меценаттардың суретшілер мен өнерді қолдау ісіндегі маңызды ролін  айтып, көрсетіп отыруға тырысады.

Тәуелсіз Қазақстанның өнері Тәуелсіздік алған сәттен бастап Ричард Спунер, Қазақстандағы түрлі елдердің елшілері, шетелдік бизнесмендер мен дипломаттар сияқты шетелдік коллекционерлердің назарын аударып келеді.

Доктор Кретчмар Қазақстанға осыдан он жыл бұрын PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясының шақыруымен бизнес-қоғамдастықты дамыту жөнінде жұмыс істеуге және университетте бизнес пәнінен сабақ беруге келді.

Қазақстанның көз тартар сұлулығы мен мәдениеті  профессорға зор әсер етті. Елдің ежелгі мәдениетімен тереңірек танысып, бизнестегі серіктесі Альпер Акдениз екеуі бірігіп, бірегей дала мәдениеті халықаралық деңгейде кеңінен таныстырылуы керек деген тоқтамға келді.  Олар Ұлы Дала тарихын, Қазақ хандығы мен қазақтың көрнекті бабаларының тарихын әлемге көрікті көркем тілмен паш ететін 12 бөлімнен тұратын топтама жасауды ұйғарды.  Мұндай міндетті тұңғыш ұлттық толық метражды «Ер Төстік» мультипликациялық жобасын жасаушылардың бірі, Қазақстандағы сол кезде танымал болып үлгерген суретші Тимур Дайырбаевқа сеніп тапсырды. Тимур – бұдан басқа да ЭКСПО жайлы «Ғажайыптар көрмесі» мультипликациялық жобасының қоюшы-суретшісі.

"Тұсаукесер"

Гэйвин Кретчмар мен Альпер Акдениздің қазақ коллекциясы «Қазақ рухы» атты 12 көлемді кескіндеме мен Каспий жайлы «Колористер» топтамасының үш жұмысын қамтыған. Суреттен суретке өткен сайын көз алдымызға ежелгі қазақ бастауын, қазақ хандығының мәдени және тарихи оқиғаларын, ұлттық ойындарын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін алып келеді. 12 саны қазақтың дәстүрлі «Мүшел жас» күнтізбесіне негізделген. Тарихи оқиғалар немесе аңыздар көркем және жиірек аллегория түрінде бейнеленген.

ЭКСПО-2017 кезінде топтама жасап, оның көрмесін өткізу – оңтүстік астана қонақтарын Қазақстанның ежелгі тарихымен және өзіндік өнерімен таныстырудың оңтайлы сәті.

Клара Исабаева

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің баспасөз
қызметінің жетекшісі.

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет