Романтикалық тамыз айы

2017 жылдың 3 тамызында сағ. 19:00 Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі "Романтикалық тамыз айы" атты музыкалық вернисажына шақырады.

2017 жылдың 3 тамызында сағ. 19:00 Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі "Романтикалық тамыз айы" атты музыкалық вернисажына шақырады. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Түленова Меруерт (флейта) Атагельдиева Сабина (рояль) Шуманның романстарын, Рейникенің "Ундина" сонатасын, Паганинидің XI капризін, Дютийенің "Сонатинасын"  және т.б. еуропа композиторларының шығармаларын орындайды.

Түленова Меруерт – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектебін және Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясын бітірген. Бремен мен Карлсруэ (Германия) қалаларындағы Жоғары өнер мектебіндегі белгілі профессорлар Беттина Уельд пен Ренат Грайстан дәріс алған. Өнертану ғылымдарының магистрі. Сонымен бірге Латвия, Венгрия, Румыния, Ресей, Қазақстан елдерінде көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Мектеп жасынан концерттерге белсене қатысқан, қазіргі таңда Жамбыл атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі құрамында, Мемлекеттік үрмелі ағаш аспаптар квинтетінде, "Қазақстан Камератасы", Құрманғазы консерваториясында студенттік симфониялық оркестрінде, заманауи "Игеру" ансамблінде белсенді концерттік қызметін атқаруда.

 

Түрлі халықаралық жобаларда, соның ішінде "Қазақстанның Інжу-Маржандары" (Австрия, 2015), "Наурыз" атты қазіргі заманғы музыкаға арналған халықаралық фестивалі (Алматы, 2016), Халықаралық "Түркі әлемі" фестивалі (Турция, 2014)  және т.б. Германия, АҚШ, Австрия, Словения, Франция, Венгрия, Латвия, Румыния, Ресей, Турция, Азірбайжан, Қырғызстан мен Қазақстан елдеріндегі ең үздік сахнарда өнер көрсеткен.

Атагельдиева Сабина – Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының түлегі, магистр дәрежесі бар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Тұңғыш Президенті Қорының шәкіртақы иегері. 2012-2013
жылдары аралығында солтүстік Корольдік музыка университетінің оқуынан өткен (Манчестер қаласы, Ұлыбритания), Португалиядағы пианистер конкурсының лауреаты.

Кештің жүргізушілері – Исабаева Клара, баспасөз қызметінің жетекшісі және Түленова Меруерт, өнертану ғылымдарының магистрі.

26 Шілде 2017
132
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет