XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жабылу салтанаты болады

28 шілде күні сағат 18:00-де Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында XIII Халықаралық «Еуразия»  кинофестивалінің жабылу салтанаты өтеді.

Ауқымды іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдары академиясының президенті Айман Мұсақожаева, американдық театр және кино актері, продюсер, кинорежиссер, «Оскар» жүлдесінің екі дүркін номинанты Джон Малкович, ресейлік театр және кино актері Егор Бероев, кинорежиссер, продюсер, Қырғызстан кинематографистер Одағының төрағасы Садық Шернияз, Грузия кинематография Орталығының директоры Зураб Магалашвили, ресейлік актриса Софья Каштанова қатарлы зиялы қауым өкілдері мен шығармашыл жастар қатысады.

Жабылу салтанатында фестиваль қатысушылары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт өтеді. Концертте отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Әйгілі американдық режиссер Люк Бессонның  қазақ тіліне аударылған «Валериан және мың ғаламшар қаласы» фильмінің көрсетілімімен XIII Халықаралық «Еуразия»  кинофестивалі өз жұмысын аяқтайды.

 

 

 

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет