Бегалы Шібікеевтің «Ана» фильмі XVIII Халықаралық «Lucania Film Festival» байқауына қатысады

Қысқаметрлі фильмнің оқиғасы әлеуметтік жағдайының қиындығына қарамастан ұлының болашағы үшін аянбай, барын салуға дайын жалғыз басты ана жайлы.

Халықаралық «Lucania Film Festival»  кинобайқауы жастар киносы мен авторлық кино бағытын қолдау мақсатында 18-ші рет ұйымдастырылып отыр.

"Ана" фильмінен

«Өзім режиссер болғандықтан, продюсер қызметін атқару мен үшін жаңа тәжірибе болды. Негізі продюсер мен режиссер мамандығы екі бөлек нәрсе.  Алайда, мен өзімнің ұйымдастыру қабілетімді де сынап көргім келді. Дарынды жас режиссер Бегалы Шібікеевпен бірлесе түсірген алғашқы туындымыз жақсы шыққан сияқты. Әзірше Италияның «Лукания» кинофестиваліне жолдама алдық.  Біз үшін бұл фильмнің бұған дейін көптеген марапаттарға ие болған қырғыз режиссері Дастан Жаппарұлының «Әке мұрасы» («Завещание отца») сияқты атақты кинотуындылармен қатар бір кинофестивальде көрсетілуі жақсы бастама. Күзде Иранда өтетін тағы бір кинофестивальға шақырту алдық», - деп  қуанышымен бөлісті фильмнің продюсері Шарипа Оразбаева.

Пікірлер
Дана ӘМІРБЕКОВА

Бегалының фильмдері шынайылығымен жақын. Ол өзі қатарлас кейбір режиссерлер тәрізді фестиваль жүлдесі үшін емес, өнер үшін жұмыс жасайды. Сәттілік!

Ержан Жұмабеков

Ойыңмен толықтай келісемін. Алайда кейбірі емес, көпшілігі. Және де бұл құбылыс орынды деп ойлаймын. 

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет