Мәди Балжановтың "Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильмінің тұсаукесері өтеді

"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен режиссер Мәди Балжановтың "Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильмінің тұсаукесері өтеді.

«Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен 12 қазан күні режиссер Мәди Балжановтың «Пикапты іздеумен» атты қысқаметрлі фильмінің тұсаукесер көрсетілімі болады. Фильм идеясының авторы, сценарийін жазған және операторы Мәди Балжановтың өзі. Басты рөлді сомдаған Данияр Кибаев, қосалқы рөлде Александр Балдин.

Фильмде автомеханик болып жұмыс істейтін Рақым, нашақор бастығымен бірге  қосалқы бөлшегін пайдалану үшін ескі пикап автокөлігін іздейді. Бірақ, екеуі де көліктің қандай болатынын білмейді. Пикапты іздей жүріп Рақымның үш дөңгелекті белесебет туралы орындалмаған балалық арманы оянады, осының әсерінен жүйке жүйесінде олқылық пайда болып, қозғалыс үшін дөңгелекті ешқашан пайдаланбауды шешіп тек қана жүгіре бастайды. Адал ниетті бастығы қытайлық құрастырушылар жасаған үш дөңгелекті белесебет жібереді. Енді Рақымды ауыр таңдаулар күтіп тұр: балалық арманын қабылдау, әрі қарай өзін іздеу жолында жүгіре беру. Немесе пикаптың жолында...

Көрсетілімнен кейін фильмді түсіруге қатысқан шығармашылық топпен талқы-кездесу өтеді.

Көрсетілім Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кинозалында өтеді. Барша киносүйер қауымға есігіміз ашық!    

9 Қазан 2017
130
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет