Ақын Мақпал Жұмабайдың "Жалғызым" альбомының тұсаукесері өтеді

Ақын Мақпал Жұмабай “Жалғызым” альбомы үшін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобалар грантының иегері атанып, бір жылға жуық концептуалды альбомын жазды. Қарашаның 10-ы сағат 19.00-де қордың концерт залында live концерті мен альбом презентациясын тыңдарман назарына ұсынғалы отыр.

Ақын Мақпал Жұмабай оқырманға өз өлеңдерін жеткізудің жаңа формасын ұсынады. Ол әр өлеңін тек сол шығармаға ғана тән мақаммен жеткізеді. Автордың түсіндіруінше “әр өлең өз мақамымен туылады“. Поэзия кеңістігіндегі өзіндік жаңалығына ол “мақамды жыр“ деген ат берген. Мақпалдың мақамды жырлары: сөз өнері – мақам (саз, әуен) – автор – аспап сынды төрт элементтің қосылуынан түзілген. Жалпы Мақпал Жұмабай поэзия әу бастан музыкалы болған деп санайды. Және поэзияны сақтаудың, дамытудың жолы – cол музыкаға қайта оралуында деп тұжырым жасайды.

Ақынның “Жалғызым” концептуалды альбомына 9 мақамды жыры еніп отыр:
1. Өмір иісі
2. Аяу
3. Мұңды ғасыр
4. Жалғызым
5. Қырандар мен қазақтар
6. Сор
7. Үміт
8. Өкініш
9. Бір адым

Альбомда қамтылатын тақырыптар ауқымы – Отан, Ана, Адам турасында. Осы ұғымдар тудыратын құбылыстар xақында. Мақпал Жұмабай поэзиясының тақырыптық ерекшелігі – ел мен жердің, адам мен қоғамның, ана мен заманның, адамның ішкі арпалыстарының бір-бірімен астасып жатуында. Оның шығармалары бір ортақ лейтмотивке құрылып, оқырманы мен тыңдарманын үлкен ойларға жетелейді.

Альбомның аранжировкасы мен мастерингін жасаған Бейбіт Ақош.

Ұсынылып отырған live бағдарлама бойынша шығармашылық топ:

Автор/ақын: Мақпал Жұмабай
Музыкалық жетекші/аранжировка: Бейбіт Ақош
Бас гитара: Оралxан Сәдуақас
Акустикалық гитара: Еркін Аxметов
Электро гитара: Бақыт Жетенов
Клавиштік аспап: Алима Бекжігітова
Ұрмалы аспап: Андрей Дыбленко
Скрипка: Салтанат Тәшімова
10-қараша (2017ж), Сағат 19.00
Алматы қаласы, Ганди көшесі 10, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының концерт залы.

Концертке қатысу тіркелу және шақыру билеттері арқылы.

ақапарат Мақпал Жұмабайдың әлеуметтік желі парақшасынан алынды.

10 Қараша 2017
99
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет