Жас өнертанушылардың байқауы өтті

16-қараша күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің «Этноөнертану» мамандығының студенттері арасында ғылыми зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.

16-қараша күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің «Этноөнертану» мамандығында оқитын студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.

Байқаудың бағалау комиссиясының құрамында «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қалдыгүл Оразқұлова және кафедраның барлық ұстаздары мен 4-курстың студенттері болды.

1-орынды «Жамхан Айдардың шығармашылығындағы монументалды кескіндеме» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысымен 3-курстың студенті Ұлан Байдәулет иеленді.

Қалдыгүл Серікқалиқызы, Ұлан Байдәулет

2-орынды Тимур Дайырбаевтың «Қазақ рухы» шығармасын талдағаны үшін Айтөре Өмірзақов пен «С.Калмыков шығармашылығы» мақаласымен Александра Кудряшова иеленді.

3-орыннан Еркеназ Жұмағұл «Н.Қилыбаевтың образ шешу ерекшелігі» жұмысы үшін, «Кескіндемедегі Жамбыл бейнесі» зерттеу
жұмысымен Талант Сарсақанов, «Жүзік пен сақинаның ерекшеліктері» жұмысы үшін Мерей Қаирбек көрінді.

1-курстың студенті Сымбат Рахманәліге "Асқар Есдәулетовтың шығармашылығы «Түркісіб» зерттеу жұмысы үшін ынталандыру жүлдесі бұйырды.

Порталымыздан жас өнертанушылардың мақалалары кезегімен жарияланатын болады. 

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет