Жас театртанушылардың байқауы өтті

"Өнертану" факультеті, «Театр тарихы мен теориясы» кафедрасында «Театртану» мамандығының 1-3 курс студенттерінің арасында кезекті ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті, «Театр тарихы мен теориясы» кафедрасында «Театртану» мамандығының 1-3 курс студенттерінің арасында кезекті ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Өнертану кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі Аманкелді Мұқан мен кафедра ұстаздары байқаудың бағалау комиссиясының құрамында болды.

1-орынды «Жанат Хаджиевтың классикалық шығармаларды сахналаудағы режиссерлік шешімдері» жұмысы үшін 3-курс студенті Шырын Санатқызы иеленді.

Анар Еркебай, Шырын Санатқызы

2-орынды Ұлжан Құрманбай «Әсет Есжанның бейне сомдаудағы ерекшелігі» мен Алтынай Қуанышбекова «Әубәкір Рахымовтың режиссерлік қолтаңбасы» мақалалары үшін иеленді.

Анар Еркебай, Ұлжан Құрманбай

3-орыннан көрінген студенттердің қатарында Ерсұлтан Орынбай «Елік Нұрсылтанның режиссурадағы алғашқы қадамы», Нүркен Тұрлыбек «Әсет Иманғалидың сахналық бейнелері», Тәңірберген Ембергенов «Сахнадан тыс қалған «Тас түлек»» болды.

Айжан Ахмет, Нүркен Тұрлыбек, Анар Еркебай, Назерке Құмарғалиева

Байқауға қатысқан студенттердің жұмыстары алдағы уақытта порталымыздан жарияланады.

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет