Oner.kz порталының ұйымдастыруымен Қазақ суретшілері мен өнертанушылары бас қосты

28 қараша күні, Oner.kz – өнертанымдық порталының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен «Бүгінгі Қазақ бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыт және көркемдік ізденістер» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: Жас суретшілерді қолдау; Шығармашылығын насихаттау; Көркемдік деңгейін бағалау, даму бағытын және жаңа тенденцияларды анықтау болды. 

Дөңгелек үстелдің арнайы қонақтары:

  • Қалдыгүл Оразқұлова - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты, профессор (модератор).
  • Жұмақын Қайрамбаев – суретші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» кафедрасының  профессоры.
  • Өмірбек Жұбаниязов - Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы міндетін атқарушы.
  • Талғат Тілеужанов суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
  • Гүлнар Жұваниязова – өнертанушы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің «Қазақтың қолданбалы-сәндік өнері» орталығының аға-ғылыми қызметкері.
  • Зухра Ыдырыс – өнертанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы.
  • Самал Мамытова – өнертанушы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің «Қазақ бейнелеу өнері» орталығының жетекшісі.
  • Ақбота Ілиясжанқызы – өнертанушы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің «Менеджмент және сыртқы байланыс» орталығының маманы.
  • Тоғжан Құттығаева – Суретші, графикалық дизайнер, арт-менеджер, Қолөнершілер одағының координаторы.
  • Жанна Тыныбекова – суретші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Витраж өнерi лабораториясының меңгерушiсi, "Кескiндеме және мүсiн" кафедрасының оқытушысы.
  • Алмас Мұстафа – суретші, қолөнер шебері
  • Шаттық Батан – суретші.
  • Оралбек Қабөке – ҚР суретшілер одағының жас суретшілер бірлестігі төрағасы.
  • Мақсат Әли – суретші.
  • Өскенбай Мәлік – мүсінші, О.Таңсықбаев ат. Алматы сəндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы.
  • Әлия Қабиқожаева суретші.
  • Әли Бақтыгереев – суретші.
  • Жанна Мамбетова - арт-менеджер
  • Алмас Нұрғожаев – суретші.

Сонымен қатар шараға белгілі суретшілер, мүсіншілер, өнертанушылар, студенттер және Қазақ бейнелеу өнерінің жанашыралары қатысып өз пікірлерін білідірді.

Дөңгелек үстел соңғы жылдары бейнелеу өнеріндегі креативт идеялар мен бағыттардың ұстанымдары; Жас суретшілер туындыларының ерекшелігін айқындау; Республикалық деңгейдегі артфестивальдердің шығармашылық жұмысына шолу; Жас суретшілердің қазіргі Қазақ бейнелеу өнерінің өркендеу бағытына көзқарастары қатарлы тақырыптарды негіз ете отырып бүгінгі күнгі суретшінің қоғамдағы орыны, оның қандай бағытта жұмыс жасап жатқаны, ізденісі мен проблемалары, шығармалары қандай деңгейде орындалып жатқаны жайында өз ойларын ашық жеткізді. 

Нəтижесінде:
  • Көркемсурет мектептерінің деңгейін көтеру;  
  • Суретшілердің қоғамда дұрыс бағалануы; 
  • Заманауи талаптарға сай көрме залдарын ашу;
  • Жеке көркемсурет  жоғары оқу орындарын ашу;
  • Жас суретшілердің кəсіби деңгейін көтеру;
  • Өнерді жүйелі насихаттау;
  • Ұлттық тақырыптарды жаңа бағытта дамыту қатарлы мəселелер ұсынылды.  
Қатысушылар осындай басқосуды жиі ұйымдастырып, пікір алмасып тұрсақ деген ортақ оймен тарасты.

 

29 Қараша 2017
110
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет