Мүсірепов театрында "Жусан иісі" драмасының премьерасы өтеді

6 желтоқсан, сағат 17.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, жазушы Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" драмасының премьерасы өтеді. Режиссері - Жұлдызбек Жұманбай.

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан бір кетпейді.

Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой.

Ауыл жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Бәрімізге таныс иіс...

5 Желтоқсан 2017
62
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет