Нина Терещенконың жеке көрмесі

Н.А.Терещенконың жұмыстары ҚР Мемлекеттік орталық музейі жинағында, заманауи өнер музейінде және РФ, АҚШ, Ұлыбританияда, Украинада, Францияда, Германияда және т.б. жеке коллекцияда.

15-қараша күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтанда Ресей ғылым және мәдениет орталығында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нина Терещенконың "Бояудағы және образдағы мифтер мен ертегілер" атты жеке көрмесінің ашылуы болады.

Нина Терещенко Ферғанада (Өзбекстан) дүниеге келген. 1970 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының архитектура факультетін тәмамдаған соң, Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек, Қырғызстан) архитектор болып жұмыс істеген. 1974 жылдан бастап, Нұр-Сұлтан қаласында Суретшілер одағында архитектор, дизайнер, живопись-суретшісі болып қызмет атқарады. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты. ҚР спорт және мәдениет министрлігінің стипендианты. 13 жеке көрме өткізген. Н.А.Терещенконың жұмыстары ҚР Мемлекеттік орталық музейі жинағында, заманауи өнер музейінде және РФ, АҚШ, Ұлыбританияда, Украинада, Францияда, Германияда және т.б. жеке коллекцияларда.

Суретшінің негізгі тақырыптары - славян елдерінің және Шығыс елдері мәдениеті, олардың мифтері, салт-дәстүрлері.

Нина Терещенко студияда балармен жұмыс істеу арқылы педагогикалық қызмет атқарады.  "Менің ұстанымым: таза түс, таза ниет - махаббатпен ғана! Өткен шақ құнды, болашақты бағдарламаймын! Дәл қазір және осы жерде - өмір сүремін, жұмыс істеймін!" - дейді суретші өзі жайлы.

"Бояудағы және образдағы мифтер мен ертегілер" атты көрме РҒМО 15-29 қараша аралығында өтеді.

Кіру тегін.

13 Қараша 2019
46
0
0