Аманкелді Кененбаевтың «Сұлу төбе» атты жеке көрмесі ашылады

2018 жылғы 12 қаңтарда сағат 16.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Аманкелді Кененбаевтың «СҰЛУ ТӨБЕ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге қылқалам шеберінің әр түрлі жылдардағы 67 шығармасы қойылады. Суретшінің туған жерінің құрметіне орай аталған көрме, қылқалам мен жонғыш шеберінің ойлары мен көзқарастары туралы баяндайды және өмір мен туған табиғаттың барлық бояуларын сіңіреді.

"Қорқыт" 2017

Светлана Көбжанова

көрме жетекшісі, өнертану кандидаты


Аманкелді Кененбаев 1955 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, су шаруашылығы техникумында оқиды, киномеханик болып жұмыс істейді, ауыл мектебінде бейнелеу өнерінен сабақ береді. 1978 жылы Шымкенттегі Ә. Қастеев атындағы көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, 1982 жылы үздік аяқтап шығады. 1983 жылдан бастап, облыстық, республикалық және шетелдік көрмелердің, халықаралық пленэрлер мен симпозиумдардың қатысушысы. 1990 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Жетім балаларға арналған бірқатар қайырымдылық шараларының қатысушысы. 2000 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің стипендиаты атанды. Ол бірқатар мүсіндік және монументалды нысандардың авторы. 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда жеке көрмелері өткізілді.

1980-ші жылдары академиялық мәнерде орындалған шығармалары туған елінің қасіретіне толы көпфигуралы композицияларды білдіреді. «Қиын кезеңдер» (1985) атты туындысын суретші өзінің балалық шағына арнаған: «Солай болған» − деп еске алады кенепке қарап ол. Соғыс тақырыбы, әсіресе, әйелдер мен балалардың бейнесі арқылы өткір беріледі. Соғыстың ауыр зардабын арқалаған ғаламшардың бейбіт тұрғындарының үздіксіз еңбегі мен азабының алдында қаһармандық пен тебіреніс кейін шегінеді, сонымен суретшінің ішкі серпілісі естіле түседі.

Қазақстанның Ресейге қосылуына арналған салтанатты іс-шаралар «Тұйыққа тірелу» (1982) атты шығармасында көрініс тапқан. Суретші Қазақстан тарихын зерттейді, өз байқағандарымен бар ықыласымен әрі адал бөліседі.

Бұл кезеңнің натюрморттары әңгімелеуге толы және салмақты. Ол әрбір затты махаббатпен суреттеп, оның пішіні мен түсінен ләззат алады, фактура мен жарықты «Менің жерімнің жемістері» (1981-83), «Натюрморт» (1983) сияқты шынайы «талғамды»  шығармаларында бере біледі.

Уақыт өте келе камералық өлшемдегі пейзаждар монументалды көлемге ие болады. Қанық, тығыз жағындылар ашық бояулармен қарсы күреседі. Туындының фактурасында қылқалам шеберінің табиғаттың өтпелі күйлеріне деген қызығушылығы, оның болмысының әр түрлі бастамаларының күресі сезіледі. Табиғатта жұмыс істеуге деген сүйіспеншілігі сиқырлы әсер беретін жылы және суық түстердің жарқылына айналған «Жер ана», «Сары Су» сияқты композицияларға айналды.

Пейзаждарда автор біртіндеп табиғаттың өмірін, оның күйін берудегі нақтылығы мен дәлдігінен бас тартады. Ағаштардың діңдері мен бұтақтарының, сәулет құрылыстарының солқылдақ, әйел бейнелерінің нақты емес таңғажайып формалары аспанның көк, шөптің жарқын жасыл, жарқыраған күн нұрымен қарама-қарсы келіп, жаңарудың қуанышты сезімін тудырады −  «Алма-Арасан» (2010), «Түркістан» (2015),  Арал этюдтары (2013).

Суретшінің шығармалары жарық пен әуе кеңістігіне толы, онда ауқымды бояулар түсі мен бедерін, қозғалысын көрсете біледі. Олар сезім мен күйзеліске байланысты күрделі болып табылады: қуаныш қайғылы сезіммен араласады, қайғы жарық көңіл-күймен боялады. Аманкелді Кененбаевтың кенептерінде қазақ жерінің көріністері сүйіспеншілікпен және шеберлікпен бейнеленген, ол сол өлкенің табиғаты мен суретшінің жан дүниесін білдіреді.

12 Қаңтар 2018
261
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет