Бизнес-форумдар мен фестиваль аясында өткен дөңгелек үстелдерге сараптама

Бағдарламаға сәйкес конкурстық және конкурстан тыс көрсетілімдер Cinemax, Lumiera кинотеатрларында көрсетілді. 8 пресс-конференция, 4 дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Mercure қонақ үйінде кинофестиваль дирекциясы мен қазылар алқасының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға Сергей Бодров (Режиссер, продюсер), Россия/США; Гульнара Сарсенова (Продюсер), Қазақстан; Настасья Кински(Актриса), Германия; Пьер Спенглер (Продюсер), Франция/Ұлыбританиядан өкілетті болып қатысты.

Аякөз Тұрсынжұма

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, кинотану, II курс


Қала әкімдігінің қолдауымен алғаш рет әсем шаһар Алматымызда ағымдағы 2018жылдың 15-19 қыркүйегі аралығында І Халықаралық «Almaty Film Festival» байқауы   болып өтті. Бұл жоба қала атымен тікелей байлансқанымен, тек Отандық кинорежиссерлардың ғана емес көптеген елдердердің де киногерлерінің туындыларының қатысуымен, алғаш ұйымдастырылуына қарамастан, тағайындалған
сарапшылар мен еліміздің және әр мемлекеттен келген қонақтардың да жоғары бағасына ие болды. Қазақстандық және шет елдік мамандар өзара тәжірибе алмасып, кино саласындағы маңызды мәселелерді талқыға салып, ой-пікірлерімен бөлісті. Аталмыш фестиваль енді қанатын кеңге жайып келе жатқан ұлттық кинематография саламыз үшін жаңа леб, жаңа  қадам болды.  Бұл жайында Almaty Film Festival бас продюсері Ернар Құрмашев: «Біз дүние жүзіне танымал продюсерлер мен режиссерлерді шақырдық. Бизнес-форумымыздың аясында Отандық киноны дамыту перспективалары, басқа елдерге экспорттау, кинематографияның қаланың туристік потенциалы дамуына ететін әсері талқыланатын болады»,-деген.

Бағдарламаға сәйкес конкурстық және конкурстан тыс көрсетілімдер Cinemax, Lumiera кинотеатрларында көрсетілді. 8 пресс-конференция, 4 дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Mercure қонақ үйінде кинофестиваль дирекциясы мен қазылар алқасының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бағдарламаға сәйкес конкурстық және конкурстан тыс көрсетілімдер Cinemax, Lumiera кинотеатрларында  көрсетілді.  8  пресс-конференция,  4 дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Mercure  қонақ   үйінде кинофестиваль дирекциясы мен қазылар алқасының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға Сергей Бодров (Режиссер, продюсер), Россия/США; Гульнара Сарсенова (Продюсер), Қазақстан; Настасья Кински(Актриса), Германия; Пьер Спенглер (Продюсер), Франция/Ұлыбританиядан өкілетті болып қатысты.

Cinemax кинотеатрында  ұсынылған, бүлдіршіндер тақырыбындағы «Арыстан патша» анимациялық туындының режиссері Роб Микофф көрермендерімен дидарласып, арнайы сөз сөйледі. Mercure қонақ үйіндегі кездесуде анимация жайлы, жалпы өзінің шығармашылығы туралы толығырақ сөз болды. Әрі, Алматымыздың, әсем тауларымыздың сұлулығына тәнті болғанын да жасыра алмай, үлкен қуанышпен жеткізді. Байқауды ашып берген арнайы мамандар мен көрерменге ерекше әсер қалдырған «Айка» фильмінің режиссері арнайы Рассиядан ат басын бұрып келген Сергей Дворцевой және өзге де өндірушілер мен басты рөлді сомдаған Қазақстандық Самал Еслямованың қатысуымен пресс-конференция ұйымдастырылды. Конференция қонақтары Самал ханымның шынайылығы мен қарапайымдылығына тәнті болды. Актриса мен режиссерге туынды жөнінде ашық сұрақтар қойылып, фильм сюжеті мен түсірілім барысындағы қызықты сәттер жайында да әнгіме қозғалды және cоңында қонақтармен естелік сурет қалдыруға мүмкіндік болды.

«Весна, лето, осень, зима...и опять весна», «Вздох», «Сеть» сияқты көптеген фильмдерімен танымал Корея елінің атақты режиссері Ким-Ки-дукты елімізден қайта қауыштырғанымызға өте қуаныштымыз. Әр келген сайын қазақ халқына, жеріне деген жылы пейілін білдіріп жүретін режиссер бағдарламаға сәйкес мастер-класс өткізді.  Almaty Film Festival іскерлік алаңында Рассиядан келген қонағымыз кинопродюсер, режиссер Алексей А.Петрухинмен кездесу болып өтті. Ол өзіндік жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, әр-түрлі сұрақтарға жауап беріп, жобаны қорғау, дамыту, идеяны  қалай жеткізу сынды тақырыпта өзіндік пікірін қалдырды.

Тұңғыш қолға алынып отырғанына қарамасқан, байқау мақтанарлықтай дәрежеде ұйымдастырылып, көз қуантарлық сәттерімен есте қалды. Отандық кино саласында әлі де осындай жобалар көбейіп, сапалы туындылар қатары өсіп, лайықты бағасын алатынына сенеміз.

2 Қазан 2018
229
0
0