“Almaty Film Festival” фестивальнің конкурстан тыс фильмдеріне талдау

Қала күнін мерекелеу аясында 15- і мен 19-шы қыркүйек аралығында Алматы қаласы әкімшілігінің бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған тұңғыш халықаралық “Almaty Film Festival” кинофестивалі өтті.

Азиза Қасен

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, кинотану, ІІ курс


Қала күнін мерекелеу аясында 15-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласы әкімшілігінің бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған тұңғыш халықаралық “Almaty Film Festival” кинофестивалі  өтті. Елімізге және әлемге әйгілі актер, сценарист, режиссер мен продюссерлердің басын қосқан, аталмыш кинофестивальдің ашылу салтанаты көпті күттірген “Айка” фильімінен бастау алды. Бұл картина жас мигрант әйелдің Мәскеу қаласында өткен қиындыққа толы өмірін баяндайды.
Фильмнің бас кейіпкерін қазақ актрисасы – Самал Еслямова сомдайды. Картинаның режиссеры Сергей Дворцевой болып табылатын бұл туындыда, Самал Еслямова сомдаған рөлі әйгілі Канн кинофестивалінде “Үздік әйел рөлі” номинациясын иеленген болатын. Бұл туынды арқылы картина режиссеры Рессейде жүрген қырғыз мигрантының күрделі тақырыбын ашқысы келгенін айтты. Аталмыш фестиваль атақты премьералардың ашылуымен жалғасын тапты.

Өтілген кинофествальде конкурсқа қатысытын әрі қатыспайтын отандық және   шетел фильмдері ұсынылды. Конкурстан тыс бағдарламада 21 фильм мынандай бөлімдер бойынша көрсетілді: “Мәдени және табиғи мұра, туризм және спорт ” бағытында - 6 фильм , “City in motion” бағдарламасы бойынша -5 фильм, “Отбасылық кино”-5 және “Ерекше көрсетілім” бойынша 5 фильм. Бұл фильмдер әртүрлі жанрда көрермен назарына  жол тартты. Конкурстан тыс картиналардың ішіндегі американдық режиссерлар Дэвид Дуглас пен Дрю Фэлманның  “Пандалар” атты деректі фильміне тоқталып өтсек. Халықаралық кинофестиваль аясында, Kinopark 8 IMAX Saryarka –да тұсауын кескен бұл фильм қазіргі таңда жоғалудың азақ алдында тұрған жер бетіндегі ерекше сүтқоректілердің бірі пандаларды сақтау және өсіру мәселесін қозғайды. Бұл картина көрермендер тарапына ерекше қызығушылық танытты. Еліміздің ордасы - Астана қаласында ресіми тұсауы кесілген бұл кинокартинада Цянь Цянь атты панданың оқиғасы баяндалады. Қытайлық және америкалық ғалымдар тобы пандаларды жабайы табиғатқа бейімдеу бағдарламасын бастауды жоспарлайды. Осылайша пандаларға арналған панада дүниеге келген қонжықтың (Цянь Цянь) беймәлім қоршаған ортамен танысу экспериментінің алғашқы мүшесінің бірі болуын көрсетеді. Бұл фильм елімізде Almaty Film Festival тұңғыш халықаралық кинофестивальінде, конкурстан тыс “Мәдени және табиғи мұра, туризм мен спорт” бағдарламасы шеңберінде көрсетілді. Қала күнін мерекелеу құрметіне өткізілген бұл фестиаль Алматыны Орталық Азияның туристік және көркем және мәдени орталығы ретінде және халықаралық кино әлемін елімізде киноиндустрияның артықшылығы мен жаңа мүмкіндіктерімен таныстрды. 5 күнге созылған бұл фестиваль көрермендерге және фестиваль үшін арнайы келген шетел қонақтарымызға ерекше әсер қалдырғанына сенімім мол!

3 Қазан 2018
119
0
0