«Айтматов және театр» фестивалі

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында қарашаның 12 – 17-ші жұлдызы аралығында «Айтматов және театр» атты үш жылда бір рет өткізілетін Халықаралық фестиваль өтті. Іс-шара аты әлемге әйгілі жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері – Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ақмарал Мұхтар

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, театртану, ІІІ курс



Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында қарашаның 12 – 17-ші жұлдызы аралығында «Айтматов және театр» атты үш жылда бір рет өткізілетін Халықаралық фестиваль өтті. Іс-шара аты әлемге әйгілі жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері – Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылды. Басты міндеті – ұлы қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақты заманауи сахналық шығармалардың үздік үлгілеріне тәрбиелеу. Аталмыш фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәджікстан, Қарақалпақстан мемлекеттерінің театрлары бақ сынасып, бас-аяғы 18 спектакль сахналанды. Қазақстанның атынан Астана қаласының «Жастар» театры режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың «Шыңғысхан», Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры режиссер Талғат Теменовтің «Қызыл орамалды шынарым», Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры режиссер Дина Жұмабайдың «Ана-ЖерАна» және Жамбыл облыстық орыс драма театры Нұрлан Әбдіқадыровтың «Найман ана»  қойылымдарымен қатысты.

Алты күн бойы Ш.Айтматов атындағы орыс драма театрында, Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық драма театрында және А.Малдыбаев атындағы опера және балет театрында қатысушылар жазушының шығармаларының желісі бойынша спектакльдерін қойды. Әділ қазылар алқасы, қала тұрғындары мен қонақтарына «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Жамиля», «Ана-ЖерАна», «Қызыл орамалды шынарым», «Найман Ана», «Шыңғысхан», «Мәңгүрт», «Плаха», «Поле» сынды қойылымдарын ұсынды. 

Қазылар алқасының құрамына белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, шет елдер мен Қырғызстанның өкілдері кірді:

1.     Мар Байжиев – Қырғыз Республикасының халық жазушысы, қазылар алқасының төрағасы;

2.     Ходжаев Ато – Тәджікстан Республикасының халық жазушысы;

3.     Гүлсара Әжібекова – Қырғыз Республикасының халық артисі;

4.     Хурматулла Утяшев – Ресей Федерациясының халық артисі;

5.      Шухрат Ризаев - Өзбекстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері;

6.     Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры;

7.     Дикилиташ Исмаил – Адана театрының бас режиссері, Түрік Республикасы «Altin Koza» (Алтын ешкі) кинофестивалінің бас директоры;

8.     Жаныш Құлманбетов – Қырғызстан Мәдениет қайраткері, театр қайраткерлері одағының Еңбек сіңірген қайраткері;

9.     Элеонора Турдубекова – Қырғызстанның театр сыншысы.

 

17 қараша күні өз мәресіне жеткен «Айтматов және театр» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша:

Бас жүлде:

«Поле» режиссері Е.Акс. Ш.Айтматов атындағы мемлекеттік ұлттық орыс драма театры. (Қырғызстан. Бішкек қ.)

I орын:

 «Шыңғысхан» қоюшы-режиссері Н.Жақыпбай. «Жастар» театры.(Қазақстан. Астана қ.)

II орын:

«Млечный путь» қоюшы-режиссер М.Козукеев. Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры (Қырғызстан. Бішкек қ.)

III орын:

«Үйрек Лувр» режиссер М.Реймов. Бердах атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры. (Қарақалпақстан.Нөкіс қ.)

Үздік режиссура:

«Найман ана» режиссер Н.Әбдіқадыров. Жамбыл облыстық орыс драма театры. (Қазақстан. Тараз қ.)

Үздік ер адам ролі:

Серіков Әбілмансұр Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының «Қызыл орамалды шынарым» спектакліндегі Ильястың ролі үшін. (Қазақстан. Астана қ.)

        Үздік әйел ролі:

Малика Авазова Өзбек мемлекеттік академиялық драма театрының «Жамиля» спектакліндегі Жамиляның ролі үшін. (Өзбекстан. Ташкент қ.) 

Ш.Айтматовтың 90 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар тек Қырғызстанда ғана емес басқа мемлекеттерде де өткізілу үстінде. Сонымен қоса фестиваль аясында көрсетілген қойылымдар көрермен көңілінен шығып, рухани әлемін байыта алды деген сенімдеміз.

21 Қараша 2018
112
0
0