"Қазақ аруы - 2018" байқауының жеңімпаздары анықталды

18-наурыз "Қазақ аруы - 2018" байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Елімізде жыл сайын дəстүрлі түрде өтетін "Қазақ Аруы" байқауы биыл да жалғасын тапты. Продюссер Баян Мақсатқызының ұйымдастыруымен өтетін бұл сұлулар сайысының мақсаты қазақ қызына тəн барлық қасиеттерді бойына жиған, сəні мен сымбаты, білімі мен қылығы ұштасқан, ұлтымыздың салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпын жетік білетін, ақылына көркі сай нағыз Қазақ аруын анықтау. Биылғы жылы сегізінші рет өткізіліп жатқан байқау Халықаралық дəрежеге көтеріліп, Ресей, Монғолия, Түркия, Қырғызстан жəне Өзбекстан мемлекеттерінен де арулар қамтылды. Естеріңізге сала кетсек, ең алғашқы "Қазақ Аруы 2011" жүлдесін Лəззат Қалдыбекова иеленсе, кейінгі жылдары Айғаным Өтепбергенова, Айгерім Қанатбаева, Гүлназ Жоланова секілді сұлулар тəжді бір-біріне табыстап отырды. Дəстүрдің жалғасы саналатын биылғы байқауда дараланған - "Қазақ Аруы 2018" Набира Рақымжанқызы. Аталмыш додада жүлделі I орынды Ақбота Бақытқали иеленсе, ІІІ орын Самал Мурадияева (Ресей Федерациясы) қанжығасына байлады.  Жиырмаға жуық ару бақ сынасқан бəйгеден жүлделі ІІ орынды Ақмарал Айтбаева иеленді. Жүлдеге ие болған əрбір аруға тарих беттеріндегі ғазиз аналарымыздың жалғасы ретінде үлгі боларлық даналыққа жетуін тілейміз!

Сонымен қатар, "Көзімнің қарасы"мəдени-танымдық клубының атынан, клубымыздың белсенді мүшесі, "Өнертану" факультеті, "Кино тарихы мен теориясы" кафыедрасының студенті Ақмарал Айтбаеваны жүлдесімен арнайы құттықтаймыз! Жеңісті күндерің көп болсын! Қазақ Қызы атына лайықты аруларымыздың саны артып, жан мен тəн сұлулығы астасқан қазақ сұлуларының даңқы арта берсін!

 

көрнекі фотолар гугл ашық ақпарат қорынан алынды