"Бүгінгі Қазақ қуыршақ театрының тынысы" / дөңгелек үстел / видео

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы мен Oner.kz порталы 21-наурыз Халықаралық қуыршақ театры күніне арнап «Бүгінгі қазақ қуыршақ театрының тынысы» атты дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелге "Қазақстан театр сыншылары ассоциациясының" мүшелері, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері мен режиссерлері, басшылығы, бұқаралық-ақпараттық құралдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар қазіргі таңдағы еліміздің қуыршақ театрлары ұжымдарының шығармашылық тыныс-тіршілігін, репертуарлық саясаты мен өзекті мәселелерін кәсіби тұрғыда талдап, өзара пікір алмасты.