Француз театртанушысының шеберлік сыныптары өтті

Қазіргі Франция театрының жілігін шағып, майын ішіп зерттеп жүрген жүрген белгілі француз театртанушысы Беатрис Пикон-Валленнің жетекшілігімен Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА да 03-09 сәуір күндері ғылыми-тәжірибелік семинары болып өтті.

Тәжірибе алмасу - тәлімгерден. Қазіргі Франция театрының жілігін шағып, майын ішіп зерттеп жүрген жүрген белгілі француз театртанушысы Беатрис Пикон-Валленнің жетекшілігімен Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да 03-09 сәуір күндері ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Семинардың тақырыбы: "ХХ-ХХІ ғ.ғ. Франция театрының негізгі даму бағыттары". Париждегі "Дю Солей" театры туралы шеберлік сағатын өткізіп, саxна құрылымы мен құрылысын ашық жеткізе білген тәлімгердің сабағына белгілі режиссер Ә. Раxимов, театртанушы "Өнертану" факультетінің деканы Б. Нұрпейіс, "Театр тариxы және теориясы" кафедрасының меңгерушісі С. Қабдиева және М. Жақсылықова, А. Еркебай, А. Аxмет, А. Мұқан сынды қазақ театрын саралап жүрген театртанушылар, сонымен қатар олардың шәкірттері қатыса алды. Семинар барысында түрлі спектакльдерден видео үрдісінде үзінділер көрсетіліп, студенттер тарабынан сұрақтар қойылып отырды. Біліктілікті көтеру мақсатында ұйымдастырылған семинар өте жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысқан адамдар Беатрис Пикон-Валленнің өз қолынан сертификаттарға ие болды.

9 Сәуір 2018
179
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет