Астанада «The Planеt of Art» балалар шығармашылығының Халықаралық фестивалі өтті

2018 жылдың 3 шілдесі күні 12 мен 17 жас аралығындағы Азия-Тынық мұхиты аймағынан келген жас суретшілерді «The Planеt of ART» Халықаралық Фестивалінің аясында салтанатты марапаттау салтанаты өтті. Сонымен қатар кеш барысында Қазақстан елордасының 20-жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік қаласы» атты арнайы балалар шығармашылығы альбомының тұсаукесері өтті.

Халықаралық Фестивальдің ұйымдастырушылары Қазақстандық және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО Клубтары мен Ассоциацияларының Федерациясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры.

Фестивальдің басты мақсаты – мәдениет аралық диалог пен түсінусушілікті жылжыту, сонымен қатар аймақ мемлекеттерінің өскелең ұрпақтары арасындағы достастық қарым-қатынасты нығайту.

2018 жылы Фестиваль Астананың 20-жылдығына арналған қызықты да кең ауқымды іс-шаралар мен шеберлік сыныптарға толы болды. 2018 жылдың 1 ақпаны мен 20 сәуірі аралығында Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен халықаралық конкурс ұйымдастырылған болатын. Осы аралықта 3 пен 17 жас аралығындағы 10 000 астам балалар мен жастар өз өнерін ортаға салды. Жарыс нәтижесінде Фестиваль жеңімпаздары анықталы: әр қатысушы мемлекеттен 5 адам және Қазақстанның әр облысы мен Алматы, Астана қалаларынан 5 жеңімпаздан. Финалисттер мен лауреаттар тізімін www.unescoclubs.kz сайтынан көре аласыздар.

«The Planеt of ART» Халықаралық Фестивалі 1 – 3 шілде аралығында өз есігін Азия-Тынық мұхиты аймағының 20-дан астам мемлекетінен келген бейнелеу өнері және қол өнері саласындаға 100-ге жуық жас шеберлерге айқара ашты.

Фестиваль бағдарламасы қызықты және мазмұнды шеберлік сыныптарды, Есіл өзені жағалауындағы пленэрді, қала бойынша экскурсиялық серуендер мен Астананың 20-жылдығын тойлау аясында өткен атаулы іс-шараларға қатысуды біріктірді.

Фестивальдің бірінші күні (1 шілде) шығармашылық мәнерде өтті. Ол күні балалар өздерін бейнелеу өнерінің қызықты және маңызды жақтарымен таныстырған Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының өкілдерімен кездесті, сонымен қатар Этноауылға саяхаттады.

Екінші күн (2 шілде) өзінің мәдени бағдарламасымен ерекшеленді. Қатысушылар «Астана: келісім мен бейбітшілік орталығы» Халықаралық Конференциясына қатысты, өздерінің мықты жақтарын анықтауға арналған тренинг өтті, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерімен танысты, қаланың көрікті жерлеріне серуендеді және ұлттық мұра болып табылатын объектілерге бару арқылы қазақ халқының тарихымен сусындады.

Үшінші күні (3 шілде) әр финалист өз елінің дәстүрлі билері мен ән-күйлерін орындау арқылы көрермендерді өз елінің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен таныстырды.

Айта кетерлік жайт, Фестивальдің жабылуы аясында Қазақстан елордасының 20-жылдығына арналып басылған «Астана – бейбітшілік қаласы» атты балалар шығармашылығының арнайы альбомының тұсаукесері өтті, сонымен қатар альбомға кірген үздік деген жұмыстардың көрмесі өтті. Альбом Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевның және ЮНЕСКО Бас Директоры О.Азуленің алғы сөздерімен ашылу аса маңызға ие.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Фестивальдің ерекшеліктерінің бірі – оның әлеуметтік мақсатта толықтай тегін жүргізілуінде. 100 жеңімпаздың Астанада Финалға қатысуына байланысты барлық шығындар жобаның серіктестері есебінен төленетін болады (Tengizchevroil, Total, AirAstana, Exxon Mobil, Samsung, Caspian Projects Supply Company, Ibis Hotel, Tengrinews, Massaget.kz)

«Бүгін Азияның мыңдаған балаларын біріктірген тағы да бір игі жоба аяқталуда. Біздің жұмысымыздың зая кетпегендігін көру біз үшін үлкен қуаныш. Осы жобаның алғашқы жеңімпаздарының кезінде өздері сияқты болған жас дарындарға көмек көрсетуін бақылау жанға жылулық сыйлайды. ЮНЕСКО-да Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорымен бірлесіп жүргізетін балалар шығармашылығын қолдауға бағытталған бірқатар халықаралық жобалары бар. Осындай жобалардың күннен күнге көбейіп, өз жемістерін беріп жатқанына біз жүрекжарды қуаныштымыз» - деді ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Президенті Болат Акчулаков.

ЮНЕСКО-ның ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірігіп жасаған жобаларының арасындағы ең ірілерінің арасында «Балалар Әлем ырғағында» Фестивалі, жас суретшілердің «ART-Самғау» атты биеннале фестивалі, «Қазақстан ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық академиясы» жобаларын атауға болады. Бұл жобалардың барлығы еліміздің дарында жастарын қолдауға, оларда толеранттылық түсініктерін қалыптастыруға және мемлекетіміздің болашақ әлеуетін қалыптастыруға арналған.

Өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров былай деді: «Өзінің дарынды жастарды қолдауға деген миссиясын орындау мақсатында Қор осындай әлеуметтік маңызы бар, Қазақстан жастарының жан-жақты дамуына үлес қосатын жобаларға кең қолдау көрсетуге әзір. Бұл жобалардың барлығы да сәтті. Мысалы, 2017 жылы Елбасы Қоры мен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірігіп «Балалар әлем ырғағында» фестивалі қатысушыларының армандарын орындады. Балалар Париж қаласында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын таныстыру барысында өнерлерін көрсетіп, үлкен өнерге деген тағы бір үлкен қадамдарын жасады».

Фестиваль Астана қаласы Әкімшілігі, ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, ҚР білім және ғылым Министрлігі, ҚР сыртқы істер Министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық Комиссиясының, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының кең қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Жоба жайлы анықтама:

ЮНЕСКО Бас Директорының ұсынуымен 1999 жылы «Әлем балалары бейнелейді» Халықаралық Фестивалі туындады. Дәл осы жылы Қазақстандағы ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының негізі қаланды. Еліміздің аумағында он жылдан астам уақыт сәтті жұмыс жасап келген жарыс, 2010 жылы «Балалар Әлемді бейнелейді. Орталық Азия» атауымен өзінің географиялық таралымын ұлғайтты.

2016 жылы Азия-Тынық мұхиты деңгейіне көтеріліп, «Балалар Әлемді бейнелейді. Азия» жобасы өз өрісін кеңейтті. Бұл қадамның нәтижесінде Бангладеш, Вьетнам, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Түркменстан, Өзбекстан, Жапония және басқа да елдердің дарынды жастары жобаға қатыса алатын болды.

Дарынды балалар мен жастардың одан да көп санын қамту үшін 2018 жылы жоба «Балалар Әлем ырғағында» атты Қазақстанның шығармашыл жастарының Фестивалімен біріктіріліп, «The Planet of Art» атауымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

 Баспасөз-хатшысы Ақерке Берлібай

5 Шілде 2018
156
0
0