«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Асқақтай бер, Астана» атты мерекелік концерті өтеді

Өтетін күні: 2018 жыл, 5 шілде, сағат 17:00 Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залы.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында» Астананың 20 жылдығына арналған «Асқақтай бер, Астана» атты мерекелік концерті өтеді. Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», деп атап көрсетті. Шараның мақсаты – ерке Есілдің жағасынан орын алып, қазақ елінің дархан даласының сұлулығын әлемге паш етіп тұрған Елорданың 20 жылдық мерейтойын ұлықтау. Қарқынды дамып келе жатқан  Астананың абыройын асқақтата түсу.

Мерекелік концерттің ерекшелігі – дәстүрлі, халықтық ән-күйлермен қатар «Рухани жаңғыру» аясында заманауи эстрадалық әндердің орындалуы. Сахна шымылдығы актерлердің қойылымымен түріліп, «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ән шашуымен жалғасады.

Концертті жүргізушілер: Н. Басшыбай, М. Мұхаметқалиева.

Өнерпаздар: Алма Аманжолова, Қазыбек Әдікей, Санат Исаев, Шаттық Уатқан, Сәулежан Тақзия, Жасұлан Сақаев, Жасұлан Мұсағалиев, Жанаргүл Сәркенова, Рауан Әбілбаев, «Алатау» фольклорлық- этнографиялық ансамблі мен бишілер тобы өнер көрсетеді.

Концерт қонақтары: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері: Ардақ Исатаева, Ұлжан Байбосынова, Нұркен Әшіров және «Мен қазақпын» мега-жобасының жеңімпазы Азамат Шынаров.

Мекен-жайы: Алматы қ., «Алғабас1»  ықшам ауданы, 6 үй

Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77, 8701-645-91-86

Е-mail: alatau_pr@mail.ru  Гүлмира, PR менеджер

 

5 Шілде 2018
215
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет