XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді

2018 жылдың 6 шілдесі күні сағат 18:00-де «Қазақстан» Орталық Концерт залында (Мәңгілік Ел даңғ., 10/1) XIV Халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Шараға ҚР мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Еуразия» ХКФ-нің Президенті Айман Мұсақожаева, отандық және әлемдік кинематографияның әйгілі өкілдері, зиялы қауым мен жастар қатысады.

Жабылу рәсімінде кинофестивальдің қорытындылары жасалып, «Еуразия» кинофестивалінің Гран-при иегері анықталады. Сондай-ақ кино өнерінің аңызға айналған тұлғаларының  шығармашылығына да мән беріледі.

Шара соңында XIV Халықаралық кинофестивалінің Гран-при иегері – жеңімпаз фильмнің көрсетілімі болады.

***

«Еуразия» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасын төрт құрамды қазылар алқасы анықтады: негізгі қазылар алқасы, қысқа метражды фильмдер бойынша қазылар алқасы және екі тәуелсіз қазылар алқасы, яғни FIPRESCI-дің қазылар алқасы (халықаралық кино сыншылар мен кинотанушылардың ұйымы) мен NETPAC (азиялық фильмдердің дамуына арналған байланыс орнатушы) –тің қазылар алқасы.

Жеңімапаздар мына номинациялар бойынша марапатталады:

 «Ең үздік ер адам рөлі»

«Ең үздік әйел адам рөлі»

«Үздік режиссерлік жұмыс»

«Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» және т.б.

XIV  «Еуразия» ХКФ-нің салтанатты түрде жабылу рәсімінде БАҚ өкілдері пресс-қабырғада қазақ тілінде жеңімпаздар мен кинфестиваль қатысушыларынан сұхбат ала алады.

(Өзгерістер болуы мүмкін)     

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет