Астанада Қазақстанның үздік қолөнершілері анықталады

Қазақстан Қолөнершілер одағы шебер байқауы мен фестивалінің 10 жылдығын атап өтуде. «ШЕБЕР-2018» байқауы мен фестивалі «Шеврон» компаниясының қолдауымен 28 қыркүйекте, Астана қаласында, ҚР Ұлттық музейінде өтеді.

Шебер байқауы 2009 жылдан бастап оныншы рет өткізіліп келеді және Қазақстанда қолөнер индустриясын дамытуды ынталандыруға, талантты және перспективалы қолөнершілерді іздеуге, бұрыннан ұмытылған халықтық сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін жаңғыртуға бағытталған.

Биылғы жылы конкурсқа 76 өтінім келіп түсті, оның 27-і финалға шықты. Келесі 10 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады: «Мұрагер» (Живое наследие), «Жоғарғы шеберлік» (Высокое мастерство), «Асыл ұстаз» (Наставничество), «Жоғарғы сапа» (Высокое качество), «Жаңашылдық» (Новаторство), «Дарынды бастау» (Начающий талант), «Төлтумалық» (түпнұсқа), «Экодизайн», «Ұлттық мәдени бренд» (Казахстанский культурный бренд), «Қазақстандық ұлттық кәдесый» (Қазақстандық кәдесый (Казахстанский сувенир) және «Озат iскер» (Предпринимательство). Сондай-ақ, шеберлердің таңдауы бойынша 2018 жылдың ең үздік шеберіне Қазақстан қолөнершілер одағының «ХАС ШЕБЕР» сыйлығы, бірегей дизайны бар күміс медаль және сертификат беріледі.

Іс-шара аясында байқаудың финалистері мен жеңімпаздарының жұмыстарының көрмесі ашылады, сондай-ақ алматылық суретші Беккулова Айжанның этникалық киізден жасалған киім топтамасы мен Ақтаудан келген шебер Сағынаева Ауестің «Қазақтар теңізде жүзуші болған кезде» (Когда казахи были мореплавателями) атты, және де фестивальдің қонағы, белгілі қазақстандық этнодизайнер Айдархан Қалиевтің коллекциялары көрсетіледі.

Қолданбалы өнер фестивалі аясында 28-30 қыркүйекте белгілі дизайнер Ерлан Қожабаевтың қазақ ою-өрнегінің семантикасы бойынша дәрісі, Санта Фе (АҚШ) халық қолөнерінің жетекші халықаралық фестивальдерінің біріне қатысу бойынша мастер-класс, қолөнердің дәстүрлі түрлері бойынша (киіз жасау, біз кестені ілгекпен дәстүрлі кестелеу, қыш шеңберіндегі керамика, баскуров тоқу және зергерлік өнер) мастер-шоу өткізу жоспарланған.

Өтетін уақыты мен күні: 28 қыркүйек, басталуы 14.00

Өтетін орны: Үлкен Конференц-зал, ҚР Ұлттық музейі (Тәуелсіздік даңғылы 54, Астана)

Шара бағдарламасы:

28 қыркүйекте, 15.00де - фестиваль и марапаттау салтанаты, көрме.
29 қыркүйекте,  10.00 - 18.00 дейін көрме, қолөнер жәрменкесі.
12.00 - 15.00 дейін мастер-класстар.
30 қыркүйекте, 10.00 - 18.00 дейін көрме, қолөнер жәрменкесі.