Молдияр Ергебеков. Әйел және өнер немесе FemAgoraCA-ға шақыру
Фильмге адам баласының бүркітті қолға үйретуі арқау болған. Оқиға желісі бойынша адам мен құс бір-біріне сенім білдіре отырып, бауыр басады. Сонымен қатар, фильмде қазақтың саятшылық дәстүрі де суреттеледі.
«Қазақтар бес жасар бүркітті Мұзбалақ деп атайды. Бұл фильммен авторлар бүркіттер және олармен аңға шығу салтын көрсетуді көздеген. Фильм қазақ тілінде жасалып, орыс тіліне дубляждалған. Кинотеатрларға фильм екі тілде шығатын болады», - деді «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева.
Екі жыл көлемінде жасалған бұл фильмде 40-қа жуық кинематографияның осы жанрында еңбек етіп жүрген отандық мамандар істеген. Ұзақтығы 65 минут құрайтын мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Әділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.
Аннотация:
Ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналап келе жатқан абжылан оянып, жер бетіне шығып, маңайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады. Ақыры абжылан қайта жер астына қашып жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылып, өзінің айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді...
Анықтамалық ақпарат:
Атауы: «Мұзбалақ»
Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Жанры: толықметрлі анимациялық фильм
Тілі: қазақ
Қоюшы-режиссерлері: Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы
Сценарий авторлары: Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Әбілда
Қоюшы суретшілері: Адай Әбілда, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы
Композиторы: Әсет Даненов
Монтаж: Тілек Төлеуғазы
Фильм директоры: Ербол Бораншы
Дыбыс режиссері: Жеңіс Екпін
Редакторлар: Жамаш Ержанат, Салтанат Дүнгенбаева
Мәтін редакторы: Болат Жетекбай
Дыбыстарды жазған: Сергей Фигнер
Дыбыс үйлестіруші:Виталий Ткаченко
Қоюшы-режиссерлердің фильмографиясы:
Тұрдыбек Майдан
1999-2001 ж. Қытайдың Шәндұң өлкесіндегі Хызы қаласында көркем сурет колледжын оқыған. 2005-2010 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Анимация режиссурасы» мамандығын бітірген.
Фильмографиясы:
«Әлін білмеген» - 2008(4 минут)
«Ақ қаз» - 2010(10 минут)
«Тастүлек» - 2014( 23 минут)
«Бақыт жолында» - 2015(12 минут)
«Мұзбалақ» - 2017(65 минут)
Тілек Төлеуғазы
2006 - 2011 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын да «Анимация режиссурасы» мамандыған бітірген.
Фильмографиясы:
«Нүктелер» - 2009 (3 минут)
«Бөгде» - 2010 (6 минут)
«Тастүлкк» - 2014 (23 минут)
«Иесі оралған мысық» - 2015 (12 минут)
«Мұзбалақ» - 2017(65 минут)
КОЛУМНИСТТЕР
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
16 Ақпан Алматы мемлекеттік қуыршақ театры театр фестивалінде бақ сынамақ
-
30 Қаңтар Мүсірепов атындағы театрда "Құпия" қойылымының премьерасы өтеді
-
29 Қаңтар Заманауи дигиталды графика өнерінің ерекше көрмесі ашылады
-
26 Қаңтар «UPDATE» қайырымдылық көрмесі ашылады
-
24 Қаңтар Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
СҰХБАТТАР
-
20 Маусым Жасұлан Сақаев: Алатау театры – мен үшін ақжолтай өнер ордасы
-
19 Сәуір Берік Жәменов: Өнер адамына керегі – кеңістік, ізденіс, бостандық
-
7 Сәуір Ділшат Рахматуллин: Толықметрлі мультфильм түсіріп әлемдік прокатқа шығу жоспарымыз бар
-
7 Сәуір Тілектес Мейрамов: Істі бітірем деушілер көп, бітіретіндер аз
-
3 Сәуір Бақыт Срайлов: Облыстық театрларға кәсіби жоғары білімді мамандар жетіспейді