"28theatre" Халықаралық театр фестивалінен "ГРАН-ПРИ" иеленді

Театр өнеріне қадам басқанына аз ғана уақыт болса да Азамат Сатыбалды бастаған "28theatre" ұжымы бірнеше белестерді бағындырып үлгерді.

Қазақстандық театр фестивальдерінде үздік өнер көрсетіп жүрген ұжым Мәскеуде 5-9 қазан аралығында өткен "Подмосковные вечера 2018" атты VI Халықаралық театр фестивалінде жүлдегер атанды. Г.Бюхнердің "Войцек" қойылымымен (реж.Дина Жұмабай) қатысып, Бас бәйге "Гран При" мен қоса "Үздік актерлік ансамбль" номинациясын да қанжығаларына байлады. Ресейлік театр майталмандары Андрей Пронина, Елена Шанина, Татьяна Тихоновец қазылық еткен фестивальге қатысуға ресейлік және шетелдік 150 ге жуық театр өтініш білдіріп, олардың ішінен таңдалып алынған 8 үздік спектакль сахнаға жол тартты.

Спектакльде ойнаған құрамды атап айтар болсақ: Азамат Сатыбалды (Войцек), Ажарлым Бақытжанова (Мария), Данияр Базарқұлов (Дәрігер), Асан Мәжит (Тамбурмажор), Әли Марат, Нұржан Әбубәкір (Капитан) сынды белгілі актерлер сомдаған.

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет