Астанада «Аладиннің сиқырлы шамы» қойылымының премьерасы өтеді

2018 жылдың 10-11 қараша күндері сағат 11:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан, 13) Нина Гернеттің шығармасы негізінде «Аладиннің сиқырлы шамы» ертегі премьерасын ұсынады.

Қойылым ержүрек бозбала Аладиннің Будур ханшаға деген мөлдір махабаты жолындағы тосқауылдарға төтеп берген оқиғасын баяндайды. Алдымен бозбала зұлым Визирмен шайқасқа түседі.... Адамның қалауы – бұл дүниедегі еліктіргіш құбылыстың бірі. Олар мейірімді және өте қауіпті болады. Тек жеңіл қол жеткізгендегі арманы емес. Шынайы сәттер – ғажайып әсер береді. Дәл осы салдардан  Аладдин талай таңғаларлық оқиғаларды бастан кешеді. Шығыстың  ертегі қиял әлеміне саяхаттайсыздар. Онда әрбір сөз – әуезді әндей, ал әрбір қимыл – назды би тәрізді. Мұның барлығы «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісінде бар!

8 Қараша 2018
21
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет