Астанада Қондыбайтану оқулары аясында II Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

Маңғыстау облысының әкімдігі мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 2019 жылдың 28 мамырында дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Қондыбайтану оқулары аясында «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» тақырыбына II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Астанада Қондыбайтану оқулары аясында II Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

Конференцияның мақсаты: Арғықазақ мифологиясын зерттеудің негізін салушы, артына мол ғылыми еңбектер қалдырған, біртуар ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және оның әлемдік ғылымдағы орынын айқындау.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

  1. Серікбол Қондыбайдың шығармашылық мұрасы және көшпелілер өркениетінің жаһандық әлемдегі орны;
  2. Серікбол Қондыбай шығармашылығы: білімді бодандықтан босату жолы;
  3. Мифтің ақпараттық, коммуникациялық, тарихи және саяси-мәндік қызметі.

Конференция жұмысына ғалымдарды, өлкетанушыларды, докторанттар мен магистранттарды, ізденушілерді, мемлекеттік қызметкерлерді, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі. Конференцияда пленарлық, секциялық мәжілістер ұйымдастырылады.

Конференция баяндамалары 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Конференцияның ғылыми мақалалар жинағы тегін шығарылады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Ақтау қаласы, 130000, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы.

Факс: 8(7292) 427754. Е-mail: konbal55@mail.ru. Электрондық нұсқа міндетті. Ұялы байланыс: +7 778 431 4625  Балсұлу Қондыбай.

Ұйымдастыру  комитеті.

Конференцияға қатысуға өтініш беру

  1. Тегі, аты-жөні
  2. Баяндама тақырыбы
  3. Мемлекет, қала
  4. Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)
  5. Қызметі, ғылыми дәрежесі / ғылыми атағы
  6. Мекенжайы, байланыс телефоны, электронды пошта (e-mail)