Төлепберген Тоқжановтың «Көшпенділер» атты алғашқы жеке шығармашылық кеші өтеді

5-сәуір күні ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-композитор, қауымдастырылған профессор - Төлепберген Тоқжановтың «Көшпенділер» атты алғашқы жеке шығармашылық кеші өтеді.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған кеште ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері – Еркін Шүкімән және Гүлзат Дәуірбаева, ҚР Мәдениет қайраткері – Ержан Әлімбетов, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары – Тахауи Рахметов, Салтанат Құдайбергенова, Әсел Рахымжан, Әсел Исаева, Әбілқайырхан Бейсеков өнер көрсететін болады.

Кеш қонақтары: ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері – Еркін Нұрымбетов, «Классика» шекті аспаптар квартеті және «Хазар» этно-фольклорлық  тобы.

Дирижер – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері – Абылай Тлепберген.

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 05 сәуір, сағат 19.00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 38

5 Сәуір 2019
190
0
0