Қазақ тіліне аударылған жаңа 30 оқулық таныстырылады

18 сәуірде Алматыда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына арналған конференция өтеді.

Жиында жобаның екінші кезеңінде аударылған 30 оқулық таныстырылады.

Конференцияға кітаптарды аударып, редакциялауға ат салысқан ғалымдар, аудармашылар мен редакторлар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының өкілдері қатысады.

Өтетін уақыты: 18 сәуір, сағат 15.00

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы, 4-қабат

«Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ баспасөз қызметі

+7 707 345 64 91, press@100kitap.kz

18 Сәуір 2019
228
0
0