Қазақ тіліне дубляждалған «Аладдин» фильмі үлкен прокатқа шықты

2019 жылдың 23 мамырынан бастап қазақ тілінде дубляждалған «Аладдин» фильмі көрерменге жол тартты.

Туындының алғашқы көрсетілімі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтті. Көрсетілім алдында Алматыда дубляж актерлерімен баспасөз конференциясы өтті. Олардың арасында Джафардың рөлін дубляждаушы - Нұрлан Әлімжан, Жынның рөлін дубляждаушы - Дәурен Серғазин. Сондай-ақ, рөлдерді дубляждағандар: Айсұлтан Жәлиев (Аладдин), Шехназа Қызыханова (Жасмин), Арай Омарова (Далия), Тілектес Мейрамов (Сұлтан), Жанат Оспанов (Андрес ханзада), Нартай Сауданбек (Хакім). Барлығы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан 50-ден астам актерлер кастингке қатысты.

«Өзіңнен баста» жобасына алғаш рет қатысқан Нұрлан Әлімжанның айтуынша, кейіпкерлерді дубляждау оңай емес. «Дубляж - актер болудан гөрі қиынырақ»,-деді ол баспасөз конференциясында.

Шараға сондай-ақ, фильмге қазақ тіліндегі саундтрек жазған әнші Динара Сұлтан қатысты. Оның орындауы ITunes альбомдық нұсқасына кіреді. Фильм көрсетілімінен кейін әнші алғаш рет фильмнің барлық тректерінің композиторы Алан Менкеннің тыңдаушыларына «Speechless» әнін ұсынды.


Алматыдағы көрсетілімді  «Өзіңнен баста» жобасының идеялық шабыттандырушысы, «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек ашты. Ол атап өткендей, ең күтілетін голливудтық фильмдер мен мультфильмдерді мемлекеттік тілге сапалы толыққанды дубляждау бойынша жоба сегіз жыл бойы қызмет етіп келеді және балалар мен жастар арасында қазақ тілін дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ бәсекеге қабілетті контентті құруға ықпал етеді.

Нұр-Сұлтандағы премьерада «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Шайжүнісова қазақ тілі өзінің «шетелдік әріптесінен» әлдеқайда ұзағырақ, сондықтан аудармашылар мен мәтінді «жинастырушыларда» қиындық тудыруы мүмкін», - деп атап өтті. — «Кейде әзіл-сықақтың бейімделуі өте қызықты. Мысалы, «Ральф интернетке қарсы» / «Ральф против интернета» мультфильмінде Роза Рымбаеваны еске алу сәті болды…  Мәтіннің бейімделуі -қиын сәт. Бізбен қазақтанушылар әдеби тілді қолдануға қатысты жиі айтысады. Біз тілдің қарапайым және қолжетімді болуы тиіс екенін түсіндіреміз.

Көптеген сарапшылар актер үшін белгілі бір жағдай болған кезде фильмді дыбыстау қиын екенін біледі және түсінеді. Дубляждаушы адам тембральды үйлесуі керек. Ол дыбыс жазу кабинасында болады, бірақ оған сену үшін рөлге әбден төселуі керек. Бізде режиссер бір эпизодты он рет қайталауға мәжбүр еткен сәттер болды».

Динара Шайжүнісованың айтуынша, фильмдерді аудару жобасы — «жай ғана дубляж емес, ең алдымен, қазақ тілін қолдану саласын кеңейту, оны ілгерілету және қазақстандық азаматтардың қазақ тіліндегі әлемдік студиялар контентіне қол жеткізу құқығын жүзеге асыру жөніндегі жоба».

«Аладдин» фильмі  «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясы бастамашылық еткен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалды. Жоба серіктесі: «Aray Media Group» студиясы. «Аладдин» фильмінің дубляжының демеушісі BI Group компаниясы болды.

Айта кетейік, «Өзіңнен баста» жобасының арқасында бүгінде 100-ден астам отандық актерлер "Walt Disney Pictures" дауыстық базасында тұр.

Қазақ тілі түрік тілінен кейінгі дубляжда екінші түркі тілі және «Walt Disney» компаниясының тарихында 39-шы; «Sony Pictures» үшін — 7-ші болды. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-да көру үшін қолжетімді голливудтық фильмдердің 7 негізгі тілдеріне кірді.

«Өзіңнен баста» жобасын іске асыру кезінде қазақ тіліне 29 Голливуд кинокартинасы дубляждалды, олардың ішінде:«Тачки-2»/«Көліктер 2», «Мстители-2: Эра Альтрона»/«Кек алушылар: Альтрон дəуірі», «Храбрая сердцем»/«Батыл жүрек», «Тайна Коко»/«Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента» және т. б..

Әлемдік кино жұлдыздары - Уилл Смит «Қара киімділер 3» («Люди в черном 3» 2012 ж.) ғылыми - фантастикалық комедиясында, Джонни Депп «Жалғыз Рейнджер» («Одинокий рейнджер» 2013 ж.) шытырман оқиғалы вестернде және Анджелина Джоли «Малефисента» (2014 ж.) мистикалық блокбастерінде қазақ тілінде сөйледі. Барлығы: «Walt Disney Pictures»/ «Pixar» студиясының 13 анимациялық фильмдері және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd. және Marvel Studios Inc студияларының отбасылық көрсетілімге арналған 16 фильмі.

«Аладдин» фильмінің қазақстандық тұсаукесері: 23 мамыр 2019 ж.;
Әлемдік тұсаукесері: 22 мамыр 2019 ж.
Өндіруші: «Walt Disney Pictures»
Режиссер: Гай Ричи
Жанры: мюзикл, фэнтези, отбасылық, мелодрама, комедия.
Продюсерлері: Дэн Лин, Иван Аткинсон, Кевин Де Ла Ной, Джонатан Эйрих, Макс Кин, Карл МакМиллан, Марк Мостин, Марк Э. Платт.
Композиторы: Алан Менкен
Фильмнің ұраны: «Тiлектер орындалады!»
Актерлер: Мена Массуд, Наоми Скотт, Уилл Смит, Марван Кензари, Навид Негабан.

Дубляж туралы ақпарат:
Студия: «Aray Media Group»
Қазақ дубляжының режиссері: Шах-Мұрат Ордабаев
Аудармашы: Әсел Мамырова
Мәтіндерді жинақтаушы: Сауыртаева Гүлжан, Шах-Мұрат Ордабаев.
Басты рөлдерді дубляждағандар: Айсұлтан Жәлиев (Аладдин), Шехназа Қызыханова (Жасмин), Дәурен Серғазин (Жын), Нұрлан Әлімжан (Джафар), Арай Омарова (Далия), Тілектес Мейрамов (Сұлтан), Жанат Оспанов (Андрес ханзада), Нартай Сауданбек (Хакім).

«Өзіңнен баста» жобасының онлайн-серіктесі - Ресей мен ТМД-дағы ең ірі ivi онлайн-кинотеатры, мұнда арнайы бөлімде 20-дан астам голливудтық картиналарды қазақ тілінде көруге болады! «Аладдин» — Голливуд фильмдерін туған тіліне көркем дубляждау жобасы аясындағы 29-шы фильм. Цифрлық құқықтар ашылғаннан кейін таспа ivi сервисінде Қазақстан тұрғындары үшін де қолжетімді болады.

23 Мамыр 2019
1032
0
0