Алматыда «Prima Nota Fest» атты жас музыканттар байқау-фестивалінің финалы өтеді

1 маусымда Алматыда «Prima Nota Fest» атты жас музыканттардың бірегей республикалық академиялық байқау-фестивалінің финалы өтеді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен шараның құрылтайшысы және көркемдік жетекшісі Зарина Алтынбаева.
Алматыда «Prima Nota Fest» атты  жас  музыканттар байқау-фестивалінің  финалы өтеді

Жоба классикалық өнерді дамытуға және балалар шығармашылығын өрістетуге бағытталған. Қазақстанда баламасы жоқ. Ұйымдастырушылар 200-ден астам өтініш қабылдады. Екінші кезеңге  еліміздің 12 қаласынан 7 мен 14 жас аралығындағы 45 бала өтті.

Байқауға өтінім еліміздің барлық аймақтарынан қабылданды. Басқа қаладан келушілерді  ұйымдастыру комитеті  жол ақысы мен байқау өткен  уақыттағы Алматы қаласында жатын орнымен қамтамасыз етті.

Балаларды қорғау күні финалистер тыңдаудан өтіп, Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залының сахнасында өнер көрсетеді.

Әділ қазылар алқасы: қазылар төрайымы - Зарина Алтынбаева; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясының  ансамбльдік өнер кафедрасының профессоры, скрипкашы - Анвар Акбаров; ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің дирижері, пианист - Ерболат Ахмедьяров; пианист, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының  концертмейстері - Марина Алтухова; Оңтүстік Кореядағы LG филармониялық оркестрінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Ли Сангчол қатысушыларды үш аталым бойынша бағалайды: академиялық вокал, фортепиано және ішекті аспап (скрипка).

31 мамырда акустикалық репетициялар басталады, сондай-ақ жеребе тасталады. Келесі күні байқаудағы тыңдалым өтеді.

1 маусымда сағат 19.00-де қонақтарды гала-концерт пен байқау лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсіміне шақырады. Жүлделі орынға ие болмаған балалар   қатысушы дипломымен марапатталады.

Сондай-ақ финалистерге демеушілерден жүлделер мен сыйлықтар беріледі. Бас жүлде иегері әлем мойындаған мэтрдің шеберлік сыныбынан өтіп, жеңімпазға арналған  мүсіншені алады.

- республикада балалар үшін  көптеген  шығармашылық байқаулар  өткізіледі. Алайда  біздің байқаудың басты ерекшелігі балалардың классикалық  жанрда өнер көрсетуі болып тұр- дейді  Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет  театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаева. - « Мен  біздің елде классикалық орындаушылық  өнерді зерттеп жүрген  дарынды балалардың көп екеніне сенімдімін. Алайда олардың өздерін үлкен академиялық алаңдарда көрсететін мүмкіндіктері үнемі бола бермейді. Мен үшін – жас дарындары анықтап, олардың ары қарай дамуына, өздеріне сенулеріне мүмкіндік беріп, ынталандырумаңызды».

Фестивальді жыл сайын өткізу жоспарда бар. Ұйымдастырушылар байқау өзге елдерде қызығушылыққа ие болып, халықаралыққа айналады деп сенеді.

Байқау Алматы әкімдігінің қолдауымен және LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының демеушілігімен  ұйымдастырылды.

Фестиваль серіктестері: «Рахат» АҚ және «Жигалма» ЖШС, ( «Настоящий Буратино» ) мен («Компотай») сауда  белгілері.

Ақпарат үшін мәлімет:

Зарина Алтынбаева - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет  театрының жетекші солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты,  былтыр Жапонияда өткен «Tokyo Music Competition» атты халықаралық байқауда 1-ші орын мен көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алған.

2017 жылы Алматыда өткен Халықаралық Қысқы универсиаданың ашылу салтанатында Димаш Құдайбергеновпен дуэт айтты.

- «Star of Asia» және «Жыл адамы» беделді  марапаттарының иегері.

Күні: 31.05.2019.

Уақыты: 11:00.

Орны: Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясы (Үлкен концерт залы,бірінші қабат) Абылай хан, 86.

Аккредитация үшін байланыс: + 7 707 6183956