Тұңғыш Президент Қоры 2019 жылдың студенттік шәкіртақылар конкурсын жариялады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қазақстандық студенттерден дербес шәкіртақылар тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғандығын жариялайды.
Тұңғыш Президент Қоры 2019 жылдың студенттік шәкіртақылар конкурсын жариялады

Өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 27 мамырынан басталады және 28 маусымына дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысуға кез келген бағыттағы жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінің студенттері, сондай-ақ шығармашылық орта-кәсіптік оқу орындарының оқушылары шақырылады. Шәкіртақыға үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

Конкурстың жеңімпаздарына жаз мезгілін қоспағанда, бір жыл бойы ай сайын дербес шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы көлемін Қор белгілейді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: 

  • Екіден кем емес оқу курсын сәтті аяқтағаны туралы растама;
  • Академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштері;
  • Оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысу;
  • Студенттер мен оқытушылар арасында беделді.

Конкурс кезеңдері:

  • Бірінші кезең оқу орнының ішінде олар белгілеген тәртіпте өткізіледі- шәкіртақы алуға шығару үшін студенттерді іріктеу.
  • Екінші республикалық кезеңді оқу орындары шығарған студенттер арасында Қор өткізеді.

Республикалық кезеңге қатысу шарттары:

Екінші кезеңге қатысу үшін шәкіртақыларды тағайындау ережелерімен танысу, өтінім толтыру және Қордың конкурстық комиссиясына жолдау қажет.

  • Ережелерді жүктеп алу.
  • Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеп алу.
  • Өнер және мәдениет оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеп алу.

Рәсімделген өтінімдер мен құжаттардың толық пакеті мына мекен-жай бойынша жолданады:

A25T0H5, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Иванилов к-сі, 12А – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры.

Анықтамалар үшін байланыс нөмірлері: 

  • Едігеева Роза Мақашқызы, +7 (727) 220-92-24, roza@fpp.kz
  • Исмаилов Тимур Мұратұлы, +7 (727) 220-92-14, tismailov@fpp.kz