"Қазақстан мүсін өнерінің дамуындағы Е.А.Сергебаевтың рөлі" онлайн конференциясы өтеді

"Қазақстан мүсін өнерінің дамуындағы Е.А.Сергебаевтың рөлі" онлайн конференциясы өтеді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі мүсінші, профессор Е.А. Сергебаевтың 80 жас мерейтойына арналған «Қазақстан мүсін өнерінің дамуындағы Е.А. Сергебаевтың рөлі» тақырыбындағы Халықаралық Онлайн-Дөңгелек үстел бағдарламасы 27 қазан сағат 15.00-де өтеді.

Модератор – профессор Б.Н. Байділда.

1. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев (құттықтау сөзі);

2. Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-сы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Көркемсурет» кафедрасының профессоры Бауыржан Нұрбекұлы Байділда (құттықтау, қонақтармен таныстыру);

3. Профессор Е.А. Сергебаевтың 80-жас мерейтойына арналған видеофильм көрсетілімі (дайындаған Ак. профессоры Б.Н. Байділда);

4. ҚР өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, ҚР көркемсурет академиясының Президенті, профессор Амандос Әтибекұлы Ақанаев (құттықтау сөзі);

5. Замандасы, әріптесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, монументалды кескіндеме суретшісі, Владимир Сергеевич Твердохлебов (құттықтау сөзі);

6. Замандасы, әріптесі, белгілі мүсінші, ҚазКСР өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, доцент Вагиф Юсупович Рахманов (құттықтау сөзі);

7. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі, Ресей көркемсурет академиясының жанындағы В.И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік академиялық көркемсурет институтының доценті, Мүсін факультетінің деканы Галим Жиембаевич Долмогомбетов (құттықтау сөзі);

8. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Қабыл Заманбекұлы Халыков (құттықтау сөзі);

9. Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Т.Садыков атындағы Қырғыз Республикасының ұлттық көркемсурет академиясының проректоры, профессор, мүсінші Айдар Усукеевич Усукеев (құттықтау сөзі);

10. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұлов (құттықтау сөзі);

11. ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Бахытбек Акажанулы Мухаметжанов (құттықтау сөзі);

12. Өнертану кандидаты, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-сының профессоры, «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі Қалдыгүл Серікбайқызы Оразкулова (құттықтау сөзі);

13. Әріптесі, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры Малик Сұлтанұлы Жунисбаев (құттықтау сөзі);

14. Шәкірті, өнертану ғылымдарының магистрі Қуаныш Бейбітұлы Абдрешовтің баяндамасы;

15. Ә. Қастеев ат. Мемлекеттік өнер музейі, Қазақстан бейнелеу өнері бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлнұр Алпысбайқызы Жұбанова баяндамасы;

16. «Мүсін» мамандығының 2-курс магистранты Ақылбек Дәулетбекұлы Шәкен баяндамасы;

17. «Мүсін» мамандығының 5-курс студенті Бекарыс Қалмахан баяндамасы.

Халықаралық Онлайн-Дөңгелек үстел аяқталуы, жабылуы.

Жалпы уақыты: 1,5 сағат.

Өткізілетін күні: 27 қазан 2020 ж. сейсенбі күні сағат 15.00 – 16.30. Дөңгелек үстел ZOOM платформасында өтеді.

Онлайн кездесудің идентификаторы – 97078890298, құпия сөзі - 2730

Ұйымдастырушылар: Ғылыми-редакциялық бөлім және «Көркемсурет» кафедрасы

Іс-шара 2020 ж. 26 - 30 қазан аралығында Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-да өткізілетін «Қазақстанның шығармашылық білім берудегі ғылым мен өнер» тақырыбы бойынша студенттерге арналған ғылыми онлайн-дөңгелек үстелдер апталығы шеңберінде ұйымдастырылады.

АНЫҚТАМА

Сергебаев Ескен Аманжолұлы - 1940 ж. Алматы қаласында дүниеге келген. Ресейдің И.Е. Репин атындағы СПбМАКМСИ түлегі, ҚР СО мүшесі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, ҚР ЖАК профессоры.

Орта кәсіби білімді Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет  училищесінде ұстазы Х.Е. Наурызбаевтан алса, жоғары кәсіби білімді Ресейдегі Ленинград қаласында И.Е. Репин атындағы мемлекеттік академиялық институтында В.П. Пинчук,  М.К. Аникушин секілді кеңестік белгілі мүсіншілерден алып шеберлігін шыңдаған. Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген өнер кайраткері, еліміздегі мүсін өнерінің хас шеберлерінің бірі Ескен Сергебаевтың шығармашылығы көпшілік қауымға жақсы таныс. Профессор Е.А. Сергебаев ұстаздық қызметті 1969 - 1974 ж. Алматы көркемсурет училищесінен бастап, 1978 - 1993 жылдары Алматы театр және көркемсурет институтында, қазіргі кезде Т.Жүргенов атынд. ҚазҰӨА-сында сабақ беріп келеді. 1960 жылдан бастап жасаған мүсіндерімен көрмелерге қатысуда. Ол станоктік, монументалды, монументалды-сәндік мүсін саласында көптеген туындылар жасап белгілі болды. Атап айтсақ: Абай, М. Әуезов, әл-Фараби, H. Байғанин, I. Жансүгіров,  «Махамбет пен Исатай» монументалды кешендегі «Қазақ эпосы» рельефтік композициясы, Д. Қонаев, Б.Бисекбаев, Б.Соқпақбаев, С.Торайғыров, «Әлия Молдағұлова» монументалды кешендегі рельефтік композиция, Н. Тілендиев, Әбілқайыр хан, Т.Жүргенов, А.Тоқпанов, «Дос-Мұқасан ансамблі», Сағадат Нұрмағанбет, Құлымбетов Ұзақбай, Нұртас Ондасынов сияқты көптеген отандық тұлғаларға  арналған шығармашылық еңбектерімен белгілі. Профессор Е. Сергебаевтың елге белгілі болып жемісті еңбектеніп жүрген шәкірттері өте көп, соның ішінде бүгінгі белгілі болып жүргендерін айтсақ, Қалиев Нұрбол, Жұмағұлов Талғат, Орманбеков Ақылбек сияқты шәкірттерінің туындылары сұранысқа ие болып отандық өнерді дамытуға өз үлестерін қосып жатыр. Жалпы, шебер мүсінші Е.Сергебаевтың болмыстық қасиеттері мәдени-рухани ізденістерде айкын көрініс тауып, төлтума, ұлттық рухы биік, ой-тұжырымы берік жаңа туындылар иесі атанды. Оның еңбектері қазақ халқының тарихын ұлы тұлғалары арқылы зерделеуге талпындырады.

Негізгі монументалды мүсін ескерткіштері:

  • «М. Әуезов ескерткіші», М. Әуезов атынд. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Алматы қ., 1980 ж.;
  • «Әбу Насыр Әл-Фараби», Шымкент қ., 1998 ж.;
  • «Нұрғиса Тілендиев», Алматы обл., Жамбыл ауылы, 2000 ж.;
  • «Әбілқайыр Хан», Ақтөбе қ., 2001 ж.;
  • «Әбу Насыр Әл-Фараби», Әл-Фараби атынд. ҚазҰУ, Алматы қ. 2004;
  • «Ахмет Жұбанов», Ақтөбе қ., 2008 ж.;
  • «Т.Қ. Жүргенов» ескерткіші, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА ғимараты алдында, Алматы қ., 2001 ж.;
  • «Сұлтанмахмұт Торайғыров», Павлодар қ., 2003 ж.;
  • «Әлия Молдағұлова» ескерткішіндегі барельеф, Ақтөбе, 2005 ж.;
  • «Исатай және Махамбет» кешеніндегі барельеф, Атырау қ., 2005 ж.;
  • «Сәрсен Аманжолов», Өскемен қ., 2006 ж.;
  • «Дос-Мұқасан», Павлодар обл., Баянауыл, 2008 ж.;
  • «Абай Құнанбаев», Өскемен қ., 2009 ж.;
  • «Асқар Тоқпанов», Алматы қ., 2015 ж. және т.б. көптеген бюсттік және станоктік мүсіндер авторы.