"Бүгінгі Қазақ бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыт және көркемдік ізденістер" атты дөңгелек үстел өтеді

2017 жылы 28 қараша күні, сағат 15:00-де Oner.kz – өнертанымдық порталының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен «Бүгінгі Қазақ бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыт және көркемдік ізденістер» атты дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараның мақсаты:

  • Жас суретшілерді қолдау;
  • Шығармашылығын насихаттау;
  • Көркемдік деңгейін бағалау, даму бағытын және жаңа тенденцияларды анықтау.

Қарастырылатын негізгі мәселелер:

  • Соңғы жылдары бейнелеу өнеріндегі креативт идеялар мен бағыттардың ұстанымдары;
  • Жас суретшілер туындыларының ерекшелігін айқындау;
  • Республикалық деңгейдегі артфестивальдердің шығармашылық жұмысына шолу;
  • Жас суретшілердің қазіргі Қазақ бейнелеу өнерінің өркендеу бағытына көзқарастары.

Жас суретшілердің көрмелерін талдау:

  • 100 де 100 – «Мен заманымның куәгерімін» көрмесі;
  • ЖасStar “Болашаққа көзқарас” жас суретшілер көрмесі;

Қатысушылар:

  • Қалдыгүл Оразқұлова - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты, профессор (модератор).
  • Жұмақын Қайрамбаев – суретші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» кафедрасының  профессоры.
  • Өмірбек Жұбаниязов - Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы міндетін атқарушы.
  • Талғат Тілеужанов суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
  • Гүлнар Жұваниязова – өнертанушы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің «Қазақтың қолданбалы-сәндік өнері» орталығының аға-ғылыми қызметкері.
  • Зухра Ыдырыс – өнертанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы.
  • Самал Мамытова – өнертанушы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің «Қазақ бейнелеу өнері» орталығының жетекшісі.
  • Ақбота Ілиясжанқызы – өнертанушы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің «Менеджмент және сыртқы байланыс» орталығының маманы.
  • Тоғжан Құттығаева – Суретші, графикалық дизайнер, арт-менеджер, Қолөнершілер одағының координаторы.
  • Жанна Тыныбекова – суретші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Витраж өнерi лабораториясының меңгерушiсi, "Кескiндеме және мүсiн" кафедрасының оқытушысы.
  • Алмас Мұстафа – суретші, қолөнер шебері
  • Шаттық Батан – суретші.
  • Оралбек Қабөке – ҚР суретшілер одағының жас суретшілер бірлестігі төрағасы.
  • Мақсат Әли – суретші.
  • Өскенбай Мәлік – мүсінші, О.Таңсықбаев ат. Алматы сəндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы.
  • Әлия Қабиқожаева суретші.
  • Әли Бақтыгереев – суретші.
  • Ержан Танаев – суретші.
  • Алмас Нұрғожаев – суретші.

Ұйымдастырушы: Oner.kz – өнертанымдық порталы. Жоба авторы, бас редакторы – Әннәс Бағдат.

Мекен-жайы:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Кіші конференц-зал, 2-ші қабат, М.Ганди көшесі, 10

Іс-шараға тіркелу үшін:

Аты-жөні: Ақбота Ілиясжанқызы

Тел: 8 747 181 51 26

Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет