Бішкекте бесінші "Үміт" форумы өтеді

2017 жылдың 18-20 желтоқсан айы аралығында Бішкек қаласында бесінші "Үміт" – ТМД елдер киносының форумы өтеді.

«Үміт» форумы Қырғызстандағы адамгершілік, тәрбие және мәдениет жылына арналады. Форумның басты мақсаты – ТМД елдерімен өзара байланыс орнату, мәдениет пен кинематография саласындағы дарынды жастарды қолдау болып табылады.

Конкурстық бағдарлама үш секциядан құралды: «Ұлттық конкурс», «Халықаралық конкурс», «Анимациялық фильмдердің ұлттық конкурсы». 

Форумды Қырғызстан Республикасының Мәдениет және туризм министірлігінің қолдауымен Кинематография Департаменті өткізіп отыр.

Халықаралық байқауда Қазақстаннан төрт фильм көрсетіледі: «Шыңырау» реж. Рахымжан Қалдыкөз, «Кішкентай қаладағы оқиға» реж. Асылхан Шакенов, «Жол» реж. Евгений Лумпов, «Мен оралдым» реж. Жайық Белқожаев.

Форумда қазылар алқасының үш құрамы жұмыс істейді.

1. Ұлттық конкурстың халықаралық қазылары

  • Андрей Щиголев, Мәскеу, төраға, кинотанушы, киносыншы, ММУ-нің аспиранты, Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің қысқаметрлі фильмдер бөлімінің іріктеу комиссиясының мүшесі;
  • Мирлан Абдықалықов, Бішкек, режиссер, актер, ASPA лауреаты және академигі, Ника иегері, Ш.Айтматов атындағы жастар сыйлығының лауреаты, көптеген беделді кинофестивальдердің жеңімпазы;
  • Ержан Жұмабеков, Алматы, кинотанушы, мұғалім, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА PhD докторанты, Республикалық «Байқоңыр» қысқаметрлі фильмдер фестивалінің іріктеу комиссиясының мүшесі.

2. Халықаралық конкурстың қазылары

  • Темір Бірназаров, төраға, режиссер, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Таллин қаласында өтетін «Темные ночи» ХКФ негізгі конкурсының Гран-При иегері, беделді кинофестивальдердің лауреаты;
  • Бақыт Мукул, режиссер, актер, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, ASPA академигі, Монреальдағы ХКФ алғашқы фильмдер конкурсының Гран-При иегері, беделді кинофестивальдердің лауреаты.
  • Дастан Жапар Уулу, режиссер, оператор, ASPA академигі, Монреальдағы ХКФ алғашқы фильмдер конкурсының Гран-При иегері, беделді кинофестивальдердің лауреаты, Ш.Айтматов атындағы жастар сыйлығының лауреаты.

3. Анимациялық фильмдер ұлттық конкурсының қазылары

  • Шайлоо Жекшенбаев, төраға, Токтогул атындағы Қырғызстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, архитектор, анимациялық кино режиссері, қоюшы-суретші, фотосуретші;
  • Нұрбек Жұмақалиев, анимациялық кино режиссері, Т.Өкеев атындағы «Қырғызфильм» ХК-дағы анимациялық студияның жетекшісі;
  • Данияр Абдыкерімов, продюсер, режиссер, анимациялық кино режиссері.
17 Желтоқсан 2017
511
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет