Алматыда "Сюрприз" қойылымының премьерасы өтеді

Наурыздың 18-19 күндері Алматы қаласы, Мемлекеттік қуыршақ театрында М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ТТТ театрының директоры Асылбек Боранбайдың продюсерлігімен сахналанатын «Сюрприз» қойылымының премьерасы өтеді.

Отбасылық жағдайдан туындайтын ана мен бала, бала мен әке арасындағы мейірімділікті мәселе етіп көтере білген мелодрама қоғамда болып жатқан жас отбасылардың тағдырын таразыға салып, көрерменді мейірімділікке шақырады.

Қойылымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Асылбек Боранбай, Дулыға Ақмолда, Рахман Омар және Гүлбаһрам Байбосынова, Арай Рахмет, Ермек Бектасов, Әсет Есжан сынды актерлер өнер көрсетеді! Режиссерi Есләм Нұртазин.

Қойылымның басталуы: 19.00 де

11 Наурыз 2018
301
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет