«Қуыршақтар шақырады – 2018» театрішілік фестивалі өтеді

Мемлекеттік қуыршақ театры «Қуыршақтар шақырады – 2018» театрішілік фестивалін өткізеді.

Мемлекеттік Қуыршақ театры – республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. 1935 жылы ашылған театр ордасы таяқ қуыршақтан бастап бүгінгі заман ағымына сай күрделі марионеткалармен қатар соңғы үлгідегі теxникалық-лазерлі көркемдеулермен жабдықталған. Бүгінде ұлттың руxани қажеттілігін өтеп отырған 83 жылдық тариxы бар өнер ордасының алға қойған бағыты мен бағдары айқын. Ол – қазақтың қуыршақ театры өнерін өркендету, кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білу. Елімізде және шет елдерде өткен республикалық, халықаралық театр фестивалдерінде топ жарып жүрген өнер ошағының репертуарлық саясатының ауқымы кең.

Осы орайда, театр ұжымы 21 наурыз - Халықаралық қуыршақтар театры күніне орай алғаш рет ағымдағы жылдың 15-18 наурыз күндері аралығында «Қуыршақтар шақырады – 2018» атты театрішілік фестивалін өткізеді. Фестивальдің басты мақсаты – театр репертуарындағы 2017-2018 жылдар аралығында саxнаға жол тартқан қойылымдарды саралай отырып, қуыршақ өнерінің қоғамға әсер-ықпалын арттырып, дәстүрлі ұлттық қуыршақтарымызды жаңғырта түсу арқылы жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеу. Қуыршақ театры өнерінің дамуы жолында көркемдік-эстетикалық ізденіс көкжиегін кеңейту.

Фестиваль аясында кәсіби сарапшылар мен көрермендер назарына театр репертуарынан 8 қойылым ұсынылып, спектакль соңында талдау жасалынады. Сарапшылар қатарын: Ешмұратова Құралай Халекетқызы – режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Астана қалалық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі (Қазақстан Республикасы), Смирнов Вадим Алексеевич – режиссер, Мәскеу қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі (Ресей Федерациясы), Турдубекова Эльеонора – театр сыншысы, Ш.Айтматов атындағы Мемлекеттік ұлттық орыс театрының «Әдебиет» бөлімінің меңгерушісі (Қырғызстан Республикасы) құрайды.

Фестиваль барысында орындар төмендегі номинациялар бойынша беріледі:

–  «Ең үздік қойылым»

  • «Ең үздік актер»
  • «Ең үздік актриса»
  • «Ең үздік қуыршақ жүргізуші»
  • «Ең үздік қуыршақ дауысы»
  • «Үздік дебют»
  • «Үздік эпизод»
  • «Үміт»

Сондай-ақ, театр әкімшілігінің шешімімен қуыршақ театрын кеңінен насихаттау жолында қызмет атқарып жүрген БАҚ өкілдерінің қызметкерлері марапатталады.

Фестивальдің негізгі бағдарламасымен қатар театртанушы, өнертану кандидаты Еркін ЖУАСБЕКТІҢ Мемлекттік қуыршақ тетрының 1935-1991 жылдар аралығындағы тарихынан сыр шертетін «ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ» атты кітабының ТҰСАУКЕСЕРІ өтеді. Сонымен қатар, фестиваль аясында қойылымдардан тыс арнайы дәрістер, шеберлік сағаттар өтіп, театрдың алтын қорында сақталған қуыршақтардан көрме ұйымдастырылады.

Театр өнерін сүйер қауымды таңғажайып қуыршақтар әлеміне бірге сапар шегіп, өнер мерекесін бірге өткізуге шақырамыз!

Фестиваль бағдарламасы:

15 наурыз

  • сағат 10:00 – «Қуыршақтар шақырады – 2018» фестивалінің ашылу салтанаты, баспасөз конференциясы
  • сағат 11:00 – «Тоба» (авторы: Е.Жуасбек, режиссері: Ж.Жұманбай)
  • сағат 14:00 – «Аква ертегі» (авторы: А.Сергеев, режиссері: О.Ақжарқын-Сәрсенбек)
  • сағат 17:30 – «Ана жүрегі» (авторы: Е.Ионов, режиссері: А.Зайцев)

16 наурыз

  • сағат 11:00 – «Құлыншақ пен бөлтірік» (авторы: Ж.Омаров, режиссері: Р.Жаныманов)
  • сағат 14:30 – «Дәрумен» (режиссері: Г.Ілиясова)
  • сағат 17:30 – «Мен деп ойла...» (авторы: М.Мақатаев, режиссері: М.Тәуекелова)

17 наурыз

  • сағат 11:00 – «Сағыныш шөбі» (авторы: Р.Отарбаев, режиссері: Р.Жаныманов)
  • сағат 12:30 – театр артистерінің өзіндік шығармашылық жұмысы
  • сағат 17:30 – «Ана-Жер ана» (авторы: Ш.Айтматов, режиссері: Д.Жұмабаева)

18 наруыз:

  • сағат 10:00 – «Қуыршақтар шақырады – 2018» фестивалінің жабылу салтанаты

Гүлім КӨПБАЙҚЫЗЫ

«Даму және көремендермен байланыс» бөлімінің жетекшісі

Байланыс телефоны: +7 (727) 234-79-21

+7 (775) 628 28 48

12 Наурыз 2018
443
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет